Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ЖАС ЗЕРДЕ» студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ІІ конкурсы

2016ж. 4 наурызда Алматы қаласында Алматы Менеджмент Университетімен (AlmaU) және Қазақстанның қоғамдық пікір мен нарықты кәсіби зерттеушілері ассоциациясының ұйымдастыруымен «ЖАС ЗЕРДЕ» маркетинг пен социология саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ІІ Халықаралық байқауының финалдық кезеңі өтті.

Ортақ ұйымдастырушылар – Қазақстан социологтарының Ассоциациясы мен маркетологтар Гильдиясы.

Байқауды өткізу мақсаты – студенттердің аналитикалық ойлауы мен шығармашылық бастамаларын дамытып интелектуалды потенциалын қалыптастыру, маңызды салаларда өздігінен зерттеулерді қолдау. «Конкурсқа 11 қаладан және 3 елден 69 студенттік команда қатысты: Қакзақстан, Ресей, Украинадан. Студенттер әртүрлі тақырыпқа зерттеулер жүргізді: маркетингтегі инновациялар, елдің бренді мен ұлттық идеологиясы, экологиялық қауіп-қатер мен жасыл технологиялар, әлеуметтік проблемаларды зерттеу мен оны шешу жолдары, әртүрлі нарықты зерттеу – фаст-фудтан бастап ұялы байланыс нарығына дейін, және жұмыс деңгейі – таза студенттіктен жоғары кәсібилікке дейін. Бірінші тур online-форматында өтті. Жіберілген жұмыстарды сараптау қорытындысы бойынша финалдық турға 22 команда шықты. Байқау барысында қазылар алқасы мүшелері ретінде танымалы тәжірибешілер шақырылды, олардың арасында Қазақстанның, Маркетологтар Гильдиінің, Қазақстанның социологтар Ассоциациясының, Kcell компаниясы мен Еуропа даму және қайта құру Банкі сияқты ірі жетекші зерттеулік компаниялардың өкілдері болды.

 120420163

Байқау екі қосымша секция бойынша өтті: «Маркетингтік зерттеулер» және «Әлеуметтік зерттеулер», әр секцияның өз жеңімпаздары болды. Қазақстан-Американдық еркін университетінің намысын мемлекеттік тілде оқитын 5В050900 «Қаржы» мамандығының 2-3 курс студенттері қорғады: Талғатұлы Әуез, Тохтарбекова Мадина және Ерлібекова Жұпар.

 120420164

Олар қазылар алқасы сотына «Әлеуметтік зерттеулер» секциясы бойынша мынадай тақырыпта екі жоба ұсынды: ««LIGHT CYCLE» сынапты лампаларын кәдеге жарату» және «Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қоқыс қалдықтарын қайта өндеу мәселесі». Қатысушы 10 команда ішінде біздің студенттер жалпы сынақта 4 орынды және «Ең жасампаз жоба» номинациясын жеңіп алды, демеушілерден сыйлықтар, жаңа достар тауып, байқау мен Алматы қаласынан ұмытылмас әсерлер алды. Тағы бір қоса кететін жайт, студенттерге ғылыммен айналасуға, жобалармен жұмыс жасауға, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып және оқу процесінен рақаттылық сезім алу үшін бұндай іс-шаралар трамплин болып табылады. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru