Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталыгы - 2018

26.02.2018 ж.

10:00–11:00 – Акт залында «Педагогика және Психология» кафедрасының «Ғылым және шығармашылық» апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне студенттер, оқытушылар қатысты. Аталмыш іс -шарада кафедра мамандықтарының презитанциялары ұсынылды және де музыкалық нөмерлер көрсетілді. Апталықтың ашылуынан кейін бірқатар жарқын оқиғалармен, түрлі іс-шаралармен жалғасын тапты.

11:00-12:00- «Психология» мамандығы «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік ойынын өткізді. Ойынның мақсаты 1-4 курс студенттерінің зияткерлік қызметін жандандыру. Ойын психология ғылымының түрлі салаларын, сихологиялық құбылыстарғағ, жас пен психикалық паталогияның психологиялық ерекшеліктерін ескеретін сұрақтарды қамтыды. Студенттерде ойынға деген ерекше қызығушылық байқалды. Ойынға екі команда  қатысты, бірі оқытушылар командасы мен психология мамандығының 2-4 курс студенттері. Тартыста студенттер командасы 6:5 ұпаймен жеңіске жетті. Ойын соңында оқытушылар арасынан ерекше деп танылған екі сұрақ тандалынып алынды.

12:00-14:00- «Психология» мамандығы студенттері арасында «Рухани әлемініңді тану» атты тренинг өтті. Тренинг барысында бағдарламаланған арнайы дене терапиясы әдісі қолданылды. Сондай-ақ, музыка терапиясы мен әр түрлі жаттығулар орындалды.

12:30-14:00- «Ми қызметтерін дамыту» тренингі. Аталмыш тренигке «Психология» және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері қатысты. Мидың шығармашылық қызметінің қосылу техникасы. Ми қызметінің белсендігі кезінде оң жақ және сол жақ ми бөліктерінің өзара балансты сақтауы, ми қызметінің жұмысының артуы, жедел шешім қабылдау, шабыттану мен ішкі сабырлық, үйлесім барлық әрекеттерде көрініс табады. Бұл әрине  адам өмірін бір ретте  жақсартуына септігін тигізеді.   Тренинг барысында мидың бөліктеріне арналған түрлі  жаттығулар жүргізілді.

13:00-14:00- Қазақстанның даму жол картасы бағдарламасының 2015-2020 жылдардағы жоба аясында ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптағы көп тілді білім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында болашақ маман иелерінің көп тілді білім беру мәселесін талқылап, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

27.02.2018ж.

09:00-10:00- мемлекеттік тілде білім алатын 1 курс студенттеріне арналған университетішілік орыс тілі пәнінен олимпиада өткізілді. Қазақстан жол картасы 2015-2020 бағдарламасындағы үштілді білім тақырыбында орыс тілін үйрену. Олимпиада 2 кезеңде өтті. Бастапқы кезіңде жарысқа қатысу үшін барлық студенттер тесттен өтті, сонымен қатар сөзжасам бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең бойынша берілген сөздің мағынасын және оның қолдану аясын түсіндіріп беру керек  болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша мына студенттер жүлделі орындар иеленді:

Нұғымеров Ерасыл(«Кеден ісі» мамандығы)- 1 орын

Жәмсап Ақерке(«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы)-2 орын

Жанельева Камшат(«Есеп және аудит»мамандығы)-3 орын

10:00-12:00-«Педагогика және психология» кафедрасы базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасының аясында «Жңа форматтағы педагог» атты студенттік клуб ашылды. «Жаңа форматтағы педагог»- рухани жетілген, жаңалыққа құштар, педатгогикалық қабілетке ие мамандық иесі. Тек осындай өз ісінің маманы ғана жаңартылған бағдарламамен жұмыс істеуге қауқарлы.

Бекітілген клуб жоспары бойынша 2018 жылдың 27 ақпан күні  «Шоқан Уәлиханов атындағы №3мектеп- гимназия» бастауыш сынып мұғалімдері Онбаева Света Шаймуратовна және Бакиянова Бақыт Женисханқызы «Жаңа оқыту бағдарламасы бойынша оқыту-тәрбиелеу» мақсатында шеберлік сыныбын өткізді. Жаңа оқыту бағдарламасы бойынша практикалық тұрғыда студенттерге үйрету жұмыстарын жүргізді. Арнайы жасалған презитанция көрсету барысында дәстүрлі оқыту бағдарламасы мен жаңа оқыту бағдарламасы арасындағы айырмашылықтарды және бағалау критерийлердің аражігін ажыратып берді.

 11:00 – 12:00 -  «Балалар үшін әділет жүйесінің нығайтылуы және олардың құқықтарының қорғалуы» бағдарламасының ұлттық кеңесшісі, пс.ғ.к., профессор Мацкевич Ирина Константиновнаның «Заңмен бірлесе отырып балалармен жұмыс жасаудың халықаралық стандарттары» атты шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды. Шараның өтуі барысында балалардың ҚР заңымен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар балалардың жағдайын жақсартудың халықаралық стандарттарымен, әлеуметтік –психологиялық қызмет көрсетудің тиімділігімен, жұмыс түрлерімен таныс болды.

Тәжірибе жағына келгенде, қатысушылар әдеттегі тәжірибелік жағдаяттарды кейс-менеджментпен балалар мен отбасына арналған қайта қалпына келтіруші әлеуметтік-психологиялық тәжірибелердің үлгісін пайдалана отырып талқыға салды.

13:00 – 14.00 – Қазақ тілін латын жазуына көшіру – қазақстандықтардың жаһанадану жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттырудың құралдарының бірі. Бұл «Жазу тағдыры – ұлт тағдыры» тақырыбы аясында эссе жазған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің пікірі. САйыстың қорытындысы бойынша төмендегі студенттердің жұмыстары көзге түсті: Жәмсап Ақерке, Дәурен Аян, Амантаева Есенгүл, Манопова Алтынай, Зайтын Қырмызы. Бұл сайыстың басты ерекшелігі де сонда, қазіргі таңдағы латын әліпбиіне көшу туралы маңызды тақырыпты қозғай отырып, оны жаңа бекітілген әріптерімен жазды.

14:00-16:00 «Использование методов телесно-ориентированной терапии в работе с достижением целей» атты тренинг өтті. Тренинг жүргізушісі -   дене-бағдарлы терапевт, арт-терапевт Ефремова Ольга. Тренинг мақсаты – денеге бағдарлы арт терапияның әдістерін мақсатпен қою және оған жету құралы ретінде қолдану. Тренингтің әдіснамалық негізі - биосинтездің негізін қалаушы Д.Боаделланың «маторлы өріс» теориясы. Тренинг барысында «флексия өрісі», «экстензия өрісі», т.б. сияқты жаттығулар ұсынылды. Қатысушылар «Психология» және «Менеджмент» мамандығының студенттері болды.

14:00-15:00 – «Қазақ  тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері арасында туған тілдің жанашырын, үздік филологты ақытау мақсатында қазақ тілі және әдебиеті бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Бұл шара тестілеу түрінде өтті және 1-3 курс студенттерінің білімін объективті түрде бағалауға мүмкіндік берді.

 28.02.2018 ж.

9:00-10:00 – «Психология», «Қазақ  тілі мен әдебиеті», «Бастауыш сыныптарды оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері арасында «Сергіту мен серпініс» атты тренгинг өтті. Тренинг мақсаты – босаңсыту әдістері арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Жұмыс барысында арт-терапевттік әдістер қолданылды.

9:00-10:00 -  «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері «Особенности работы над дикцией журналиста» атты интерактив өткізді. Мұнда студенттер орыс тіліндегі   айтылуы қиын әрі қызықты жаңылтпаштарды айту бойынша сайысқа түсті. Бұл шара болашақ журналистердің дикциясын қалыптастыруға көмегін тигізіп қана қоймай, камера объективіне түсуге де мүмкін берді.

13:00-14:00  - «Қазақ  тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері арасында «Астана – айбыным менің» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілі. Сайыс екі түрлі категория бойынша бағаланды. Біріншілері Астананың 20-жылдығына қарсы өз жанынан шыққан өлеңдерін мәнерлеп оқыса, екіншілері тура осы тақырыпта авторлық туындыларды мәнерлеп оқу керек болды. Жас ақындар ретінде ерекше көзге түскендер - Авильхан Хуанган, Даурен Аян, Әсетқызы Айғаным, Жәмсап Ақерке, Зайтын Қырмызы, Рахметолдинова Балжан, Идаятулы Кашап, Манапова Алтынай.

 14:00-15:00 - "Эмоциональды сана" атты шеберлік-сыныбы өтті. Шараны гештальт-терапевт Рыбалкина Светлана жүргізді.

Шеберлік-сыныбының мақсаты- эмоноциональды сана  ұғымымен танысу. "Бейтарап эмоция стратегиясы", "эмоноциональды еркін техникасы"  қолданылды.

Шеберлік-сыныбы эмоноциональды түрде өтті, cтуденттер белсене қатысып өздерінің эмоцияларын көрсетті.

14:00- 15:00 - дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитын студенттер арасында "Спорт түрлерінің теориясы және методикасы" бойынша олимпиада өткізілді.

Олимпияда қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері:

1 орын- Сытник Виктор, 3 курс;

2 орын- Ермолов Георгий, 2 курс;

3 орын- Харитонова Вета, 2 курс;

14:00- 16:00 - Өскемен қаласындағы "№3 Шоқан Уалиханов атындағы мектеп лицейінің" мұғалімдері Елемесова Айгуль Оралкановна,  Молдахметова Назира Турысбековна, Жақыпанова Майра Даукеновналар "Жаңартылған білім жүйесі" бойынша сабақ жүргізді.

 Студенттер жаңартылған  оқулықтармен, сонымен қатар жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарын кұруды үйренді.

15:00- 17:00 - Психосоматикадағы арт-терапия әдістері атты шеберлік-сыныбы өткізілді. Шеберлік-сыныбын арт-терапевт Ефремова Ольга өткізді.

Шеберлік-сыныбының мақсаты - арт-терапия әдістерімен танысу. Әр түрлі жаттығулар жасалып, студенттер белсене қатысты.

01.03.2018 ж.

11:00-12:00- «Жизненные сценарии» атты шеберлік-сыныбы болды. «Өрлеу» БАҰО кафедрасың меңгерушісі Кукина Юлия өткізді.

Шеберлік-сыныбына психология мамандығының студенттері қатысты.

11:00-17:00-  9-11 сыныптар және бірінші курс студенттері арасында "Туған жерге саяхат" атты презентация сайысы өтті  Қатысущылар ШҚО әр аймағынан Риддер, Семей, Қатон-Қарағай, Күршім т.б келді.

Конкурсқа 24 қатысушы қатысты. Әр қатысушы туған жерінің табиғатын аша білді.

12:00-14:00-  Каузалды интеллект ойыны өткізілді, оны гештальт-терапевт Рыбалкина Светлана жүргізді.

Каузалды интеллект өзін-өзі басқару мәдениеті.  Ойынның негізгі мақсаты - өмірдегі өз орныңды табуға және алға қойған мақсаттарына жетуге үйрету.

14:00-16:00-1-3 курстар арасында Жыл студенті сайысы өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша;

"Жан жақты студент" номинациясын Булгунова Диана;

"Сегіз қырлы бір сырлы" номинациясын Әділбекова Жайдары;

"Өнерлі ару" номинациясын Қизатова Назерке;

"Жыл студенті" Құмалқанова Айымгүл;

11:00-13-30 – Рухани жаңғыру бағдарламасының іске-асырылу аясында  ұйымдастырылған «Ұлы дала жастары» шағын жобасының шеңберінде «Этномәдени құзіреттілік және толеранттылық» атты треининг өткізілді. Трейнингті «Педагогика және психология кафедрасының» аға оқытушысы Вдовина Е.Н жүргізді.

Тренингтің мақсаты – студенттер арасында этномәдени құзіреттілікті қалыптастыру, этникалық толеранттылықты дамыту,ұлттық бірлікті анықтау және сақтау болып табылады. Тренинг жағымды атмосфера жағдайында өтті, студенттер өздеріне  көптеген пайдалы кеңестер мен қызықты ақпараттарға қанық болды.

 13:00-14:00 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ұлттық дәстүр мен  әдет- ғұрыпты, әдебиеттің бағыттарын сақтауға бағытталған іс-шара өткізді. Мамандық студеттері қойған «Әдебиет керуені» атты әдеби-композициялық қойылым сюжеті  қазақ халқының тарихы мен түрлі дәуірдегі әдеби шығармалардың желісін қамтыды.

 14:00-15:00- Дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттері арасында «Ең үздік маман » атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - шығармашылық және өзін-өзі тәрбиелеу, мамандық бойынша үздік студентті анықтау, университеттер арасында бәсекелестік ортаны қалыпастыру.

Тапсырмалар:

  • Өзін-өзі жетілдіру және жекебастың өзін-өзі жетілдірудің үздік тәсілі ретінде насихаттау;
  • Танымдық белсенділікті және ынталандыру және шығармашылық іс-әрекетті ынталандыру.

Өткізілген сайыстың қортындысы бойынша ең үздік маман иесі болып 3 курс студенті Сытник Виктор танылды.

14:00-16:00 – Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты бейнебаянды таныстырды.Бейнебаянға студенттер  Қожа Ахмет Иассауи, Әулие ағаш, Айша бибі, Есет батыр кесенелері жайлы баян етеді. Бейнебаян түсірушілердің пікірінше, әр қазақстандық қасиетті жерлер туралы білуі тиіс, бұл болашаққа қарай нық қадам жасау. Осы тақырып аясында «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Туризмдегі қасиетті жерлер» атты фильм көрсетілімі өтті.

16:00-17:00 – Акт залында «Педагогика және Психология» кафедрасының «Ғылым және шығармашылық» апталығының салтанатты жабылуы өтті. Қорытындылар шығарылып, жеңімпаз және белсенділік танытқан студенттер мақтау қағаздарымен, бағалы сйылықтармен марапатталды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru