Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталыгы - 2019

Студенттерге оқу орнындағы аудиториялардан тыс шығармашылық және академиялық тұрғыдан дамуға мүмкіндік беретін ғылым мен шығармашылық апталығы университеттегі оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. 

Шет тілдер кафедрасында 25.05.2019-29.05.2019 күндері аралығында аудиториядан тыс іс-шаралар жоспарына сай оқытушылар мен студенттердің қатысуымен ғылым мен шығармашылық апталығы өтті. 

Олимпиада, ғылыми-зерттеу жұмысы, шығармашылық іс-шаралардың негізінде апта қызыққа толы болды. 

Алғашқы күні ғылым мен шығармашылық апталығының ашылуы болып, осы апталық аясында өтетін іс-шаралар туралы тіл мамандарының барлық курстарына ("Аударма ісі", "Шет тілі: екі шет тілі")  xабарланды.

Алғашқы екі күнде 5В020700 "Аударма ісі" мен 5В011900 "Шет тілдері: екі шет тілі" мамандықтарының 2,3 курс студенттері курстық жұмыстарын қорғады.

27.05.2019 күні "Аударма ісі" мен "Шет тілдері: екі шет тілі" мамандықтары студенттерінің арасында олимпиада өтті. Бірінші кезең лексико-грамматикалық мәтіннен тұрды. Лексикалық және грамматикалық тест сұрақтары - бұл бақылаудың ыңғайлы және үнемді формасы. 

Студенттердің лексикасы мен грамматикасын тексере отырып, оқытушы ағымдағы білім деңгейі диагностикасы мақсатында студенттердің лексикалық және грамматикалық дағды қалыптастырғанын тексере алады. Тест тапсырмалары білім алушылардың деңгейіне сәйкес құрастырылған. Тест тапсырмалары оқытылып жатқан пән бойынша білім алушыларды ынталандыратын және мотивациясын арттыратын аса тиімді құрал. Олимпиаданың 1-кезеңінің өткізілуіне жауапты болғандар: Герсонская Валентина Владимировна, Самойлова-Цыплакова Инна Миxайловна, Энгель Юлия Олеговна.

Сонымен қатар, үшінші күні олимпиаданың екінші кезеңі - "Лучший по специальности" сайысы өтті. Екінші кезеңге  олимпиаданың бірінші кезеңі бойынша тестен ең жоғары балл жинады дегендер таңдалып алынды. "Аударма ісі" мамандығының студенттері орыс тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне ауызша, жазбаша түрде аударма жасады. Аударманы бағалау өлшемшарты: аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындық деңгейі, түпнұсқаның жанрлық-стилистикалық қатыстылығына аударманың сәйкестігі, терминологиялық дәлдік. 

2-кезеңнің өткізілуіне жауапты болған аға оқытушылар: Герсонская Валентина Владимировна мен Кызыкеева Алма Бакытбековна.

Аптаның төртінші күні 1,2 курс магистранттары баяндама қорғады. 

Бесінші күні екінші шет тілі таныстырылымдары ұсынылды. Түрік, испан, неміс тілдерін оқып жатқан 2,3-курс студенттері қойылымдар көрсетіп, ән айтып, би биледі. Осылайша, 1 курс студенттері келесі жылы қай тілді таңдау керектігін түсіне білді. 

Екінші шет тілі таныстырылымына жауапты болғандар: Загороднева Алена Владимировна, Бакытбек Алия Бакытбековна, Адылгазина Кымбат Муратбековна, Энгель Юлия Олеговна, Камзина Жаннур Калибековна.

Ғылым мен шығармашылық апталығының қорытындысын сәтті шықты деп есептеуге болады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru