Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталығы- 2018

05041

«Бизнес» кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығын өткізу бойынша

ЕСЕБІ



«Ғылым - адам өміріндегі ең маңызды, ең керемет әрі ең қажетті нәрсе…»

А.П. Чехов

 19.02.2018 - 24.02.2018 ж.ж. аралығында студенттерді зияткерлі шығармашылыққа тарту мақсатында ҚАЕУ-дің "Бизнес" кафедрасында Ғылым мен шығармашылық апталығы өткізілді. Апта бойы университет қабырғасында зияткерлік ойындар, қонақжайлы дәрістер, семинарлар, дөңгелеу үстелдер, олимпиадалар, сайыстар өткізілді. Аталмыш шаралар "Бизнес, құқық және педагогика" факультетінің шеңберінде және оның негізгі бағыттарын қамтып ұйымдастырылса да, басқа мекемелерден келген өатысушылар үшін де ашық болды.

Апталық қатысушылары оқу орнымыздың білім алушылары, магистранттары ғана емес, қала, облыс, аудандардан келген жас зерттеуші-ғалымдар да болды. Ғылыми-зерттеу  жұмысы жоғары оқу орны үшін маңызды қызметтердің бірі болып, жас мамандарға ғылым әлеміне шомып, ғылыми шығармашылық заңдылықтарымен танысуға, қоғам дамуының әр қыры мен саласы бойынша өз ғылыми көзқарысын білдіруге мүміндік береді.

Аталық шеңберінде өткізілген іс-шаралар:

19 ақпан күні 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит» және 5В090200 «Туризм» мамандықтарында оқитын студенттер арасында "Мамандықтың үздігі" сайысы өткізілді.

Сайыс жыл сайын экономика және туризм саласындағы жас мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Сайыс  студенттер алған білімдерін іс- жүзінде қолдана алу дағдаларын көрсетіп, өз терең ойларын ашық айтуға жетелейді.

Сайыс шеңберінде студенттер мамандық бейіні бойынша зияткерлік және практикалық тапсырмаларды орындады. Сайыс қорытындысы бойынша Үздік қаржыгер атанған Сейтбекова Акерке, Үздік есепші - Русанова Евгения, Үздік Турист – Козлова Виктория.

2018 жылдың 20 ақпанында «Бизнес» кафедрасының аға оқытушы Трофимова Ю.В. жетекшілігімен Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экономикалық сұрақтарға қатысты дебат ұйымдастырылды.

Студенттер өте қызықты баяндамалар мен презентациялар дайындады. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның қоғамдағы қалыптасқан өзгерте отырып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жайлы сөз қозғалады. Бұл мақсатқа жетудің алғашқы жолы – Қазақстан халқының рухын көтеру. Ал рухты көтеру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрып, рәсімдер мен мерекелерді қайта жаңғырту қажет. Өз ұлтыңның тарихы мен өткенін, салт-дәстүрлердің бастау алар арнасын білу, ұлттық генетикалық кодты сақтаудың негізі болып саналады. Бұл мақаладағы маңызды тағы бір жайт: 21 ғасырдағы ғылым және білім үшін маңызы зор деп саналатын қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің сатылары айқын бейнеленген.

Қазіргі таңда үкімет қоғамның рухани жаңғыруы үшін көптеген жұмыстар жасауда және бұл тұрғыда назар аударылатын басты нәрсе – қаржыландыру. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда 591 млн теңге қаржы бар. Ағымдағы жылдың күз мезгілінен бастап тағы да 4 млрд теңге қаржы бөлу үкімет тарапынан қарастырылуда. Жалпы алғанда 2020 жылға дейін қаржы көлемі 54 млрд теңгені құрайды, бұл бағдарламада көрсетілген жоспарларды толығымен орындауға мүмкіндік береді.

Дебаттың соңында біздің тағыда қазақстандықтардың, әсіресе, жас буынның жаһандану мәселесіне үстіртін қарамай, оны түсініп, қолдап, осыған байланысты өз менталитеттерін өзгертуі қажет екендігіне көзіміз жетті.

Маркетингті оқыту мақсатымен «Бизнес» кафедрасында ғылым және шығармашылық апталығы аясында 2018 жылдың 20 ақпан күні «Создание креативных в маркетинге» атты сайыс өтті. Бұл сайысқа «Менеджмент», «МжЖБ», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. 21 ғасыр бәсекелістік пен тұтынушылар соңынан жүгіру ғасыры. Жарнама қазіргі таңда адамның өмірді шынайы қалпында қабылдауына көмек берумен қатар қоғам мен тұтынушының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаттары:

-  Алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану;

-  Жарнаманы ұйымдастыру бойынша тәжірибелерді іске асыру;

-  Ақпаратты құрастырудың біліктілігін дамыту;

-  Логикалық және креативті ойлауды дамыту, ұжымда жұмыс жасай білу;

-  Табысқа жетудің жолдарын анықтау.

Сайыс 2 бөлімнен тұрды: өткен тақырыптар бойынша дәрістерді қайталау және өнімнің жарнамасымен таныстырудың презентациясын жасау. Студенттерге жарнама компаниясының өнімдерін таныстыру мақсатында 3 презентация дайындалды. Сайыс нәтижесінде «Технология будущего» атты топ жеңіске жетті.

2018 жылдың 21 ақпаны күні «Бизнес» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-11 сыныптар аралығында «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар сайысын өткізді.

Әлемнің көшбастаушы экономикалары адамның жоғары капиталдарының арқасында ғана гүлденеді. Бұл үдеріс оқу бағдарламаларының стратегиялары мен саясатының арқасында жүзеге асады. Заманауи жастардың кәсіпкер ретінде ойлауына, өзін-өзі жетілдіруіне және профессионалды түрде өз дара жолдарын анықтай білуіне бағыт-бағдар беру – Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен «Жас кәсіпкер» сайысының басты мақсаты болды. Бұл аймақтық сайыстың нәтижесінде «Исток» атты мектептің 11-сынып оқушысы Подойников Дмитрий жеңіске жетіп, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды және «Бизнес» кафедрасының мамандықтарында оқу үшін 15% жеңілдікке ие болды. «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» 2-курс студенттері Мырзабекова Гүлайым, Советова Гүлмира, Тоқаева Алтынгүл үшінші дәрежелі дипломмен марапатталып, «Бизнес» кафедрасы мамандықтарында 5% жеңілдікпен оқу сертификатына ие болды. Қыздар «Аквакурорт» атты сауықтыру кешенінің жобасымен таныстырды.

Әділқазылар алқасы тағы да ынталандыру сертификаттарын төмендегі жобаларға табыстады:

-  «Family club» демалыс және дамыта оқыту орталығының ашылуы, автор – Абдурашитова Ольга, Өскемен қаласы әкімдігінің №34 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

-  «Қала сыртындағы балаларға арналған жылу», авторы Моисеенко Анна, «Семей қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №12 орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы.

2018 жылдың 21 ақпаны күні 3-4 курс студенттері үшін «Лучший по специальности» атты дәстүрлі сайыс өткізілді. Бұл сайысқа «Финансы», «Туризм» мамандықтарының студенттері шақырылды. 1-тур бойынша студенттер өз мамандықтарына қатысты 30 теориялық тест сұрақтарын шешті. Бұл турда сұрақтардың 60%-на жауап бергендер 2-ші турға өтті. 2- турда «Финансы» мамандығының 5 студенті, «Туризм» мамандығының 4 студенті сайысқа түсті. Бұл турда студенттердің өз мамандықтары бойынша тәжірибелік тапсырмалар болды. Ол тапсырмаларды орындаумен қатар студенттер өз шешімдерін анықтап, айтулары қажет болды.

Сайыс 2 кезең бойынша өтіп, жеңімпаздары аңықталды: 5В050900 «Қаржы» мамандығынан Ерлібекова Жұпар, 5В090200 «Туризм» мамандығынан Дәулетханова Жансая. Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтар  және дипломдармен марапатталды.

Барлық ғылым дамуының жаңа кезіңінде өтетін қазіргі әлемде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары білікті мамандарды даярлаудың міндетті компоненті болып табылады, сонымен қатар ғылымның соңғы жетістіктеріне ие, ғылыми-технологиялық және мәдени прогресстің жетістіктерін шығармашылық түрде қолдануға қабілетті.

22.02.2018 жылы Ғылым мен шығармашылық апталығы шеңберінде «Бизнес» кафедрасы ұйымдастыруымен кезекті қоңақтарға арналған «Жастар кәсіпкерлігін дамытудағы start-up және бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктері дәрісін өткізілді, спикер болып Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ техникалық университетінің технологияларды коммерциализациялау орталығының жетекшісі Оқасов Дастан Ержанович сөз сөйледі.

Қазіргі кезде жастар кәсіпкерлігін дамыту тек халықты жұмыспен қамтуды арттыруға және білікті мамандар даярлауға ғана емес, сондай-ақ елдің инновациялық даму жолына өтуін жеделдетуге көмектесуі тиіс.

Спикер атап көрсеткендей, жастар кәсіпкерлік ортадағы ең маңызды байланыс болып табылады. Өйткені бүгінгі жастар, жастар кәсіпкерлігі біздің еліміздің 10 жылдан кейінгі бейнесін көрсетеді, бүгінгі жастар кәсіпкерлігін дамыту еліміздің ертеңгі экономикалық өсу және даму қарқынына байланысты болады. Осылайша, қазіргі күндегі жастар кәсіпкерлігі бұл Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарының бірі. Жастарды кәсіркерлік қызметке тартуға ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау ұлттық және аймақтық деңгейде әртүрлі бағдарламаларда қарастырылады.

2018 жылдың 22 ақпанында мемлекеттік тілде білім алатын 5В050900 «Қаржы» және 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері арасында экномикалық терминдер бойынша онлайн тестілеу жүргізілді.

Kahoot – онлан  тестілеу мен викториналарды құрастыруға арналған салыстырмалы жаңа сервис. Білім алушылар оқытушыларға кез-келген интернет құрылғысынан планшет, ноутбук, смартфондар арқылы жауап бере алады. Тест нұсқаларында геометриялық фигуралармен берілген. Өткізілген іс-шара өз кезегінде білім алушылардан кері байланыс алудың бірден-бір жолы болып табылады. Тест 35 сұрақтан тұрды, әрбір сұраққа 30 секунд берілген.

Ойынның нәтижесі бойынша 3 жеңімпаз анықталды. 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті Қазыбек Әсел Болатбекқызы және 5В050900 «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Алкабекова Алуа Армановна, 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті Сабырбеков Айбек Абайұлы марапатталды.

2018 жылдың 22 ақпанында 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1,2,3-курс студенттеріне «Нейронды желілер» тақырыбында қонақдәріс оқылды. Спикері - Граневский Алексей - «Шығыс ақпарат» ЖШС әкімшілік қызметкері, ал модераторы болған «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Бердибеков Азамат Бердибекұлы. Дәріс мақсаты – тыңдаушыларды жүйелік нейрондар негіздерімен таныстыру.

Нейронды желі – машиналы оқытудың бірден-бір әдісі, бұл сала арнайы мамандардың  ғана емес, сонымен қатар салаға қатысу жоқ тұлғалардың назарын аударып отыр. Дәріс оқушы мәтіндер талдауы, суреттер талдауы әдістерін пайдалана отырып, дәріс мазмұнын ашуға тырысты.

Дәрістің басты бөлігінде нейронды желілер арқылы жасалатын алпайыт дүниелер таныстырылды.

Студенттер дәріс барысында өздерін барынша белсенді ұстады, берілген тақырыпқа қызығушылықтарын білдірді. Баяндама барысында әр түрлі сұрақтар қойылды. Граневский Алексей сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ІТ- индустрияны дамыту барысында ЖОО-ны бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

«Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Бердибеков Азамат Бердибекұлы дәрісті қорытындылай отырып, интернетте нейронды желі жайлы көп ақпараттың берілгенін және олардың көбін студенттердің қабылдауына ауыр екенін айта келе, осындай оңай материалдарды таңдау арқылы түсінуге болатынын ерекшелеп айтты.

Студенттер дәріс соңында пайдалы ақпарат үшін алғыстарын айтып, спикерге алғыс хат табысталды.

2018 жылдың 22 ақпанында аға оқытушы Загайнов Е.О. жетекшілігімен

5В090200 «Туризм» мамандығының барлық курс студенттеріне арнап «Туристтік викторина» өтті. Бұл іс-шара студенттердің шығармашылығын дамытуға, жастардың кәсіби әлеуетін көтеруге, теориялық білімдерін практикамен байланыстыруға бағытталған. Биылғы іс-шараның негізгі бағыттары болған - «Халықаралық туризм географиясы» және «Туристтік ұйымның қызметін жоспарлау». Бұл викторинаның негізгі идеясы – викторинаға қатысушылардың мүмкіндіктері ашу.

Туристтік викторинаға геотехникалық география бойынша бірнеше міндеттер қойылды: логикалық және кеңістік ойлау міндеттері, командалардың қорытынды сынақтары. Викторинаның қорытындысы бойынша, «Компас» командасы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Туристтік викторина  5В090200 «Туризм» маманды студенттері үшін өте әсерлі әрі пайдалы іс-шара болып шықты.

2018 жылдың 19-23 ақпан аралығында 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері арасында бағдарламалау бойынша олимпиада өтті, оған ҚАЕУ колледжі және Экономика және қаржы колледжі студенттері қатысты. Іс-шараға қатысу үшін студенттер 1-3 курстарда оқитын студенттер тұтастай шақырылды. Шара мақсаты – бағдарламалаудағы практикалық дағдыларды тексеру, сондай-ақ тапсырма орындауда шығармашылық әдісті қолдана алу қабілеттерін дамыту.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1тур- іріктеу. Университет студенттері үшін тест түрінде өтті. «Информатика» тақырыбына байланысты 40 сұрақтан тұратын тест өткізілді. Барлығы 700 сұрақ. 1-турға орыс тобында оқитын 12 студент қатысты, 6 студент қазақ тілінде оқиды.

 

Аты-жөні

Курсы

1

Бирюков Никита

1АЖ ТжКБ

2

Шивцов Артем

1 АЖ ТжКБ

3

Акатаева Назира

1 АЖ ТжКБ

4

Брагин Данил

2АЖ

5

Выборный Артем

2АЖ

6

Ескендыров Мирас

3АЖ

7

Мазыбаева Назерке

3АЖ

8

Темір Ерасыл

3АЖ

9

Чериязданов Абай

3АЖ

10

Клятченко Наталья

3АЖ

11

Шалов Куаныш

3АЖ

12

Шуховцов Олег

3АЖ

2-тур. Қорытынды турда студенттерге әртүрлі тапсырмалар берілді. 1-тапсырма жеңіл деңгейлі (1-2 балл), 2-тапсырма орташа деңгейлі (3 балл), 3-тапсырма күрделі деңгей болған соң, 5 баллмен бағаланды. Студенттерге тапсырмаларды орындауға екі жарым сағат уақыт берілді. Олимпиада тапсырмаларын қай тілде орындайтындарын өздері таңдады.

Олимпиада қорытындысы бойынша, жеңген студент 2-курста білім алушы Брагин Данил болды. 2-орын – колледжен кейін білімін жалғастырушы 1-курс студенті Бирюков Никита, 3- орын -  колледжен кейін білімін жалғастырушы 1-курс студенті Шивцов Артем.

2-тур нәтижелері берілген кестеде көрсетілген.

Аты- жөні

Курс

Тапсырма нөмірі (max балл)

Барлығы  (14)

#1 (1)

#2 (2)

#3 (3)

#4 (3)

#5 (5)

 

Бирюков Никита

1АЖ ТжКБ

0,8

0

0,8

0

0

1,6

Шивцов Артем

1 АЖ ТжКБ

0

0

1,5

0

0

1,5

Акатаева Назира

1 АЖ ТжКБ

0

0

0

0

0

0

Брагин Данил

2АЖ

0,1

0,1

1,5

0

0,1

1,8

Выборный Артем

2 АЖ

0

0

0

0

0

0

Ескендыров Мирас

3 АЖ

0

0

0

0

0

0

Мазыбаева Назерке

3 АЖ

0,1

0

0,5

0

0

0,6

Темір Ерасыл

3 АЖ

0

0

0

0

0

0

Чериязданов Абай

3 АЖ

0

0

0

0

0

0

Клятченко Наталья

3 АЖ

0

0

0,5

0,1

0

0,6

Шалов Куаныш

3 АЖ

0

0

0

0,1

0

0,1

Шуховцов Олег

3 АЖ

0

0

0

0

0

0

2018 жылдың 24 ақпанында Қазақстанда киберспортты дамыту мен студенттедіғ ҚАЕУ-де жағымды өзара қатынас орнату мақсатында компьютерік сыныпта «CS 1.6» Кибертурнирі өтзілді. Іс-шараға жауапты болған оқытушылар: Бердибеков А.Б., Четтыкбаев Р.К., Мұратұлы Д. Ойынға қатысқан студенттердің мамандықтары: 5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В050900 «Қаржы», 5В020200 «Халықаралық қатынастар», сондай-ақ Өскемен қаласының мектеп оқушылары.

Ойынға 28 оқушы қатысты. Тіркеуден соң қатысушыларды топқа бөліп, «CS 1.6» кибертурнирінің схемасы көрсетілді.

 CS 1.6» кибертурниріне қатысушы комендалар аттары

  1. ІТ
  2. Террористы
  3. Montana
  4. MO
  5. Titan
  6. CS Ахмер
  7. Striker

Турнир шартына сәйкес топтар екі жаққа бөлініп, онда шеңбер жүйесі бойынша ойын жалғастырды:

Снимок.JPG

Снимок2.JPG

 

«CS 1.6» кибертурнирадан финалға екі команда шықты: CS Ахмер және М.О. Кибертурнир нәтижесі бойынша 5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығы жеңіске жетті. Кибертурнир жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

2018 жылдың 22 ақпанында ҚАЕУ–де «Бизнес» кафедрасында «Coding Skills» бірінші аймақтық олимпиядасы өтті.

Қазақстандағы жаңа технологиялардың рухани жаңғыруы негізінде «Ұлы дала жастары» атты жоба өткізілді.

Олимпиядаға келесі коллеждер қатысты;

  1. Өскемен қаласындағы Экономика және Қаржы колледжі
  2. ҚАЕУ колледжі
  3. Қумаш Нұрғалиев атындағы колледж
  4. Өскемен қаласындағы қызмет көрсету колледжі
  5. ШҚМУ – дың С.Аманжолов атындағы колледжі
  6. Өскемен қаласының политехникалық колледжі
  7. Техника- экономикалық колледж

Студенттерге күрделілігіне қарай әр түрлі категорияға байланысты бес тапсырма берілді. Бірінші категория бойынша (1 балл) екінші категория бойынша орташа тапсырмалар (2 балл), үшінші категория бойынша қиын тапсырмалар (5 бал). Тапсырманы орындауға студенттерге 2:30 сағат берілді. Қатысушылардың жұмысын тексерген төрешілер - Терновенко Юлия Борисовн, Демин Дмитрий Юрьевич, Бердібеков Азамат Бердібекұлы, Четтикбаев Руслан Кайратович, Албул Аликсей Борисович.

«Coding Skills» олимпиядасы бойынша ШҚО бірінші дәрежелі сертификат бизнес кафедрасының студенті Троценко Евгений (15%) жеңілдікпен ұтып алды. 2 – ші дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы политехникалық колледждің студенті Богоев Владислав (10%) жеңілдікпен марапатталды. 3-ші дәрежелі дипломмен Қумаш Нұрғалиев атындағы колледж студенті Абаев Олжас (5%) жеңілдікпен марапатталды.

Ғылым мен шығармашылық апталығының жабылу салтанатында барлық қатысушылар марапатталып, апталық нәтижелері мен қорытындылары шығарылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru