City University of International Partnership / State license АБ 0137478
International accreditation ACBSP (USA) / Institutional and specialized accreditation IQAA (Kazakhstan)

Экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиаданың

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАНДЫҚ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті мұғалімдер және мектеп оқушылары!

 

Қазақстан-Американдық еркін университеті 2015 жылдың 28 ақпанында 9-11 сынып оқушылары үшін Экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиаданың өткізілуі туралы хабарлайды және оның өткізілуі туралы Ережемен танысуды ұсынады.

 

 

ЭКОНОМИКАДАН ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАДАН

мектеп оқушылары арасында аймақтық олимпиада туралы

ЕРЕЖЕ

 

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы 9-11 сынып оқушылары арасында экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиада өткізеді.

I. Олимпиаданың мақсаттары және міндеттері:

-  мектеп оқушыларының экономика және информатиканы оқуға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

-  оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін айқындау;

-  мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу икемділігін дамытуға жағдай жасау;

-  жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда экономист және бағдарламалаушы мамандықтарының беделін анықтау;

-  мектеп оқушыларының жеке әлеуетін ашуға, өзін көрсетуге және кәсіби айқындалуға жағдай жасау.

II. Ұйымдастырушылық комитет

Олимпиаданың жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамсыздандырылуы ұйымдастырушылық комитеттің жұмыс тобы – «Бизнес» кафедрасымен жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылық комитеттің төрағасы – ОЖжББ бойынша вице-президент, экономика ғылымдарының кандидаты, «Бизнес» кафедрасының профессоры Конопьянова Г.А.

Ұйымдастырушылық комитеттің мүшелері:

Бордияну И.В. – «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент;

Богородская О.Г. – «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы;

Мамырбекова Д.С. – «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі;

Четтыкбаев Р.К. – «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, техника және технология магистрі.

III. Олимпиада қатысушылары

Олимпиадаға қатысуға 9-11 сынып оқушылары шақырылады.

Олимпиада шараларына мектеп оқушылары 5 адамнан құрылған құрама және бір жетекші қатысады.

IV. Аймақтық олимпиаданың ұйымдастырылу және өткізілу тәртібі

Мектеп оқушыларының Экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиадасы екі айналымда өткізіледі: іштей және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.

1. Олимпиаданың бірінші айналымы (сырттай).

Қатысушылар таңдауы бойынша берілген тақырыптардың біріне эссе жазу.

Эссе тақырыптары:

-     Еуразиялық экономикалық одақтағы Қазақстанның рөлі

-     Экономикалық дағдарыстардың алғышарттары және салдары

-     Валюталық бірлесу және валюталық одақтардың келешегі

-     Жасөспірім өміріндегі жаһандық Internet желісі

-     Ақпараттық қоғам қалыптасуының әлеуметтік аспектілері

-     Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жаһандық компьютерлік желісін құру ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі белгісі ретінде

Эссені ресімдеуге қойылатын талаптар:

Мәтін Microsoft Word редакторында терілуі тиіс, қарпі – Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралық интервал – бір, шеттері барлық жақтарынан 20 мм, жұмыс көлемі – А4 форматтағы 3 беттен артық емес. Мәтіннің түпнұсқалығы 70%-дан кем емес (плагиатқа тексеру).

 

Эсселер 2015 жылдың 23 ақпанына дейін ұйымдастырушылық комитеттің келесі электрондық мекен-жайына ұсынылады: oralbekkyzy_aigerim@mail.ru

2. Олимпиаданың екінші айналымы (іштей)

2.1 Құрамалардың бейне презентациялар сайысы

Сайыс мақсаты – құрамалар қатысушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, экономикалық және ақпараттық салаларға деген жарқын қалыпта өз көзқарастарын ұсыну, құрамалардың қатысушылары-мүшелерінің шығармашылық әлеуетін өзектендіру және жүзеге асыру; сайысқа қатысушылардың жалпы мәдениеттілігі деңгейін айқындау. Бейне презентацияларын ұсыну уақыты – 10 минутқа дейін.

2.2 Экономикадан және информатикадан тест тапсырмаларын шешу

Экономика бойынша тестілеу тақырыптары:

1. Ресурстар және қажеттіліктер

2. Экономикалық жүйелер

3. Сұраныс және ұсыныс

4. Бәсекелестік

5. Нарық және оның құрылымы

6. Жұмыссыздық

7. Инфляция

8. Экономикалық өсу

Информатика бойынша тестілеу тақырыптары:

1.Есептеу техникасының даму тарихы

2. Информатика

3.Ақпарат

4. Windows-тағы жұмыс негіздері

5. Дербес компьютердің архитектурасы

6. Интернет желісі

7. Пернетақтаның негізгі пернелері

8. Санау жүйелері

2.3 Іскерлік ойын. Қатысушыларға экономика және информатика саласында шешу үшін бірнеше өзекті мәселе ұсынылатын болады.

2.4. Блиц-сайыс. Қатысушыларға экономика және информатика саласынан келесі санаттар бойынша қиындығы әр түрлі деңгейдегі шешу үшін бірнеше сұрақ ұсынылады.

  1.   IT-дағы атақты адамдар
  2.   Заманауи операциялық жүйелер
  3.   Информатиканың негізгі анықтамалары
  4.   Microsoft Officeофистік бағдарламалар пакеті
  5.   Құдіретті Internet
  6.   Экономика тарихы
  7.   Экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаттары
  8.   Әлемдік қауымдастықтың интеграциясы
  9.   Экономиканың негізгі анықтамалары
  10.   Әлем валюталары

V. Олимпиаданың өткізілу бағдарламасы

Мектеп оқушыларының Экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиадасы 2015 жылдың 28 ақпанында Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 86 мекен-жайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу ғимаратында өтеді.

Олимпиада кестесі:

830 – 900 – қатысушыларды тіркеу;

900 – 930 – салтанатты ашылу;

930 – 1330 – олимпиада;

1330 – 1430 – қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау, олимпиаданың жабылуы.

VI. Қазылар алқасы

1. Патрик Митчел – PhD докторы, Co-Serve International қорының білім беру бағдарламаларының директоры;

2. Бордияну Илона Владимировна – PhD докторы, доцент, «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі;

3. Аллахвердиева Эльвира Адалатовна – МВА, «Казбизнесконсалтинг» ЖШС бизнесті дамыту жобаларының жетекшісі;

4. Бердибеков Азамат Бердибекулы – математика магистрі, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы;

5. Дементьев Максим Валентинович – «APARU» ЖШС инновациялар бойынша директоры.

 

VII. Жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

 

2015 жылдың 15 ақпанына дейін Экономикадан және информатикадан аймақтық олимпиадаға қатысу туралы өтінімдер 1 Қосымшаға сәйкес Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасына ұсынылады. Мекен-жайы: Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғылы, 86, оқу ғимараты, 707 аудитория немесе мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: oralbekkyzy_aigerim@mail.ru.

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастырушылық комитеттің мүшелеріне «Бизнес» кафедрасына 8-7232-49-25-12 телефоны бойынша хабарласуға (Бордияну Илона Владимировна, Мамырбекова Динара Самаркановна, Богородская Оксана Григорьевна) немесе oralbekkyzy_aigerim@mail.ru мекен-жайына жазуға болады.

«Бизнес» кафедрасының меңгерушісі                                       И.В.Бордияну


 

Қосымша 1

 

Экономикадан және информатикадан оқушылардың

аймақтық олимпиадасына қатысуға

ӨТІНІМ

Өскемен қаласы

Қазақстан-Американдық еркін университеті

28 ақпан 2015 жыл

1

Мекеменің атауы (мектеп, гимназия, лицей), білім беру мекемесінің мекен-жайы

 

2

Қатысушылардың аты-жөні (топ құрамы), сыныбы

 

3

Команда жетекшісінің (мұғалімнің) аты-жөні, байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы

 

4

Мектеп директорының аты-жөні

 
Яндекс.Метрика
© 1994-2016 Kazakh-American Free University (KAFU). All rights reserved.

 M.Gorkiy street 76, Ust-Kamenogorsk, East Kazakhstan Region, Kazakhstan, 070018

+7(7232)500-300 &nbsp  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20

kafu_ukg@mail.ru