Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталығы- 2014

2050 стратегиясы

Ғылым мен шығармашылық аптасы аясында 8.04.2014ж. «Стратегия 2050» зияткерлік ойыны өткізілді. Қатысушылар алты адамннан үш командаға бөлінді.

Ойын 4 турдан, 1 тур-«100 балдың женімпазы бол» деп аталды, бұл турда әр командаға 8 сұрақ берілді («40 миллионнның» зияткерлік шоу аналогы), 2 тур-«Ертегінің экономикалық мәні», әр командаға үш ертегіден таңдауға ұсынылды, бұл жерде қатысушылар өз жауап нұсқаларын ұсынады және оны міндетті түрде «Стратегия-2050» бағдарламасымен байланыстырады.   3 тур-Үй тапсырмасы-әр командаға ойынның негізгі тақырыбымен тікелей байланысты  үш сұрақтан дайындау керек болатын. Студенттермен   5 жасқа дейінгі балалар салған бояған картиналар түрінде сұрақтар дайындалды және Өскемен қаласы көшеде кездескен тұрғындарының бейне- сұрақтары қойылды.   4 тур-тест. Аталған конкурста командалар 20 тестік сұрақты 10 минут ішінде шешу қажет.

Барлық конкурстың нәтижесі бойынша қазылар алқасы командаларға төмендегі орындарды беруге шешім қабылдады:

  • 1 орын «Альянс» командасы  
  • 2 орын «Эконом» командасы 
  • 3 орын  «Биржа» командасы

Өткен конкурс бойынша капитандар арасындағы бәсекеде келесі номинациялар берілді:

  • «Зерек  капитан»  Амренов Нурсултан
  • «Тапқыр  капитан»  Сейтханов Самат
  • «Жылдам капитан» - Болшыманова Арайым

Мамандық үздігі

Ғылым дамудың жаңа сатысына өтіп жатқан кезеңде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми-техникалық және мәдени прогресс жетістігін шығармашылық түрде қолдануға қабілетті, ғылымның жаңа жетістіктерін игерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады «Ғылым және шығармашылық» аптасы аясында «Бизнес» кафедрасымен  3-4 курс студенттері арасында «Мамандық үздігі» сайысы өтті

Аталған іс шараға 14 студент қатысты. Конкурсты ұйымдастырушылармен тәуелсіз қазылар алқасы құрылды:


  1. Бордияну И.В., «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.
  2. Бердибеков А.Б., аға оқытушы, математика магистрі
  3. Мамырбекова Д.С., аға оқытушы, экономика магистрі
  4. Непшина В.Н., аға оқытушы, экономика  магистрі
  5. Загайнов Е.О., кафедра оқытушысы.

Сайыстың мақсаты кадрлардың кәсіби дайындық сапасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, студенттердің кәсіби құзіретінің деңгейін анықтау, әлеуметтік-экономикалық және өндірістік жағдайға жақсы бейімделуіне қажетті студенттердің жауапкершілігі мен кәсіби мобилділігін қалыптастыру.   Қысқы сессиядан соң «Экономика», «Қаржы», «МЖБ», «Туризм», «Менеджмент» және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-4 курс студенттері арасында мамандықтың негізгі пәндері бойынша тест өтуді ұсынатын бірінші тур өтті.

12.04.2014 жылы «Викторина» деп аталатын екінші тур өтті. Сайыстың мәні төмендегідей: жүргізушілер студенттерге оқып жатқан мамандықтары бойынша және логикаларына ауызша сұрақтар қояды және қатысушылар ол сұрақтарға жауап береді. Екі сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі шешімді қабылдады:

  1. «Жыл қаржыгері»  – Турысбекова Айым 4 курс қ/б Токашев Руслан 3 курс о/ю,
  2. «Жыл экономисі» – Енсебаев Саят 3 курс  ТжКБ қ/б, Туебаева Тахмина 3 курс о/б,
  3. «Жыл менеджері» – Кириленко Татьяна 3 курс о/б,
  4. «Жыл қызметкері» – Оралбеккызы Айгерим 4 курс қ/б, Садвокасова Анар 3 курс о/б
  5. «Жыл турисі» – Коденцева Марина 3 курс о/б,
  6. «Жыл бағдарламашысы» -  Айтмуханбетова Шырай, Турысбекова Гулим 4 курс қ/б,Фадеев Дмитрий, Егорова Марина – 4 курс о/б, Адыльбек Аяжан 3 курс қ/б, Тойлыбаева Арай 3 курс о/б.
  7. «Бизнес» кафедрасының СҒЗМ үшін жауапты тұлға Д.С.Мамырбекова

21 ғасыр көшбасшысы

10.04.2014ж. ғылым мен шығармашылық аптасы аясында «XXI ғасырдың көшбасшысы» (Лидер 21- века) зияткерлік ойыны өткізілді.    Бұл зияткерлік ойын 1 курс студенттері арасында өткізілді. 33 студент бойынша тестілеу түрінде іріктеу тур өткізіліп, нәтижесінде 12 адам екінші турға өтті.   


1 тур – Онлаин - тест, аталған конкурс нәтижесі бойынша 9 адам 2 турға өтті.   2 тур –  «Полиглот» деп аталды. Бұл конкурста нақты анықтамалар негізінде экономикалық терминді тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.  Бұл конкурс нәтижесі бойынша 3 турға 7 адам өтті,   3 тур – «Жорға», конкурс бойынша келесі категорияларды таңдау ұсынылады:1)Экономика, 2) Ақша, 3) Әлемдік валюталар, 4) Ұлы экономистер. Әр категорияда 10, 20,30,40 және 50 бал бойынша 5 сұрақ ұсынылды. Бұл конкурс негізінде 4 турға 5 адам өтті.  Одан кейінгі конкурс «Бәйге» деп аталды және бір минут ішінде жүргізушінің қойған сұрағына жауап беріп неғұрлым көп бал жинау қажет. Нәтижесінде «Жекпе-жек» деп аталатын 5-қорытынды турға 3 адам өтті. Бұл конкурста 50 балмен бағаланатын бір ғана күрделі сұрақ қойылды. Барлық сайыстың нәтижесінде «ЖжМБ» мамандығының студенті Талғат ұлы Әұез  бірінші орын,  «Қаржы» мамандығының студенті Өмірзакова Жұлдыз екінші орын, ЖжМБ» мамандығының студенті Чешева Ляззат үшінші орынға ие болды.  
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен ескерткішке сувенирлер табыс етілді. 

Д.Бэлластпен кездесу

Жастар-біздің болашағымыз және
 болашақты құрайтын біздің бүгінгіміз!

Қазіргі студент жастардың ерекше екенін қашан да ескеру керек.   Жоғары мектеп жағдайында олардың ары қарай дамуының дұрыс векторын таңдай білу қажет. Жоғары білім алған қазіргі жастардың  көз жетерлік болашақта қоғамның экономикалық, саяси және ғылыми элита негізін құрушылар екенін ұмытпауымыз шарт.  Сондықтан жастардың тұлғалық және әлеуметтік бағыты, азаматтық деңгейінің жауапкершілігі қандай болса, олардың біздің қазақстандық қоғамның дамуын ары қарай жетілдіруі соған байланысты.


Студент жастарды тәрбиелеу және кәсіптік дайындау мәселесі біздің мемлекетіміздің білім беру саясатының маңызды басымдылықтарының бірі. Болашақта елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын студенттерді коғам құрылымындағы маңызды әлеуметтік топ ретінде қарастыра отырып, мемлекет студенттерді әлеуметтік қолдау бойынша мақсатты және  бір ізділік жұмысын жүргізеді, оқу-тәрбие процесін жетілдіреді, жоғары білім алу кезінде жастардың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Мемлекет студент жастармен жұмыс бойынша студент жастардың Қазақстанның азаматтық қоғамын құруға және қалыптастыруға, студенттердің әлеуметтік-мәнді қызметтерін арттырудың оңтайлы жағдайын жасауға, студенттік өзін өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысу үшін студенттік-қоғамдық ұйымдар мен құрылулардың ерекше рөлін белгілейді.    

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru