Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым мен шығармашылық апталыгы - 2019

25.02.2019- 01.03.2019 ж.ж. аралағында «Педагогика және психология» кафедрасының «Ғылым мен шығармашылық апталығы» өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Журналистика», «Бастауыш сыныптарда оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Психология», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының оқытушлары мен студенттері өз мамандықтарының мазмұнына сай түрлі сипаттағы іс-шараларды өткізді.

Ақпанның 26-сы күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы шеңберінде ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, ғалым, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Әбділда Тәжібаев –толағай ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар мамандықтың 1-3 курс студенттері болды. 1-курстардан Жанатова Аяулым «Жастық шақ» өлеңін, Шакерова Аружан «Ақын» өлеңін, 2-курстан Дәурен Аян «Көктем» өлеңі, Рахметолдинова Балжан «Құм» өлеңін, Бұқатова Ажар «Қазақстан» өлеңін, Ермек Фариза «Алтын ай» өлеңі, Қамалбекова Еркежан «Шабытым жайсын қанатын», Бекмұратова Таиса «Ақын», 3-курс студенттерінен Маукенова Алтынай «Алматы», Иманова Ақерке «Ақынға арнау», Манапова Алтынай «Жалшы», Ришатқызы Мөлдір «Алатау», Қаниғұмарова Айзат «Өмірді аяла» өлеңдерін мәнерлеп оқып, оқыған өлеңдерін презентациямен, күйлермен сүйемелдеді. Қаниғұмарова Айзат оқыған өлеңін әнге салып, домбыра шерту өнерін де тамашалатты. Апталықтың жабылу салтанатында ерекше әртістіктерімен көзге түскен Қаниғұмарова Айзат, Дәурен Аян мен Мәукенова Алтынай марапатталды.

26.02.2019 күні сондай-ақ «Психология» мамандығының студенттеріне арнап гештальттерапевт Рыбалкина Светлана «Близкие отношения изнутри» тақырыбында тренинг, арт-терапевт Ефремова Ольга «Использование методов арт-терапии в работе практического психолога» шеберлік-сыныбын, гештальттерапевт Мерсиянова Анжелика «Вглубь себя» арт-тренингін, гештальттерапевт Рыбалкина Светлана «Почему нам снятся бывшие любимые» тренингін өткізді.

Ал мамандықтың қазақ тобы студенттеріне арналып «Мандала терапия:  өзін-өзі реттеу тәсілі ретінде» атты  сабақ өтті. Алдымен «мандала» түсінігіне тоқталып өтіп, оңың ерекшеліктері, қолданудағы артықшылығы түсіндіріліп өтілді. Әрбір студент дайын мандала суреттерін арнайы релаксациялық әуен негізінде түрлі түске бояды. Студенттер өздерінің сезімдерімен, алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ мамандық студенттері қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату, шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту, релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу мақсатында «Спанч Боб» тренингін өткізді.

27-ақпанда кафедра доценті Левина Татьяна Викторовна «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Журналистика» мамандығының студенттеріне арнап «Жарнама тілі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда жарнама мәтіндерінің түрлері, гипноздық жарнама мәтіндері, олардың жазылу ерекшеліктері қарастырылды.

Апталықтың осы күнінде бастауыш сыныптар мен ағылшын тілінің мамандандырылған оқытушысы Гэри Сопер  (Портланд қ, Орегон, АҚШ)  «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Бастауыш сыныптарда оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттеріне «Заманауи бастауыш сынып мұғалімі қандай болу керек?» тақырыбында дискуссия өткізді. Ал 28-ақпанда мамандық шеңберінде оқытушы Саданова Ж.К. мен Жайлаубек Н. «Жаңартылған білім беру мазмұнының теориялық негіздері» тақырыбында өте өзекті семинар өткізді.

28.02.2019 күні «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері арасында «Теория и методика избранного вида спорта» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Мақалаларын оқыған Зарипова Арай – «Актуальные вопросы допинга в современном спорте высших достижений», Сергеев Сергей – «Методика подготовки тяжелоатлетов в подготовительном периоде спортивной тренировки», Трегубов Илья – «Средства и методы выявления уровня тренированности у юных каратистов», Шубин Владислав – «Методика развития специальных физических качеств у юных каратистов» және Позднякова Алена – «Актуальные вопросы диетологии в современном спорте» жүлделі орындарға иеленіп марапатталды.

1-наурыз күні апталықтың жабылу салтанатында барлық белсенді студенттердің аттары аталып, сайыстар мен конференцияларда орын алған студенттер марапатталды.

Attachments:
Download this file (Фотоотчет.rar)Фотоотчет.rar19794 kB16 Downloads
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru