Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Туристік үйірме

Туристік үйірме

Үйірменің жұмысы оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту бағдарламасына теориялық және практикалық сабақтар кіреді.

Үйірменің жұмысы оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту бағдарламасына теориялық және практикалық сабақтар кіреді.

Теориялық сабақтар келесі тақырыптар бойынша өткізілді:

  • Жер бойынша бағыт-бағдар жасай білу;
  • Қашықтықты анықтау;
  • Түйіндеп байлау;
  • Картамен жұмыс;
  • Дәрігерге дейін көмек көрсету
  • Жұмыс жоспары бойынша қарастырылды
  1. Облыстық өлкетану мұражайына бару-қазан айының басы, 2013жыл
  2. Облыстық өнер мұражайына бару, қазан айының ортасы, 2013жыл.
  3. Практикалық дағдыны қолдану мақсатында «Изумрудный»  тау шаңғысы кешеніне бару.
  4. «Абылайнкит» тарихи ескерткішінің аумағында практикалық сабақтар ұйымдастыру
  5. «ШҚО-да жағажай туризмінің дамытудың картасын құрастыру», практикалық сабақ.
  6. Ак-баур шатқалына бару, мамыр айының ортасы, маусым айының басы, 2014 жыл.
  7. Тарханскге бару –маусым 2014 г.
  8. ГЭС-ға экскурсияға бару

Практикалық сабақтарда оқушылар келесі дағдыларды меңгерді

  • табиғи кедергілерді жеңу кезінде өзін өзі сақтандыру және сақтандыруды ұйымдастыру;
  • аспалы өткелде болу;
  • өткелді кешіп, сырықпен, бөрененің көмегімен өтуді ұйымдастыру;
  • негізгі және қосымша арқанмен жұмыс: түйіндеп байлау.

Оқу бағдарламасына сәйкес өлкетану бойынша жұмыс шеңберінде қалаға, тарихи және ертедегі, қазіргі сәулет өнерінің ескерткіштеріне экскурсиялар өткізілді, мұражайлар мен сәулет объектілеріне бару жұмыстары жүргізілді.  Демалыс күндері бір күндік жаяу жорық өткізілді, онда оқушылар туристік дағдыларды меңгеріп, туған қаланың төңірегімен танысты.

Туристік ғылыми үйірменің міндеттері төмендегідей: 

  1. Геограяия, тарих, биология, ТҚН бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету, туризм және бағдарлау, картамен, компаспен жұмыс істеу дағдылары мен шеберліктерін, дәрігерге дейін көмек көрсетуді меңгеру,   төтенше жағдайларда тірі қалуды қамтамасыз ету, табиғат қорғау және экология мәселесімен танысу.
  2. Туған өлкені, қоршаған ортаны сүюге, өзін ұжымда ұстай білуге, сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
  3. Жеке жетілу, туризм және бағдарлау бойынша тиісті спорттық разрядтарды орындау, туристік слеттарға, жарыстарға, жорықтарға, әскери ойындарға  қатысу. Кез келген жағдайда, төтенше жағдайларда  ерік жігері мен өз бетімен жұмыс істеу қасиетін қалыптастыру.

Оқу аяқталған соң студенттер туризмнің негізін, туризмнің негізгі ұғымдары мен терминдерін, топография мен бағдарлау негізін, төтенше жағдайларда тірі қалу негіздерін білуі қажет.

Сонымен қатар дәрігерге дейін көмек көрсету жұмысын білуі шарт. Практикада қолдану үшін алған білімнің теориялық негізін, әр қилы табиғи кедергілерді жеңу тәсілдерін, туған өлке жайындағы негізгі терихи және географиялық мәліметтерді білуі керек.    Дағдысы болу керек: туризмнің маңызды ұғымын ұғындыру және сипаттау, ажыратып көрсету,   орында, қашықтық картасында, бағыттарда азимутты, биіктік нүктелерін анықтай білу. Туристік түйінді дұрыс қолдана білу, картада  жергілікті жерде қажетті нысандарды таба білу,  түрлі кедергілерді жеңу, соқпақтар мен ойлы-қырлы жерлермен, жолмен жүруде өзі өзі сақтандырудың әр түрлі тәсілдерін меңгеруі керек.   Қиындыққа тап болған жанға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету және оны дұрыс тасымалдау, азық түлік пен жорыққа қажетті заттарды ұйымдастыру, экскурсиялар мен жорықтардың есебін толтыра білу дағдысы болуы қажет.  

Жорық жағдайында өмір сүру, түнейтін орынды таңдай білу, қолдағы материалдармен  паналау жабдығын құра білу, алау жағатын орын табу және жағу,  ас әзірлеу, су табу, кір суды фильтрден өткізу, бақылау, сынақ, тәжірибе жүргізу, қорқынышты жеңу, күтпеген жағдайларға дайын болу.      Табиғатта жорықта жүргенде компаспен, компассыз, картамен, картасыз, жұлдыздардың көмегімен және табиғи бағдарлаудың көмегімен күндіз, түнде   бағдарлау дағдысын меңгерулері шарт. Әр түрлі мазмұндағы картаны оқу дағдысы, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу және салауатты өмір салтын ұстану дағдысын жүргізу, өзара көмек пен ынтымақтастық дағдаларын меңгеруі керек.   Туризмді зерттеу нәтижесі-жан жақты дамыған дені сау адам қалыптасады. 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru