Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттік ғылыми үйірме

 «Lingua» студенттік ғылыми үйірмесі

«Lingua» студенттік ғылыми үйірмесі кафедра жұмысының аясында жұмыс істейді. СҒҮ шет тілдер кафедрасымен, университеттің студенттік орталығымен, ғылми-ұйымдастыру бөлімімен тығыз байланыста жүргізіледі. Студенттік ғылыми үйірменің қызметі оқу жылына арналған СҒҮ Ережесі мен СҒҮ қызметінің бекітілген жоспары негізінде құрылған.  Жұмыс бізде дәстүрге айналған жобалардың сапалы дамуына, сонымен қатар жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған. СҒҮ негізгі тақарыптары: тілі білімінің қазіргі мәселелері, грамматика, лексика, көркем аудармаға қатысты мәселелер, мәдениет аралық коммуникация мәселелері. Конференция мәжілісінің қорытындысы бойынша студенттердің баяндамалары жарияланады. Сонымен қатар СҒҮ  оқу жылының ішінде жоо-ның студенттері үшін әр түрлі тақырыпта бірнеше рет мәжілістер өткізеді.  Мәжілісте студенттерді қызықтыратын зерттеу тақырыптарын дайындау мәселесі талқыланады. Үйірме мәжілісі мамандық бойынша тақырыптарды аудару мәселесіне де баса көңіл бөлді.   Мәселе орыс және ағылшын тілінде талқыланды.  Студенттер дискуссияға белсене қатысты, талқыланған мәселені шешу жолдарын ұсынды. 

  СҒҮ қызметі студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға әсер етті және университеттің ғылыми өміріне құлшына араласуға, сонымен қатар кәсіби коммуникация саласында жұмыстың маңызын ұғынуға және сезінуге ықпалын тигізді.   

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru