Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталыгы -2017

Ғылым мен шығармашылық апталығы университтегі білім алу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ол студенттерге шығармашылық және академиялық тұрғыда сабақтан тыс уақытта дамуларына мүмкіндік береді.

Шет тілдері кафедрасында 13.03.2017жылдан 17.03.2017жылға дейінгі аралықта Ғылым мен шығармашылық апталығы өткізілген болатын, оған студенттер мен оқытушылар қатыстырылды. 

Апталық олимпиада, ғылыми-зерттеу жұмысы, зияткерлік ойындар, шығармашылық шаралар сияқты шараларға толы болды.

Апталықтың алғашқы күнінде Ғылым мен шығармашылық апталығының ашылуы болып, тілдік мамандықтарда («Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі») оқитын барлық студенттер үшін апталық бойында барлық жоспарланған шаралар хабарландырылды.

Алғашқы екі күнінде 5В020700 «Аударма ісі» мен 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының бірінші, екінші және үшінші курс студенттері арасындағы олимпиаданың бірінші кезеңі өткізілді. Бұл кезең лексика-грамматикалық тесттен тұрды, өйткені аталмыш тест бақылаудың ыңғайлы әрі үнемді түрі. Тест тапсырмалары білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес құрастырылды. Олимпиаданың бірінші кезеңін өткізуге жауаптылар Кызыкеева Алма Бакытбековна мен Ларина Марина Владимировна болды.

Ғылым мен шығармашылық апталығының үшінші және төртінші күнінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберінде 5В020700 «Аударма ісі» мамандығы студенттерінің курстық жұмыстарын қорғау өткізілді.

Сондай-ақ үшінші күні олимпиаданың екінші кезеңі – «Мамандықтың үздігі» сайысы өткізілді. Оған бірінші тур қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған студенттер қатысты.

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы студенттеріне арналған екінші тур –аударма сайысы болса, екіншісіне шешендік өнер сайысы болды.

Екі тілде аударған студенттердің жұмыстарына қойылатын талап: аударманың түпнұсқа мазмұнына жақындығы, стильдік ерекшеліктерінің сақталуы, терминдік сауаттылық. Ал болашақ мұғалімдерге әлеуметтік мазмұндағы жарнама брошюрасын таңдап, оны жарнамалау бойынша өз бағалау критерийлері қойылды.

Олимпиада жеңімпаздары:

«5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша мамандықтың үздігі»

1)  Зайцева Я., 3 курс- 1 орын

2)  Дидахметова Д., 2 курс- 2 орын

3)  Ткаченко В., 1 курс және  Толумханова А., 2 курс- 3 орын

 

«5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша мамандықтың үздігі»:

1)  Самокова А., 1 курс- 1 Орын

2)  Сулейменова Т., 3 курс- 2 Орын

3)  Толчеева Ю., 2 курс- 3 Орын

Екінші турды өткізу бойынша жауаптылар Герсонская Валентина Владимировна мен Самойлова-Цыплакова Инна Михайловна болды.

Апталықтың төртінші күнінде студенттер үшін барлық оқытылатын тілдерде «Квест» зияткерлік ойыны өткізілді. Жеңімпаздары - Сухова Е., Езенок А., Кляузер А., Крюкова А.

Қалған студенттер сол сияқты барлық басқа тілдер бойынша өткізілген викторинаға қатысты. Викторина жеңімпаздары: Абдуалиева А., Шаймарданова А. Ойынға жауапты болған оқытушы - Смагина Анна Витальевна. Апталықтың қорытынды күні екінші шет тілін таныстыру ретінде өтті. Ол бірінші курс студенттеріне арналған болатын. Конкурс аяқталған соң Ғылым мен шығармашылық апталығының салтанатты жабылуы өткізілді. Презентация қатысушыларына естелік кәдесыйлар тартылды және т.б. марапатталды. Екінші шет тілдерімен таныстыруға жауапты болған кафедра оқытушылары - Мельникова Татьяна Александровна, Ларина Марина Владимировна, Абилов Серик Мерзоянович, Кулинка Елена Сергеевна. Ал апталықтың жабылуын  кафедра меңгерушісі Новицкая Юлия Васильевна өткізді.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru