Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталығы- 2019

05041

“Ғылым өз уақытында шарықтау шыңына жеткенде, одна келешекке деген жаңа шыңдарды бағындыруға ұмтылыс, ғылымның дамуына жаңа жолдар ашылады.”

С.И. Вавилов

Ғылым – бұл алға жылжу процессі ғана емес, сонымен қатар адамзатқа ең пайдасы мол керемет шығармашылық түрі ешкімнің таласы жоқ шығар. Әрбір ізденіс – бұл туынды процессі, әрбір ғалым – оның ғылыми жасаушысы, өз ойы және өзгермелі шындығымен. Барлық шығармашылық адамдары сияқты, ғалымдар да шабыттың оңай келмейтінін біледі. Шабыттары оянған жағдайда оны оңынан пайдалануға тырыса отырып, бар білгендерімен бөліседі.

Студенттердің интелектуалды шығармашылықтарын дамыту және зерттеу қызметін арттыру мақсатында ҚАЕУ-да “Бизнес” кафедрасының жыл сайын өткізілетін Ғылым және шығармашылық апталығы өтті. 2019 жылдың 18-22 ақпан аралығында “Бизнес» кафедрасының ғылым және шығармашылық апталығында көптеген маңызды жұмыстар атқарылды. Интелектуалды ойында, дәрістер оқытылып, семинарлар, олимпиадалар, конкурстар, дөңгелек үстел отырыстары сияқты іс-шаралары өткізілді.

Іс-шаралар “Бизнес және құқық және педагогика” факультетінің базасында ұйымдастырылған болса да, бұл басқа факультет қатысушыларына еш кедергісін  келтірмеді.

2019 жылдың 18-ақпаныда, “Өз мамандығының білгірі” атты бірінші іс-шара өтті.

Шара модераторы болып “Бизнес” кафедрасының доценті, PhP докторы В.Н. Непшина тағайындалды.

Конкурсқа қатысуға “Менеджмент”, “МжЖБ” “Қаржы” мамандықтарының орыс топтары шақырылды. Шақырту алған студенттер GPA қортындысы бойынша алдыңғы семестрде 3,5 баллдан кем алмағандар. Іріктеу турының қорытындысы бойынша, GPA алған баллдарын есепке ала отырып, конкурсқа “Қаржы” мамандарынан 2 студентті “МжЖБ” мамандығынан 6 студент, 4 студент “Менеджмент” мамандығынан болды.

Конкурстың І-туры әр мамандық саласына қатысты. 30 сұрақтан тұратын тесттен тұрды. «Қаржы» мамандығы студенттеріне “Қаржы пәні”, “Корпаративтік қаржы”, “Кәсіпорын экономикасы”, “Ақша, несие, банк”. менеджмент саласына «Менеджмент теориясы мен практикасы», «Тұлғаны  басқару», «Кәсіпорындық менедджмент», «МжЖБ» мамандығы бойынша «Мемлекеттік басқару теориясы», «Мемлекеттік реттеу  экономикасы» пәндері бойынша тест құрастырылды. 1- тур қорытындысы бойынша барлық тест сұрақтарының  50%- на жауап берген студент келесі турға өтті.

1-тур қорытындысы

5B050900 «Қаржы»

Бирюченко Игорь

20 балл

Кадырбеков Раджан

22 балл

5В050700 «Менеджмент»

Аманбеков Мадияр

15 балл

Ярич Кирилл

18 балл

5В051000 «МжЖБ»

Добрынина Александра

18 балл

Мозуляко Алина

18 балл

Маутканова Еркежан

15 балл

Ключникова Екатерина

15 балл

 2- турда «Қаржы» мамандығының 2 -студенті, «МжЖБ» мамандығының 4- курс студенті, «Менеджменттен» 2-студент жолдама алды. Екінші турда әр мамандыққа арналған практикалық тапсырмалары болды. Әр студент  тапсырмалары  шешумен қатар өз қорытындыларын жасауы керек болды.

                                   2

2019 жылының 19 ақпанында «Логика қайда?» ойыны өтті. Бұл іс-шараға жауапты болып кафедраның аға оқытушысы – Трофимова Ю.В. тағайындалды. Ойын 4 кезеңнен тұрып, әр кезеңде 10 сұрақтан қойылды. Сұрақтар экран бетіне шығарылып, студенттер үстел үстіндегі батырманы басу арқылы жауап берді. Қиын сұрақтарға жүргізушіден көмек сұрау арқылы жауап берілді.

Бұл ойынның бірінші кезеңі «Не ортақ?»– деп аталды. Экрандағы берілген әртүрлі суреттердің ортақ атауын табу керек. Мысалы: етік, туфли, ботинка сөздерінің ортақ атауы – аяқ киім.

2-тур «Киноребустар» деп аталды. Мұнда экранда берілген оқиғаны, суретті немесе ребусты шешу керек еді. Бұл кезең бірінші кезеңнен қиынырақ болды. Жылдам жауабын бермесе, қарсылас команда жауап беру арқылы еншілерін алды.

3-тур атауы «Не нәрсенің формуласы». Экранда екі суреттің қосындысы беріледі. Команда екі суреттің атын түсіне отырып, қосудың ассоциативті нәтижесін айту керек. Ең көп балды дұрыс жауапты толығырақ берген команда алады. Аудиториядағы тамашалап отырған студенттер де бос отырмай, көмек қолын соза білді.

Сонымен қатар, 19-ақпанда «Бизнес» кафедрасының оқытушысы Оралбекқызы Ә., «Қаржы» мамандығының және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының қазақ топтарының 3-ші курс студенттерімен «ZERDE» интелектуалдық ойынын өткізді.

Ойын екі бөлімнен тұрды. 9 студент қатысты, ойынға рет-ретімен шықты. Ойыншылар кезегі жеребе арқылы анықталды.

Бірінші раундта әрбір қатысушыға 1,5 минут ішінде, ойын басында таңдаған тақырыбы бойынша максималды жауап беру керек.

Тақырыптар: Ислам, маникюр, астана, Сингапур, Чжань-Инь, Қытайдың бизнес әйелі, Apple, Samsung, КАСУ.

Екінші кезеңде қатысушы 1,5 минут ішінде өнертапқыш, көркем әдебиет, экономика, қазақ тарихы, әлеуметтік география, ұлттық теңге, спорт секілді ортақ тақырыпта берілген сұрақтарға жауап берді. Ойынның қорытындысы бойынша, жеңімпаз 3-ші курс студенті «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенті Қазыбек Әсел болды.

2019 жылдың 20-ақпанында «Бизнес» кафедрасы «Coding Skills» бағдарламасы бойынша ТжКБ ұйымдарында оқитындар арасында II өңірдік олимпиада өткізді. Бұл іс шараның мақсаты – ұйым оқушыларының арасында зияткерлік жарыстарға қоғамның назарын аудару, зияткерлік көшбасшылықты, командалық насихаттаушы, талантты жастардың кәсібилігін арттыру, ШҚО-да ақпараттық технологиялар саласын дамыту, сондай-ақ практикалық дағдыларды тексеру және қойылған міндеттерді шешуде шығармащылық жолын дамыту.

Олимпиадаға келесі колледждер қатысты:

  1. Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжі
  2. ҚАЕУ колледжі
  3. Шығыс техникалық-гуманитарлық колледж
  4. Семей қаласының «Радиотехника және байланыс» колледжі
  5. Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ Жоғарғы колледжі
  6. Өскемен политехникалық колледжі

Студенттерге әртүрлі бағдарлама жасау бойынша 5 түрлі тапсырма берілді.  1-ші жеңіл тапсырма (1 бал), 2-ші тапсырма орташа (2 б), 3-ші тапсырма қиын (4 б) және соңғысы ең күрделеніп берілгені (5 б). Студенттерге 3 сағат берілді. Бағдарламалау тілі шектелмейді, қандай бағдарламалауды қолданатыны студенттер өздері таңдады. Интернет қолдануға тыйым салынады. Студенттердің жұмысын әділ-қазылар алқасы  бағалады. Қазылар алқасында «1С Рейтинг» ЖШС инженер бағдарламашысы – Дмитрий Юрьевич, математика магистрі, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Бердібеков Азамат, ШҚМТУ – «Ақпаратты жүйелер» докторанты, техника және технология магистрі – Четтыкбаев Руслан Қайратұлы, «Бизнес» кафедрасының бас оқытушысы, техникалық ғылымдар магистрі – Мұратұлы Дидар болды.

II регионды Олимпиадада өткен «Coding Skills» бағдарламасының қорытындысы бойынша, Өскемен политехникалық колледжінің студенті – Сюрсин Михаил Николаевич – бірінші дәрежелі дипломмен және «Бизнес» кафедрасында оқуға 30% жеңілдік сертификатымен марапатталады. Ал, Шупляк Сергей Сергеевич, политехникалық колледж студенті – екінші дәрежелі дипломмен және «Бизнес» кафедрасында оқуға 20% жеңілдік сертификатымен марапатталды. Экономика және қаржы колледжінің студенті – Ткачманова Евгения Евгеньевна – «Бизнес» мамандығына оқуға 10% жеңілдік сертификатын және III дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада қатысушыларын мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

20 ақпанда «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері арасында «АҚ мамандығының үздіктері» атты олимпиада өтті. Олимпиадаға 16 студент қатысты. Қатысушыларға жүйелендіру бағдарламасы бойынша 5 түрлі тапсырма берілді. 

Жинаған ұпай санына сәйкес жеңімпаз атанғандар:

Орын

Қатысушы

Ұпай саны

1

Троценко Евгений

9

2

Шивцов Артем

7

3

Брагин Данил

5

21 ақпанда «Қаржы», «Менеджмент», «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері арасында «Alias экономикасы» атты ойыны «Бизнес» кафедрасының доценті В.Н. Непшинаның бастамасымен өтті. Alias – дөңгелек үстел ойыны, қарсылас командаға жасырын сөзді қимылсыз, біртүбірлі сөздерсіз түсіндіру. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр команда 1 минут ішінде экономика тақырыбында көп сөз түсіндірулері керек. Сөз және іс-әрекет карточкаларда жасырылады. Ойынға 18 адам қатысып, 9 команда құрылды. Ойын қорытындысы бойынша ең көп карточкаларды және сөздерді тапқан «Қаржы» мамандығының студенттері И. Бирюченко мен Р. Қадырбеков – бірінші орынды иеленді.

Бұл ойын қызықты әрі көңілді өтті. Ойынның мақсаты – студенттердің ойлау қабілеті мен ой өрістерін тексеру. Ойын студенттердің әр түрлі қиындықтағы терминдерді естеріне түсірулерімен ерекшеленді.

21 ақпанда «Бизнес» кафедрасының оқытушысы Әйгерім Оралбекқызы «Экономика басшысы» атты ойынын өткізді.

22 ақпанда Бизнес кафедердарсы аға оқытушыларының бастамасымен 3-4 курс студенттерінің арасында «2018-2019 жылдың «Үздік маманы» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға қатысушылар алдын-ала іріктелді.  1-турда мамандық бойынша тест тапсырмалары берілді. Тест қорытындысы орташа және жоғары деңгейімен бағаланды.  2-тур қаржы тақырыбындағы тапсырмаларды шешумен шектелді. Бұл турда қатысушылар тапқырлықтары, тапсырманы дұрыс шеше білуі, сауатты көзқарастары бағаланды.

 3 кезеңде қатысушы өз бизнес-жоспарын ұсынды. Бизнес жоспар ауыл және ауылды дамыту тақырыбында өрбіді. Ұсынылған бизнес-жоспарлар қызықты ғана емес, ауылдағы малшаруашылығы мен жеміс-жидек және т.б. тақырыптарының өзекті тұстары қозғалды. Конкурс нәтижесі төмендегідей: «Қаржы мамандығының үздігі», «Үздік қаржыгер» Ермекқызы Аяулым,  «МЖ және ЖБ» мамандығының үздігі Қазибек Әсел Болатбекқызы «Үздік басқарушы» номинациялары бойынша марапатталды.

 22 ақпанда аға оқытушы Е.О. Загайновтың бастамасымен «Туризм», «Менеджмент» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Аралдағы саяхат» интерактивті шығармашылық ойыны өткізілді. Шығармашылық ойын әр курс студенттерінің теориялық ой-өрістерін дамытты.

 Қорытынды туристік аттрактордың кіші макеті болды, әрбір туристің көңілінен шығу мақсатында жасалған, аз уакыт ішінде жасалған жұмыс біріккен күш арқасында студенттердің бірігіп үлкен дәрежеде жұмыс атқарғандығын көрсетті. Сонымен қатар бұл күні «Қаржы», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «МЖжБ» мамандықтарының студенттері «Маркетингті марафон» интерактивті ойынына қатысты. Бұл ойынның басшысы – аға оқытушы Уразова Н.П. болып тағайындалды.

Бұл ойын терминологияны меңгеру және сөйлеу стууденттердің мәдениеттерін көрсетті. Ойын оқыған пән бойынша толыққанды жауап беруге мүмкінді берді, өз ойын ашық, таза, логикалық жағынан жеткізді, ойынды қатып қалған қағида болмағандықтан, ойыншы жан-жақты пікір білдірді. Ойыншылар 2 топқа бөлініп, 3 түрлі тапсырмалара орындады: 1) ойынды тап, 2) терминдердің орналасуы, 3) терминдермен жұмыс. Ойынаға қатысушылар өз тараптарынан белсенділік көрсетіп, жұмыла жұмыс жасау арқасында тапсырмаларды орындау қиындыққа соқпады.

                                                                      3

Апта соңы «Жастар ортасында кәсіпкерлік мәселесі» атты дәріспен аяқталды. Дәрісті бизнес -тренер Касенов Талғат Мақышұлы өткізді.

Апта бойы ҚАЕУ оқытушылары мен студенттері белсенділік танытып, сонымен қатар колледж ұжымының қызығушылықтары жоғары дәрежеде болды. Қызықты ұйымдастырылған іс-шаралар апталығы студенттердің білімін нығайтып, жеке қырларынан көрсетуге мүмкіндік  берді. Апта бойы көтеріңкі көніл-күй ортасында өз білгеніңмен бөлісу, рухани жаңғыру сияқты жақсы қасиеттер «Бизнес» кафедрасының ұстаздарының біліктіліктерінің арқасында жүзеге асты.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru