Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым және шығармашылық аптасы - 2016

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАСЫ - 2016

 

2016ж,  15 ақпаннан 19 ақпан аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының Ғылым және Шығармашылық Аптасы өтті. Бұл аптаның әр күні түрлі іс-шараларға толы болды, «Педагогика және психология» кафедрасының студенттері күн сайын олар тек ақылды, дарынды да зерек емес, сондай-ақ жасампаз және спортқа әуес екендіктерін дәлелдеді.

 

15 ақпан

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері аралығында «Үздік студенттік ғылыми жоба» конкурсы өтіп 9 ғылыми жоба қорғалды. Жобалар таңдалған спорт түрінің актуалды проблемалары мен әдістемесіне, хоккейдегі жарақаттану проблемалары мен оны шешу жолдарына, жас боксшылардың спорттық жаттығу жас ерекшеліктеріне, табақша лақтыруда арнайы күш сапасын дамыту мәселелеріне, армрестлингтегі арнайы шынықтыру сапасын дамытуға арналған. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды:

1 орын – «Теннис орталығының жобалауы мен құрылысы» жобасымен Кондратенко Роман;

2 орын – «Өскемен қаласында жеңіл атлетика стадионын салу» жобасымен Клименко Николай;

3 орын – «ШҚО-да футбол базасын құру» жобасымен Бутин Антон.

16 ақпан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері арасында «Жүзден жүйрік» зияттық ойыны, конкурста 1, 2, 3 курстарынан 10 студент қатысты. Конкурс қорытындысы:

1 орын -  Әлжапаров Нұржан;

2 орын - Тарыбаева Назерке;

3 орын - Касымханова Назерке.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттер арасында орыс тілі бойынша студенттік эссе конкурсы.  Конкурс қорытындысы:

1 орын – Серікұлы Мирас, Жомартова Әйгерім;

2 орын - Жаңбырбай Дана, Абаев Расул;

3 орын – Есенгелдина Айдана, Мержакыпова Зарина.

«Психология» мамандығының студенттеріне арналған «Жыл психологы - 2016» конкурсы. Конкурс 6 турдан құрылды: «Таныстыру», «Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер», «Ситуациялық жағдайларды шешу», «Сиқырлы қобдиша», «Үй тапсырмасы», «Ойлан тап - логикалык тапсырмалар». Конкурс қорытындысы бойынша 116 балл жинап 2 курс студенті Ержембаева Зарина жеңіп шықты, оған «Жыл психологы-2016» атағы берілді.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттеріне арналған «Жыл мұғалімі-2016» конкурсы. Конкурс 3 турдан құрылды:  «Ойсана», «Логика» и «Педагогикалық тілдесудің ирегі». Конкурс қорытындысы бойынша «Жыл мұғалімі -2016» 2 курс студенті Бондарь Елена болды.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттерінің арасында «Кім жүйрік?» спорттық – интерактивті ойыны. Ойынға 4 команда қатысты:  «Достық», «Алғыр», «The best», «Болашақ». 1 орынды Социалова Бекзат, Төлегетаева Насира, Құмалқанова Айымгүл, Ашуова Құралай, Рымбекқызы Майра, Есентаева Альмира құраған «Достық» командасы алды; «Үздік ойыншы» номинациясында 1 курс студенті Құмалқанова Айымгүл марапатталды.

17 ақпан

Филологиялық мамандықтар студенттеріне арналған «Қазіргі замандағы түркі тілдерінің орны» тақырыбына семинарды «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Левина Татьяна Викторовна өткізді, өткізу барысында студенттер түрік тілдерінің тарихи тіл білімі ерекшеліктерін талқылады.

Орыс тілде оқитын «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері «Жыл студенті – 2016» конкурсын өткізді. Конкурсқа қатысқандар: Бисенгалиева Жібек, Қайсанова Мақпал, Кемелқанова Ақерке, Асқарова Мақпал, Ақажанова Зейнеп, Оразбаева Назерке, Қизатова Мақпал, Дәулетханқызы Зарина. Конкурс қорытындысы бойынша 3 курс стуенті Бисенгалиева Жібек «Жыл студенті - 2016» болды.  

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері арасында «Жыл дене шынықтырушысы» олимпиадасы өтті. Оған 1, 2 және 3-ші курс студенттері қатысты. Олимпиада 3 турда өтті. Олимпиада қорытындысы:

1 орын – Касымжанов Дидар;

2 орын – Кибатолдин Әділ;

3 орын -  Дәулетханов Мұрат.

Психологиялық тренингтер:

· «Психология», «Қаржы», «Құқықтану» мамандықтарының студенттеріне арналған «Ешкімге сенбе» тренингін Ақия Эльмира мен Жеңіс Мадина өткізді. Тренинг мақсаты – өмірді қолдау және өмірден рақаттылық алу. Тренинг барысында «Уақыттың құндылығы туралы» слайды, «Өтірікшілер ойыны» бейнетұспал және ойынға арналған карточкалар қолданылды.

·  «Психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдісьемесі», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының студенттеріне арналған «Позитив» тренингін Қалкенова Наркес пен Асланова Құралай өткізді. Белсенді қатысқаны үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Қыдырмолда Жансая марапатталды.

«ҚАЕУ Президентінің кубогі» профессорлық-оқытушылар құрамы арасында волейболдан турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа «Педагогика және психология», «Шет тілдері» кафедраларының оқытушылары қатысты. Осы жолы турнир қызықты да көріністі ойындармен ғана емес, сондай-ақ үш кафедраның оқытушылары ертеде жеребе салумен анықталған әртүрлі командаларға бөлінумен есте қалды. Сондай-ақ, команда құрамына кәсіби волейболшылар кіріп осы іс-шараның көрінісін одан да қызықты етті.

Жарыс қорытындысы:

1 орын - Самойловой-Цыплакова Инна, Четтыкбаев Руслан, Шорганова Айнур, Бакытбеккызы Балгын, Шарафутдинова Алина, Ыбыраева Айым құрамындағы команда.

2 орын – Орман Кулихан, Шихотова Елена, Бердыбеков Азамат, Ежикенова Лейла, Магурьян Кристина құрамындағы команда;

3 орын – Муратулы Дидар, Колюжная Светлана, Бортникова Диана, Мейстер Елизавета, Мамырбекова Динара, Жайлаубек Назерке құрамындағы команда.

К.М.Нариманян кубогының иегері мен ең үздік ойыншы болып табылған «Бизнес» кафедрасының оқытушысы Муратулы Дидар.

18 ақпан

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттерінен құрылған «Алғыр», «Болашақ», «Достық» және «The Best» төрт командасы “Fashion Group” танымдық ойынына қатысты. Ойын «Таныстыру», «Көңілашар», «Fashion  school», «Ұшқыр-ой» 4 турынан өтті. Тур қорытын бойынша 1 орынды «Болашақ» командасы алды.

«Қазіргі замандағы орыс тілі мен әдебиетінің рөлі» тақырыбына мини-конференция. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 және 4 курс студенттері өз баяндамаларын ұсынып, әдебиет пен тіл білімінің өзекті мәселелерін талқылады. Конференция қорытындысы бойынша студенттердің баяндамаларының бәрі жоғары оқу орындарының шығармашылық баспаларына басылымға жіберіді.

«Психология» мамандығының студенттеріне арналған сертификатталған психолог-терапевтерінің шеберлік сабақтары:

  • «Бірге болу шеберлігі: махаббат пен қарым-қатынас» (спикерлері Осипова О., Мерсиянова А.);
  • «Психолог жұмысындағы метафорлық карталар» (спикері Мерсиянова А.П.);
  • ««Королевство» Әлеуметтік-психологиялық ойыны» (спикері Ващилов И. - «Bliss» орталығының тәжірибелік психологы).

«Зерде» психологиялық орталығында «психология» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Адамдар қарым-қатынасындағы махаббат» семинар-тренингі өтті (жүргізуші Нурсолтанова Д.Т.)

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ақын М.Мақатаевтың 85-жылдығына арналған «Жыр жүйрігі Мұқағали» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеш барысында М.Мақатаевтың өлеңдері орындалып, ақындық шығармалары оқылды, және де «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойылды.

 

19 ақпан

«ЖОО студенттерінің ғылыми қызметін ұйымдастыру мәселелері» ғылыми-практикалық семинары (спикері «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Н.А.Мошенская). Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы ғылымның өзекті мәселелері туралы, ЖОО-да ғылыми қызметтің ерекшеліктерін, студенттердің ғылыми қызметін жүзеге асыру әдістері мен даму перспективаларын талқылады,

«Психология» мамандығының 1-4 курс студенттері аралығында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Е.Н.Вдовинамен «Не?» «Қайда?» «Қашан?»  интеллектік ойыны өтті. Ойынға 2 команда қатысты: «Михаил және қыздар» және «Фрейд».

«Педагогика және психология» кафедрасының Ғылым және Шығармашылық Аптасы соңында мәжіліс залында салтанатты жабылу өткізілді, онда кафедраның әрбір мамандығының іс-шаралары бойынша есептері ұсынылды, белсенді қатысқандары үшін студенттер грамоталар мен кәдесыйлармен марапатталды. 

Ғылым және Шығармашылық Аптасының жабылуына Өскемен қаласының №6699 Әскери бөлімі ММ әкімшілік қызметкерлері қатысып салтанатты түрде аға оқытушы Байтемирова Каракат Берикхановна мен «Психология» мамандығының студенттеріне психодиагностикалық жұмыстарына көрсетілген көмектері мен ынтымақтастықтары үшін грамоталар берді.

 

 

«Педагогика және психология»

кафедрасының оқытушысы 

Мошенская Н.А.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru