Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталыгы -2017

 27.02.2017 ж.

10.00–акт залында Ғылым мен шығармашылық апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына барлық студенттер мен оқытушылар қатысты, мамандықтар бойынша презентациялар, музыкалық нөмірлер көрсетілді.

 

12.00–14.00 - «Психология» мамандығы оқытушылары мен студенттері арасындағы «Что? Где? Когда?» атты зияткерлік ойынын өткізді. Бірінші орынға «Психоапокалипсис» командасы иеленсе, екінші және үшінші орындарды «Лучшие» мен «Чудо психологи» командалары алды. Шараға жауапты Вдовина Е.Н. болды.

 

28.02.2017 ж.

11.00 - «Психология» мамандығы «Транзактный анализ» шеберлік-сыныбын өткізді. Оны өткізуші Карасева Татьяна Александровна, тәжірибедегі психолог. Жаттықтырушы анализдің теориялық негіздерімен таныстырып, практикалық жаттығулар өткізді.

11-00 –«Журналистика» мамандығы орыс тілі бойынша олимпиада өткізді. Ол қазақ тілінде оқытылатын студенттер арасында болды. «2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы үш тілді білім беруді дамытудың жол картасы» шеңберінде өткізілген аталмыш олимпиаданың жеңімпаздары: Жoмартқанова М., Серікқызы З., Оразова М.

12.30 - «Телесно-ориентированная терапия» шеберлік сыныбы өткізілді. Жүргізушісі - Карасева Татьяна Александровна, тәжірибедегі психолог. Жаттықтырушы дене арқылы психикамен жұмыс істеу жолдарын көрсетті.

14.00-15.00– топтарға бөлінген студенттер «Психология будущего» тақырыбында өз бейнежобаларын ұсынды.

14-00«Жураналистика» мамандығының екінші курс студенттері арасында «Менің мамандығым» атты эссе сайысын өткізді.

17.30–ҚАЕУ-дің спорт залында ПОҚ арасындағы жыл сайынғы волейбол бойынша «ҚАЕУ президентінің кубогы» жарысы өткізілді. Жеңімпаз команданың құрамындағы оқытушылар мен студенттер: Бердибеков Азамат Бердибекович, Муратулы Дидар, Рахимов Азат, Абусалык Бакыт, Жанатова Акбота.

 

01.03.2017 ж.

8-30 -16.00  Аймақтық «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шара «Педагогика және психология» кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының «Ғылыми шығармашылық апталығының» шеңберінде ұйымдастырылды. Байқау  келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1.                Мәтінді мәнерлеп оқу байқауы (Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері).

2.                «Абай өлеңдеріне әндер» байқауы (қазақ  және орыс тілдерінде).

Өткізілген шараның мақсаты –Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын жаңғырта отырып,  өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау.

Мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды:

Бағыт

Орын

Қатысушы

Мектеп

Қазақ тілінде оқылған Абай өлеңдері

 

 

I

Ғабдуллаева Дильназ

«Прапорщикова орта мектебі» КММ

Азат Кәусар

 

«Верх – Березовка орта мектебі» КММ

Сембаева Гүлмарал Тоқтағазықызы

«Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

 

 

II

Раисова Айгерим

 

«№1 Предгорный орта мектебі» КММ

 

Ниязбекова Томирис

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

Қыдырбек Бексұлтан

 

«Верх – Березовка орта мектебі» КММ

 

III

Макариева Жұлдыз

 

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

Орыс тілінде

оқылған Абай өлеңдері

I

Муртазина Анастасия

«Ахмер орта мектебі» КММ

II

Русланова Вера

«№24 орта мектеп» КММ

III

Яцола Александр

«Бриг»жекеменшік бизнес мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай әндері бойынша

 

 

I

Абилова Айым

«№16 орта мектеп» КММ

Трухина Анастасия

«№ 38 Гимназия»   КММ

Исаева Анастаси

«№30 орта мектебі» КММ

 

 

 

II

Егорова Полина

 

«№ 36 орта мектебі» КММ

 

Қайырғазы Тоғжан

ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

 

 

 

III

Коробейникова Василина

Өскемен қаласы әкімдігінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Рахимбекова Милара

«№ 26 орта мектебі» КММ

 

Біржан Әмір

 

ШҚО  Аягоз ауданы Мамырсу ауылы, «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Талғатбекова Ислана

«№7 орта мектебі» КММ

«Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысына өңіріміздің Аягөз, Ұлан, Глубокое және Өскемен қаласы мен қаланың шет аудандарынан барлық саны 71 оқушы қатысты.

09-00 – «Журналистика» мамандығы шеңберінде «Психологические особенности восприятия фотографии» тақырыбындағы шеберлік-сыныбы өткізілді.

9.00 - 5В050300 «Психология» мамандығының 1,2,3 курс студенттері арасында «Талапты да, таланты» сайысы өткізілді. Ол келесі кезеңдерден тұрды:

I. «Таныстыру»

II.    «Викториналық сұрақтар» 

III. «Ойлан тап - логикалық тапсырмалар»

IV.«Топтық өнер көрсету»

V.   «Капитандар сайысы»

VI.«Психологтың сиқырлы әлемі» ойыны

Қорытынды бойынша  1 курс студенттері бірінші орын, 2курс студенттері екінші орын, 3курс студенттері үшінші орынға қол жеткізді.

13-00– кафедраның «Журналистика» мамандығы «Особенности рецензирования художественных произведений» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға талданатын тапсырмалар орындау ұсынылды. Қатысушылар түрлі рөлдерде шықты – авторлар, адресаттар, рецензенттер мен қарапайым оқырмандар.

14-00 - «Психология» мамандығының студенттері топ бойынша «Мое призвание в профессии» тақырыбында арт-бейнелерін құрса, 16.00–де мамандық студенттерінің арасында шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

 

02.03.2017 ж.

08.00барлық мамандықтардың бірінші курс студенттері арасында

«Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты тренинг ұйымдастырылды.

Жүргізушісі: Байтолданова Эльмира. Кезеңдері:

1.     Амандасу. «Менің артымнан қайтала»

2.     Таныстыру. «Мен»

3.     Сергіту ойыны. «Орын ауысайық»

4.     «Жағымды сөз» ойыны.

5.     «Адам, Шатыр, Жер сілкінісі» ойыны.

6.     «Мен қандай адаммын» ойыны

7.     «Жылы тілек» ойыны

8.     «Есте қалған қызықты оқиға» ойыны

9.     Қоштасу

11.00  -  «Практика психологического консультирования в работе с целями и планированием будущего» тақырыбында Левина Лариса Викторовна (Новосібір қ.) шеберлік сыныбын өткізді.

   14.00-15.00 – «БПмӘ» мамандығының студенттері арасында «Жыл студенті-2017» сайысы өткізілді. Конкурсқа қатысушылар: Асқарова Мақпал Асқарқызы, Кадылова Меруерт Даулеткызы, Қайсанова Мақпал Сейтқанқызы, Рынбекқызы Майра және 2 курс студенттері: Ғұмарова Арайлым Ерболқызы, Қизатова Назерке Ерікқызы, Құмалқанова Айымгүл Какенқызы. Сайыс жүргізушісі –Құмарқанова Елсая Арманқызы болды. Сайыс қорытындысы бойынша «Жыл студенті - 2017» атағын Ғұмарова Арайлым Ерболқызы алды. Екінші орын –Құмалқанова Айымгүл Какенқызы, үшінші орын –Қайсанова Мақпал Сейтқанқызы.

14.00–16.00 – «БПмӘ» мамандығының 3-курс студенттері арасында «Своя игра» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1 тур – Эрудит

2 тур – Логика

3 тур – «Крокодил»  

Сайыс қорытындысы бойынша 3 курс студенті Гурова Виктория жеңімпаз атанды.

14-00 - 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері арасында «Жылдың үздік филологы» сайысы 5 кезең бойынша өтті:

1.                Таныстыру

2.                Сиқырлы бестік

3.                Өнер

4.                Тізбекті моншақ

5.                Ақтық мәре

Сайыс қорытындысы бойынша Канигумарова  Айзат «Ең өнерлі филолог» атағын алды. Қалған қатысушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды.

 

03.03.2017 ж.

10.00 тәжірибедегі психолог Наказненко Светлана Петровнаның жетекшілігімен «Как повысить свою самооценку и легко реализовать свои цели и мечты?» тақырыбындағы шеберлік-сыныбы өтті (А. Адлер және гештальттерапия).

11.00 – 13.00 – «Психолог маманы» атты семинар-тренинг өтті. Жүргізуші: Аликанова Эльвира Абзаловна, Тренингке 20 адам қатысты.  

12.00 - әжірибедегі психолог Сорокина Татьянаның жетекшілігімен «Конфликт с подростком» отбасымен жұмыс жасау бойынша шеберлік-сыныбы өтті.

12-00 –  таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі бойынша олимпиада өткізіліп, 3-орынды 1 курс студенті Лопатина Юлия, 2-орынды Токтарбеков Руслан, 1-орынды  Романов Денис женіп алды.

14-00 – Ғылым мен шығармашылық апталығының салтанатты жабылуы. Қатысушылар грамоталармен, естелік сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталып, келесі жылы осы іс-шараны өткізуде есепке алу керек барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді қысқаша талқылап өтті.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru