Ғылыми-зерттеу қызметі

Қазақстан-Американдық еркін университеті өткізетін барлық ғылыми зерттеулер бірінші кезекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің қоғамдық әлеуетін арттыруға, отандық дәстүр мен қазіргі тәжірибе негізінде ғылыми және ғылыми-өндірістік зерттеулердің мазмұны мен құраламын жаңартуға, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік үрдістердің көпқырлылығы мен интеграциялануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі  ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу жобалары, ғылыми конференциялар, ғылыми семинарлар мен ғылыми үйірмелер және т.б. арқылы жүзеге асырылады.  

ҚАЕУ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі міндеттері

  1. Инновациялық қызметті дамыту, ғылыми, материалдық және қаржылық қорларды ғылыми-өндірістік міндеттерді шешуге, Қазақстан Республикасы мен аймақтың іргелі қолданбалы зерттеулер бағытталған даму мәселелерін шешуге күш салу.
  2. Ресурстарды сақтайтын және экологиялық таза технологияларды ендіру, салауатты өмір салтын сақтау, білім беру, демография және тілдік байланыс мәселелері саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамытуға инвестицияларды салу.
  3. Кафедралар мен ғылыми-зерттеу зертханаларында нарықтық ғылыми инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және жетілдіру
  4. Аймақ пен республикаға арналған жоғарғы біліктілікті мамандарды оқыту және дайындау
  5. Аймақ пен республиканың зияткерлік әлеуетін сақтап дамыту мақсатында ЖОО ғылыми ұжымдарын өндіріспен, білім беру жүйесімен, ғылыми мекемелермен біріктіру.
  6. Ааяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ендіруді тездету жолымен, патенттер санын арттыра отырып ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру.

Университетте дәстүрлі түрде өткізілетін ғылыми іс-шаралар:

«Қазіргі ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» жас ғалымдардың халықаралық форумы жыл сайын көктемде өткізіледі. Форум келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Аталмыш форум орыс, ағылшын және мемлекеттік тілде өткізіледі. Форумға қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам спикерлерден асады және олардың санының тұрақты өсімі байқалады. Студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Халықаралық ғылыми конгресс жыл сайын күзде өткізіледі.

Конгресс жұмыстары келесі бағытта жүргізіледі.

Осы аталған іс-шаралар бойынша отандық және шетелдік сарапшылардың шеберлік-сыныптары, ғылыми және білім беруден келген шетелдік мамандардың үлгілері бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі, баяндамашылардың жалпы саны орта есеппен 300-ге жуық адам және тұрақты өсу үрдісіне ие.

«Мектеп-колледж - Университет» Дөңгелек үстелінде аймақтағы білім берудің өзекті мәселелері талқыланады, панельдік сессиялар форматында өткізіледі. Дөңгелек үстел ШҚО «Өрлеу» Ұлттық педагогикалық білім беру орталығымен бірлесіп өткізіледі.

Дөңгелек үстел келесі бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді:

Қатысушылардың жалпы саны 70 адамды құрайды және тұрақты өсу үрдісіне ие.