Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Педагог-психолог» студенттердің ғылыми үйірмесі

«Педагог-психолог» студенттердің  ғылыми үйірмесі

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы  кәсіби және ғылыми міндеттерді өз бетімен шешетін білікті мамандар дайындаудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.  Кафедрада студенттердің «Педагог-психолог» ғылыми үйрімесі өз жұмысын сәтті жалғастырып келеді.

Студенттердің «Педагог-психолог» ғылыми үйрімесі  - болашақ ғылыми қызметте өзін жас маман ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін студенттердің ерікті ұйымы. Ғылыми үйірменің мақсаты болып табылады:

  • Студенттердің бойында ғылыми шығармашылыққа деген қызығушылықты қалыптастыру;
  • Ойлау шығармашылығын, өз бетімен ғылыми жұмыс істеуді дамыту, ішкі ұйымдастырушылықты, оқуға деген саналы көзқарасын арттыру, білім алу процесінде алған білімді бекіту және тереңдету.

Негізгі міндеттері болып табылады:

  1. Студенттердің таным бойынша ғылыми әдістерді меңгеруі және зерттеу жұмысына деген мотивацияның қалыптасуы ;
  2. Ғылыми-практикалық жұмыспен белсенді айналысатын студенттерге қолдау көрсету;
  3. Студенттердің үздік ғылыми жұмысын жариялауға көмек көрсету;
  4. Студенттердің кафедра бойынша ҒЗЖ орындауға қатысуы;
  5. Студенттердің ғылыми үйірме (СҒҮ) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс.

Үйірмеде жұмыс істеу студенттердің дамуына және өз әлеуетін ашуға, жетістікке жетуге және кәсіби өсуіне көмектеседі. Ғылыми үйірмеге қатысатын студенттердің көпшілігі, өз қызметтерінің келесі мотивтерін айқындайды: танымдық қызығушылық және өзін өзі жетілдіруге ұмтылу.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru