Ғылым және шығармашылық аптасы - 2016

Ғылым және шығармашылық аптасы университетте білім алу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі ол студенттерге аудиторияларда оқудан тыс уақыттарда шығармашылық және академиялық дамуға мүмкіндік береді.

 

Шет тілдер кафедрасында 14.03.2016ж. - 18.03.2016ж. аралығында аудиториядан тыс жоспарға сәйкес Ғылым және Шығармашылық Аптасы өткізілді.

Апта әртүрлі олимпиадаларға, семинарларға, интелекті ойындарға, шығармашылық іс-шараларға толы болды, студенттер апта бойы екінші шет тілі ретінде оқып жатқан елдің мәдениетін терең оқып үйренді.

14.03.2016ж.

Ғылым және шығармашылық аптасының ашылуы. Тілдік мамандықтардың барлық студенттеріне («Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі») осы апта ішінде іс-шараның өтуі туралы хабарлама жасау.

Ағылшын тілінде «Своя игра» атты интелекті ойын. Ойын жоғары курс студенттеріне 2-ші курста өткен «Елтануды» еске түсіріп, ал кіші курс студенттеріне осы саладағы білімдерін тексеруге рік берді. Жеңімпаз болып «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Андреева Виктория табылды.

15.03.2016ж.

«Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған олимпиаданың бірінші турын өткізу. Олимпиаданың бірінші туры орыс тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударма жасаудан тұрды. Барлық қатысушылар берілген мәтіндерді жазбаша аударып шықты. Қорытынды бойынша екінші турға «Аударма ісі» мамандығының 10 үздік студенті таңдап алынды: Даирбаев Дамир, Алибекова Раушан, Гайворонская Мария, Трегуб Мила, Городничева Анна, Чалдыбаева Рената, Нурпеисова Камалия, Чирцов Кирилл, Бахаева Регина, Егорова Татьяна.

«Шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған «ELT Methods» тақырыбына семинар өткізу. Семинар екі бөлімнен тұрды: теориялық және тәжірибелік. Теориялық бөлімі семинар тақырыбы бойынша 30-минуттық дәрісті, тәжірибелік бөлімі топтардағы семинарға қатысатын студенттердің жұмысын қамтыды. Қысқаша дәрістен кейін студенттерге семинардың тақырыбы бойынша лекторға сұрақ қоюға мүмкіндік берілді. Өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып болған сон, студенттер таңдалып алынған әдіс бойынша ағылшын тілін оқыту сабағының бөлігін ұсынды. Семинар біткен сон студенттерге сертификаттар берілді.

16.03.2016ж.

Студенттерге арналған олимпиаданың екінші турын өткізу. «Аударма ісі» мамандығының студенттері орыс тілінен ағылшын тіліне ауызша-жазбаша аударма жасағандай ағылшын тілінен орыс тіліне де жасады. Аудармаға баға өлшемі: аударманың мағыналық деңгейінің түпнұсқаға жуықтығы, аударманың мәнерлік-стилистикалық тиістігінің түпнұсқаға сәйкестігі, терминологиялық дұрыстығы. Қорытынды бойынша олимпиаданың 3-ші турына қатысуға 5 студент таңдалып алынды. Олимпиаданың 3-ші турына студенттерге үй жұмысы берілді – Абай Құнанбаевтың шығармаларынан қысқаша мәтіндерді ағылшын тіліне аудару.

«Угадай фильм» ойыны. Шетел орындаушылары мен фильмдерінің шығармашылығының әуесқойлары мәжіліс залына жиналды, осы саладағы өздерінің қабілеттерін тексеру үшін.  Іріктеу тур қортындысы бойынша бірінші орынға күресуді жалғастыру үшін үш жұп таңдалып алынды. Бұл іс-шарада 1-ші, 2-ші, 3-ші курс студенттерінен 3 жұп қатысты. Жеңімпаздар болып «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері   Штыков Александр мен Васильченко Влада табылды. Оларға ескерткіш жүлделері ұсынылды.

 17.03.2016ж.

Екінші шет тілін таныстыру рәсімі. «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 2, 3, 4 курс студенттері ұсынулар, сахналы көрсетілімдер дайындап, ән салып, би билеп оқып жатқан шет тілінің елінің мәдениетін қаншалықты білетіндерін көрсетті.

18.03.2016ж.

Ағылшын, испан, түрік, неміс, француз тілдерін оқитын студенттер арасында «Битва хоров» конкурсы өтті. Әр хор 2 ән орындады, көрсетілім аяқталысымен қазылар алқасы байқау номинациясы болатын критерий боынша баға қойды. Қазылар алқасы құрамына  «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Мензюк Галина Анатольевна, «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Осколкова Анна Александровна және шақыртылған қонақ, оқытушы көмекшісі Джордан Чен кірді.

Байқау аяқталысымен Ғылым және Шығармашылық Аптасының салтанатты жабылу бөлімі өтті. Олимпиаданың аударма жасау, «Битва хоров» байқауы бойынша жеңімпаздарға сертификаттар мен естелікті жүлделер тапсырылды.

 

«Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Смагина А.В.