Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Цивилист» ғылыми үйірмесі

 

  

  «Цивилист» үйірмесінің, ғылыми-зерттеу тобының қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы бойынша

Осы ереже азаматтық-құқықтық пәндер бойынша ғылыми-теориялық ізденісті жүргізу саласында ғылыми-зерттеу тобының қызметін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік және ұйымдық шарттар мен кепілдіктерді анықтайды.   

1.    Жалпы ережелер

1.1  Ғылыми зерттеу тобы, үйірме студенттер арасында  аса келелі цивилистика саласының зерттеу жұмысын координациялау мақсатында құрылады.  

1.2  Ғылыми-зерттеу тобының қызметі келесі бағыттарда жүргізіледі:  

  •  Жеке құқықтың аса маңызды ішкі саласында теориялық зерттеулер жүргізу;
  •  Отандық және шетелдік азаматтық заңнаманы салыстырмалы талдау;
  •  Азаматтық-құқықтық нормаларды практикалық қолдануды және  заңнамалық бекітуді салыстыру;
  •  Азаматтық заңнамадағы жетіспеушіліктер мен кемеліне жетпеген кемшіліктерді анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар ұсыну;
  •  Цивилистиканы ғылым ретінде терең зерттеу мақсатында олимпиадалар, дөңгелек үстелдер, дебаттық турнир өткізу;
  •  Оқу пәнін жан жақты меңгеру мақсатында жағдайға байланысты міндеттерді шешу, іскерлік ойындар өткізу;
  •  Таңдаған тақырыпты зерттеу бойынша қол жеткен нәтижені демонстрациялау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу, сонымен қатар азаматтық құқық теориясы саласында өзінің жеке ұсыныстарын ұсыну;    
  •  Ғылыми-зерттеу сипатындағы жұмыстың басқа да түрлері .

1.3  Аталған ғылыми-зерттеу тобының қызметін ұйымдастырудың нормативтік базасы осы Ережемен,  жыл сайын СҒЗЖ жоспарларымен бектілетін ҚАЕУ Университеті СҒЗЖ мен ҒЗЖ туралы ережемен және басқа да нормативті құжаттармен анықталған.   

2. Қызметті ұйымдастыру 

 2. 1  Азаматтық құқық бойынша ғылыми-зерттеу тобына қатысушылар цивилистика саласында зерттеумен айналысуға тілек білдірген құқықтану мамандығының               1,2,3,4 курс студенттері болуы мүмкін.  

2.2  Ғылыми-зерттеу тобының құрамы төмендегі тұлғалармен ұсынылған: Ғылыми зерттеу тобының төрағасы (төрайымы), ғылыми-зерттеу тобы төрағасының (төрайымының) орынбасары, ғылыми зерттеу тобының хатшысы және ғылыми зерттеу тобының мүшелері.

2.3  Ғылыми-зерттеу тобының төрағасы (төрайымы) тиісті оқу пәнін жүргізетін оқытушы болып табылады.   Төрағаның (Төрайымның) өкілеттігі:    

  •   Топ қызметін ұйымдастыру және координациялау;
  •   Жұмыс барысында жасалған құжаттарды дайындау және бекіту;
  •   Топтың негізгі бағыт жұмысын құрастыру және бекіту;
  •   Сыртқы қатынастарға топтың қызығушылығын ұсыну;
  •   СҒЗЖ бойынша жауапты тұлғаға топтың қызметі туралы есепті ұсыну.

Ғылыми зерттеу тобы төрағасының (төрайымының) орынбасары жұмыс бойынша көмек көрсетеді және төрағаны жұмыста жоқ болған жағдайда  ауыстырады.    Орынбасар ғылыми-зерттеу тобы төрағасының ұсынысы бойынша  көпшіліктің дауыс беру бойынша сайланады және өкілеттілік мерзімі анықталады.  

2.4  Ғылыми-зерттеу үйірмесінің хатшысы жүргізілген жұмыстың техникалық орындалуын қамтамасыз етеді.   Хатшы ғылыми-зерттеу тобы төрағасының ұсынысы бойынша  көпшіліктің дауыс беру бойынша сайланады және өкілеттілік мерзімі анықталады. 

2.5   Ғылыми-зерттеу үйірмесі мүшелерінің  қызметі:

  •   Топтың қызметіне белсене қатысу;
  •   Сол немесе басқа саладағы өзінің жеке ғылыми зерттеуін ұсыну;
  •   Жұмыс жоспары мен іс шараларды бірлесіп әзірлеуге қатысу;
  •   Құжаттарды бірлесіп әзірлеуге және бекітуге қатысу;
  •    Белгіленген тәртіппен оларға жүктелген Осы ереженің және басқа да нормативтік құжаттар мен басқа қызмет Ережелері мен Қағидаларын сақтау.

2.6 Ғылыми-зерттеу тобының мәжілісі үйірме мүшелерінің шешімі бойынша кем дегенде айына  бір рет (айдың соңғы сенбісі күні) ағымдағы жылдың қазан айынан бастап сәуір айына дейін өтеді.  Бірінші мәжіліс топтың құрамы мен тиісті жылға арналған іс шаралар жоспарын бекіту бойынша ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Іс шаралар жоспары оларды жүзеге асырудың дәл уақыты азаматтық құқық бойынша ғылыми зерттеу тобының жыл сайын бекітілетін Іс шаралар жоспарымен анықталады.

2.7. Әр отырыс ғылыми зерттеу тобының Хаттамасымен толтырылады.

2.8. Ғылыми топқа қатысушы өз қызметін қасақана орындамаған жағдайда  Төрағаның ұсысысымен көпшіліктің дауыс беруі арқылы топтан шығарылады. 

3. Қорытынды ереже

 3.1  Ережені жүзеге асыру ғылыми зерттеу тобының Төрағасына және басқа да жауапты тұлғаларға  жүктеледі.  

 3.2 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар ғылыми зерттеу тобының бір мүшесінің бастамасымен көпшіліктің дауыс беруі арқылы енгізілуі мүмкін. 

 3.3  Осы ереже белгіленген тәртіппен бекітілген сәттен бастап күшіне енеді. 

Үйірменің жұмыс жоспары

Отырыстың болатын күні

Жоспарланған іс шаралар

1

31.10.2015 ж.

Ұйымдастыру мәселесін талқылау. Азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігін оңайлату үшін сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 16-қадамын талқылау      

2

28.11.2015

Сот лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 17 қадамын талқылау. 

3

26.12.2015 ж.

 Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа Еңбек кодексін әзірлеу туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 83 қадамын талқылау  

4

30.01.2016

Инвестициялық даулар бойынша  жеке  сот істерін жүргізуді құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін Инвестициялық алқаны ұйымдастыру туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыр жөніндегі 100 нақты қадамның 23 қадамын талқылау 

5

27.02.2016 ж.

Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот  орындаушылараның  мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 27 қадамын талқылау .

6

26.03.2016

Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға Прокурордың қатысуын қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу туралы Елбасының бес институциональді реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 26 қадамын талқылау .

7

29.04.2016 ж.

Келесі оқу жылына жұмыс жоспарын талқылау. Жылдық жұмыс жоспарын қорытындылау

 

 

 

    

 

 

 

 

  

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru