Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Бизнес» кафедрасы

Студенттік ғылыми үйірме (ары қарай СҒҮ) кафедрадағы СҒЗЖ ұйымдастырудың негізгі құрылымдық бірлігі.  Бұл үйірмедегі жұмысты ұйымдастыру өзекті және мәселелі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізуді қарастырады. «Бизнес» кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесі   студенттердің сабақтан бос уақыттағы немесе арнайы бөлінген уақыттағы ғылыми-зерттеу қызметін қылыптастыру және ғылыми әлеуетін кеңейтуге бағытталған Университет студенттерінің ғылыми қызметінің бір түрі болып табылады.

СҒҮ – студенттердің ғылыми қызметін ұйымдастыру түрі, студенттерді ғылыми қызметке тартады, ғылыми бағытты таңдауға ықпал ету, ғылыми отырыстарды өткізу, тыңдау және баяндамаларды талқылау, студенттік және басқа да конференцияларға қатысу.

Студенттерді ғылыми-зерттеу интенсификация жолымен мамандарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау және дамыту, «Бизнес» кафедрасымен және факультетпен өткізілген ғылыми зерттеулерге қатысу; студенттердің қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес тұлғаның шығармашылық даму құқығын жүзеге асыру үшін  әр студенттің мүмкіндігін қамтамасыз ету аталған ғылыми студенттік қоғамды құрудың негізгі мақсаты болып табылады.    

2012 жылдан бастап кафедрада үш ғылыми студенттік үйірме жұмыс істейді:

«Free Programmers», жетекшісі, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Четтыкбаев Руслан Кайратович, «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің студенттік ғылыми қоғамының құрамында әрекет етеді.    Осы студенттік бірлестіктің құрылуы студенттердің қазіргі ақпараттық технология саласында теориялық сабақта алған теориялық білімді бекіту, студенттердің білімін арттыруға жағдай жасайды.   Студенттік бірлестік құрамының басым бөлігі ҚАЕУ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері болып табылады. «Free Programmers» ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында студенттер жергілікті және халықаралық деңгейдегі бағдарламалау конкурсына, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысты. Четтыкбаев Р.К. ғылыми басшылығымен және студенттердің тікелей қатысуы негізінде «Free Programmers»  мектептермен өзара әрекеті жүзеге асырылды. Аталған өзара әрекет мектеп оқушыларының қазіргі ақпарат технологиясы бойынша білім деңгейін арттыруға және дамытуға бағытталған.   Аталған ынтымақтастық базасында №24 мектепте жоғары және орта сынып (9-11) оқушылары үшін бағдарламалау курсының жобасы жүзеге асырылуда, қосымша «Бағдарламалау» пәні оқытылады. Сонымен қатар «Free Programmers» клубы мен Уваров орта мектебімен өзара әрекет негізінде мектеп оқушыларына ҰБТ дайындалуға көмек көрсету үшін  web-портал құру бойынша жоба жүзеге асырылуда (www.shkolayvarovo.kafu.kz). Сонымен қатар клубқа қатысушылар біліктілікті көтеру бойынша семинарларға қатысты.

«Туризм», жетекшісі  - «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Степанова Мария Владимировна. Үйірменің жұмысы оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Оқу бағдарламасына теориялық және практикалық сабақтар кіреді.   

Практикалық сабақтарда оқушылар келесі дағдыларды меңгерді:

  • табиғи кедергілерден өту кезінде өзін өзі сақтандыру мен сақтандыруды ұйымдастыру;
  • аспалы өткелде болу;
  • өткелді кешіп өту, сырықпен, арқанмен, бөренемен өтуді ұйымдастыру;
  • негізгі және қосымша арқанмен жұмыс: түйіндеп байлау;

Оқу бағдарламасына сәйкес өлкетану бойынша жұмыс шеңберінде қалаға, тарихи және ертедегі, қазіргі сәулет өнерінің ескерткіштеріне экскурсиялар өткізілді, мұражайлар мен сәулет объектілеріне бару жұмыстары жүргізілді. 
Демалыс күндері бір күндік жаяу жорық өткізілді, онда оқушылар туристік дағдыларды меңгеріп, туған қаланың төңірегімен танысты.
Туристік ғылыми үйірменің міндеттері төмендегідей:

  1. География, тарих, биология, ТҚН бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету, туризм және бағдарлау, картамен, компаспен жұмыс істеу дағдылары мен шеберліктерін, дәрігерге дейін көмек көрсетуді меңгеру,   төтенше жағдайларда тірі қалуды қамтамасыз ету, табиғат қорғау және экология мәселесімен танысу.  
  2. Туған өлкені, қоршаған ортаны сүюге, өзін ұжымда ұстай білуге, сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
  3. Жеке жетілу, туризм және бағдарлау бойынша тиісті спорттық разрядтарды орындау, туристік слеттарға, жарыстарға, жорықтарға, әскери ойындарға  қатысу. Кез келген жағдайда, төтенше жағдайларға дайын  ерік жігерін ояту және өз бетімен жұмыс істеу қасиетін қалыптастыру.

Оқу аяқталған соң студенттер туризмнің негізін, туризмнің негізгі ұғымдары мен терминдерін, топография мен бағдарлау негізін, төтенше жағдайларда тірі қалу негіздерін білуі қажет. Сонымен қатар дәрігерге дейін көмек көрсету жұмысын білуі шарт. Практикада қолдану үшін алған білімнің теориялық негізін, әр қилы табиғи кедергілерді жеңу тәсілдерін, туған өлке жайындағы негізгі тарихи және географиялық мәліметтерді білуі керек.    

Дағдысы болу керек: туризмнің маңызды ұғымын ұғындыру және сипаттау, ажыратып көрсету,   орында, қашықтық картасында, бағыттарда азимутты, биіктік нүктелерін анықтай білу. Туристік түйінді дұрыс қолдана білу, картада  жергілікті жерде қажетті нысандарды таба білу,  түрлі кедергілерді жеңу, соқпақтар мен ойлы-қырлы жерлермен, жолмен жүруде өзі өзі сақтандырудың әр түрлі тәсілдерін меңгеруі керек.   Қиындыққа тап болған жанға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету және оны дұрыс тасымалдау, азық түлік пен жорыққа қажетті заттарды ұйымдастыру, экскурсиялар мен жорықтардың есебін толтыра білу дағдысы болуы қажет. Жорық жағдайында өмір сүру, түнейтін орынды таңдай білу, қолдағы материалдармен  паналау жабдығын құра білу, алау жағатын орын табу және жағу,  ас әзірлеу, су табу, кір суды фильтрден өткізу, бақылау, сынақ, тәжірибе жүргізу, қорқынышты жеңу, күтпеген жағдайларға дайын болу.      Табиғатта жорықта жүргенде компаспен, компассыз, картамен, картасыз, жұлдыздардың көмегімен және табиғи бағдарлаудың көмегімен күндіз, түнде   бағдарлау дағдысын меңгерулері шарт. Әр түрлі мазмұндағы картаны оқу дағдысы, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу және салауатты өмір салтын ұстану дағдысын жүргізу, өзара көмек пен ынтымақтастық дағдаларын меңгеруі керек.   Туризмді зерттеу нәтижесі-жан жақты дамыған дені сау адам қалыптасады. 

«Заманауи Қазақстан жағдайында қаржы-экономикалық қызметінің мәселелерін зерттеу» жетекші  - «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самаркановна. Аталған үйірме «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» мамандығының 1-3 курс студенттерін біріктіреді. Аталған үйірменің бағыты білім алушыларды кәсіптік бейімдеу және олардың кәсіби құзіретін арттыру, сонымен қатар студенттік ғылыми қоғам қызметін қолдау болып табылады.  Негізгі мақсаты-студенттерді білім беруді басқару процесіне, жоо-ның ғылыми және инновациялық қызметіне тарту, кәсіби бірлестіктегі білім алушылардың интеграциясы, олардың кәсіби құзіретін арттыру, еңбек және қаржы нарығында кәсіптік бейімделу және карьералық траекториясын дамыту, сонымен қатар студент жастардың шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау; жастардың ғылыми салада кәсіби өсуіне және қоғамдық белсенділік қызметін қарқынды жүргізуге ықпал ету. Аталған студенттік үйірмені құру кезінде келесі міндеттер алға қойылды:

  • студенттік топтарда, мектептерде, әлеуметтік желілерде ғылым мен практиканың принциптеріне сәйкес ғылыми қызметті насихаттау, түрлі зерттеулерге деген қызығушылықты дамыту;
  • ЖОО-да студенттерді ерте кезеңнен ғылымға тарту, сонымен қатар талапкерлер мен студенттерді ғылыми жобалар мен лабораториялық жұмыстарға қатысуға тарту;
  • білім алушылардың инновациялық қызметі бойынша жағдай жасау, кәсіби және кәсіпкерлік, менеджмент, бизнес, еңбек нарығына қажет  салада өз бетімен жұмыс істеуге дайын мамандармен қамтамасыз ету;
  • студенттердің ғылыми шығармашылық нәтижесін жарияланымға беруді, ғылымға, практикаға және білім беру процесіне енгізуді жүзеге асыру;
  • жастардың ғылыми және инновациялық жобасының қозғалысы.
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru