Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ENACTUS 2014

    ҚАЕУ және  ENACTUS: жаңа биіктіктерді бірге бағындырамыз.
   2014жылдың 27 қарашасынан 29 қарашаға дейін ҚАЕУ студенттері бизнес пен білімді біріктіретін ENACTUS халықаралық бағдарламасына қатысу құрметіне ие болды. Команда Алматы қаласында «ДАМУ кәсіпкерлігінің даму қоры» АҚ-ның қолдауымен өткен  жастар кәсіпкерлігінің Форумына барып қайтты. Форумның мақсаты – жастар кәсіпкерлігінің дамыту, бизнесті жүргізу дағдыларын игеру, аға ұрпақ пен кейінгі ұрпақтың тәжірибелерімен алмасу. Аталмыш форумның қатысушылары бизнес-серіктестер, Қазақстан жастары, мемлекеттік органның өкілдері, жетістікке жеткен кәсіпкерлер.  
     ENACTUS бағдарламасы әлемнің 36 еліне ұсынылған, бизнес жетікшілерін, студент-жастар мен профессорлық-оқытушылар құрамын біріктіреді. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 45 жоо-ның студенттері 61 жобаны жүзеге асырды, 379 адам жұмысқа орналастырылды.     Жоба қызметі аясында студенттер шағын бизнестің дамуына ғана емес, олар өздерінің жеке кәсіпорындарын ашты.  
Жыл сайын әр елде ұлттық жарыстар өтеді, оның нәтижесі бойынша әлемдік кубокқа қатысатын чемпион анықталады.   2001 жылдан бастап қазақстан командалары ел намысын Лондонда, Барселонда, Парижде, Нью-Иоркте, Сингапурде, Берлинде, Куала-Лумпурде, Вашингтонда және т.б. қорғады.    
    Іс шара 27 қарашада «Атакент» кешенінің  «Бакшасарай»  қабылдау үйінде басталды. Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген спикерлер: Ержанова Альбина, Enactus Kazakhstan Президенті, ҚР Приезиденті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Джолдыбаева Галия, Ұлттық экономика Министрлігі кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің директоры, Ибрагимова Ляззат,  «ДАМУ кәсіпкерлігінің даму қоры» АҚ басқарма төрағасы, Грегор Моват, Қазақстан мен Орта Азия KPMG серіктес басқарушысы, Жумабек Жаныкулов,  КАЗКА басқармасының төрағасы және т.б. Бағдарлама бойынша іс шараның бірінші күні ҚАЕУ студенттері команда парадтарына, «Кәсіпкерліктегі менің жүріп өткен жолым» печа-куча форматындағы жастар жобасының көрмесіне қатысты, бизнес-серіктестердің шеберлік кластарына,  «Top to future top forum» дөңгелек үстелдер сессиясына қатысты. 28 қарашада ҚАЕУ  студенттері «Жобаларды талдау» бизнес-ойынына қатысты, топпен жұмыс істеп бизнес-кейсті талдады, сонымен қатар «Даму» қорының шеберлік кластарына қатысты.  29 қарашада «Кофе - Бизнес» форматында Алматы технологиялық университетінің территориясы аумағында Алматы қаласының Enactus командаларымен достық кездесу өткізілді, асқан қызығушылықпен ШҚО координаторы, бағдарлама менеджері   Рүстем Дюйсенов пен бағдарлама директоры Айдар Какабаевтың семинарына қатысты. Біздің командамен ұсынылған жобаларға Азербайджандық бизнес-серіктес Муса Кулиев, EcolocoPro бас директоры Мурат Ильясов, «JK Group» ЖК бизнес тренері Галым Жакупбаев сияқты бизнес серіктестер қызығушылық танытты. Студенттер білімдерін толықтырып жаңа достар тапты, Алматы қаласынан үлкен әсер алып қайтты. Олар енді 2015 жылы Алматы қаласында өтетін республикалық жастар кәсіпкерлігінің конкурсына қатысу үшін өз жобаларын жүзеге асыруға дайын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru