Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қазақстанның қазіргі жағдайында қаржы-экономикалық қызметті зерттеу мәселелері»

КАПИОР

31 Қаңтар 2014 жылы Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясында «Жас Зерде» маркетингтік және әлеуметтік зерттеу саласындағы студенттердің ғылыми жұмысы бойынша бірінші халықаралық конкурс өткізілді.   Аталмыш конкурстың негізгі миссиясы студенттердің маркетингтік және әлеуметтік салада ғылыми-зерттеу қызметіне жағдай жасау, аналитикалық ойлауды дамыту болды.  Конкурсты ұйымдастырушылар:  Халықаралық Бизнес Академиясы («Менеджмент және маркетинг» кафедрасы),  Қоғамдық пікірлер мен нарықты кәсіби зерттеушілердің қазақстандық ассоциациясы (ҚНКЗҚА), Казақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясы, «ДАМУ» кәсіпкерлік даму қоры және Гильдия маркетологтары.     

 Аталмыш конкурс алыс шетел, ТМД елдерінің ЖОО –ның тілік білдірген барлық студенттері үшін ашық жарыс болды. Әлеуметтік және маркетингтік зерттеу саласына қатысты студенттердің өз бетімен орындап толық аяқтаған ғылыми жұмыстары ұсынылды.   Конкурс екі бағытта: маркетингтік және әлеуметтік, екі бағыттың өз жеңімпаздары болды. Ұйымдастыру комитетімен қазылар алқасы құрылды: оның құрамына:  Алимбекова Гульжан Токтамысовна, к.с.н., ҚПЗО және ҚНКЗҚА Президенті, Рузанов Александр Борисович – BRIF Research Group президенті, ESOMAR мүшесі, Гильдия Маркетологтары,  Гуревич Леонид Яковлевич-ҚР әлеуметтану Академиясының академигі, Кан Ирина Дмитриевна- «Bank RBK» АҚ маркетинг басқармасының бастығы,  Еськова Наталья Николаевна – «Кселл» АҚ корпоративтік коммуникация бөлімінің бастығы, Белоусов Дмитрий Юрьевич – Қазақстанның ұлттық индустрия палатасы, Ожередов Анатолий Геннадьевич- Қазақстанның Маркетинг, PR және жарнама Федерациясының Вице – Президенті,  Сыздыков Рустем Толегенович –«Раимбек Боттлерс» ЖШС атқарушы директоры, осы аталған қазылар алқасы конкурстық жұмысты бағалау критериі негізінде сараптама жүргізді және номинация бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтады.  Көтеретін жүгі салмақты осы жарысқа ҚАЕУ намысын қорғауға мемлекеттік тілде оқытылатын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 студенті Оралбеккызы Айгерим, Айтыкешов Куаныш, Мамедолданова Альмира, Солтанов Архат және олардың ғылыми жетекшісі «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самаркановна аттанды.

ЖОО-ның аталмыш конкурсты өткізу үшін жан жақты дайындалғаны көрініп тұрды, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тулембаева Айгуль Нуралиевнаның айтуынша, осы шараны өткізуге бір жыл дайындалған. Конкурсқа келушілерді қарсы алудан бастап оларға трансферт ұсыну, конкурсты өткізу, концерттік бағдарлама мен фуршетті ұйымдастыру, жабылу салтанаты мұқият ойластырылыпты.  Конкурсқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер қатарында:   МАБ, DBA ректоры Кожахметов Асылбек Базарбаевич, ҚПЗО және ҚНКЗҚА Президенті Алимбекова Г.Т. болды.   

Конкурстың қойған негізгі мақсаттары біздің студенттеріміздің конкурсқа белсене қатысуына еш кедергі болған жоқ.   Көптеген қызықты, ерекше және практикалық маңызы бар жұмыстар ұсынылды. Талқылауға маркетингтік және әлеуметтік бағыттағы әр түрлі кең көлемдегі қызығушылықтар сала қызметінің шешімін қозғайтын қазіргі қоғамдағы әр адамға қатысты айтарлық маңызы бар зерттеу мәселелері салынды.       

«Маркетингтік зерттеулер» секциясы бойынша қорғауға келесі жоғары оқу орындарының 8 жұмысы қойылды: Белоруссия мемлекеттік университеті, Минск қ., Инновациялық Евразия университеті, Павлодар қ., Алматы Экономика және Статистика Академиясы, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қ., Халықаралық Бизнес Академиясы, Алматы қ.,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, Орал қ.,  Павлодар мемлекеттік педагогика институты, Павлодар қ. Және біздің Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен қ.   

Біз студенттермен «Тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен сәйкес келмейтін баға белгілеу саясатының мәселесі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)» тақырыбындағы зерттеу жұмысы ұсынылды. Конкурстық жұмыс таңдаған тақырыпты ашудың ішкі бірлігі мен логикалық жүйеліліктен, нақты маркетингтік міндеттерді қоюдан және шешуден, оларды дәлелдеуден тұрды.

Студенттердің осындай халықаралық деңгейдегі кең көлемдегі шараға тұңғыш қатысқандықтарын ескере отырып олар алған білімдерін осы шарада қолдана білгенін және оларды жаңа идеямен толықтырып, тиімді және жетістіктермен пайдалана білетінін айтып өту керек.    

Команда құр қол келген жоқ, олар жалпы есепте 4 орын, «Мәселеге жаңа көзқарас» номинациясын жеңіп алды және университет ректорына алғыс хат пен конкурсты демеушілер тарапынан жүлделер мен ескерткіш сыйлықтар әкелді.  Ғылыми жұмысты   «Кселл» АҚ, «Bank RBK» АҚ өкілдері мен «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы атап өтті. Студенттер МАБа ұйымдастыған Алматы қаласы бойынша қызықты экскурсиядан, конкурсқа қатысудан үлкен әсермен қайтты және жаңа достар тапты.   

Біз сенімдіміз, осы сияқты конкурстар жыл сайын шекарасын кеңейтіп ер елдің жоо, әр қаланың жоо-нан қатысушылардың көлемін арттыратыны сөзсіз. Бұл біз шыққан соңғы биіктік емес, алдымызда талай қызықты іс шаралар күтіп тұр, бірақ «Жас Зерде» ғылым саласында биіктікке шығудың, зор шығармашылық мүмкіндіктер мен ғылыми әлеуеттің  тамаша алаңы! 

«Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы  Мамырбекова Динара Самаркановна.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru