Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Free Programmers

 

 «Free Programmers» студенттік ғылыми үйірме 2012 жылдан бері Қазақстан- Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы шешімімен жұмыс істеп келе жатыр.

«Free Programmers» студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі – «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мұратұлы Д.

СҒҮ негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми- зерттеушілік жұмыстарын белсендендіруге атсалысу, практикалық дағдыларын дамыту,  теориялық білімдерін практикада бекіту.

«Free Programmers» СҒҮ негізгі міндеттері:

  • студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы теориялық білімдерінің деңгейін көтеру;
  • үйірме жұмысының шеңберінде ақпараттық жобаларға қатысу және оларды басқару дағдыларын дамыту;
  • түрлі мәселелерді шешуде жобалау қызметінің дағдыларын қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы заманауи компьютерлік технологиялардың болашағы бар бағыттарының жағдайына талдау жасау.

Студенттік бірлестікке көбінде ҚАЕУ-дің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері кіреді.

«Free Programmers» студенттік жастар үйірмесінің шеңберінде студенттер бағдарламалау бойынша конкурстарға, жергілікті және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады.

2018 жылы «Free Programmers»  ғылыми үйірмесі студенттерінің белсенді қатысуымен Өскемен қаласы колледждерінің студенттеріне арналған бағдарламалау бойынша «Coding Skills» І аймақтық олимпиадасы ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru