Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Международник

ӘЛЕМДІ ШАРЛАУ: ДИПЛОМАТТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ!


«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері 2014 жылдың басынан бері Гаврилова Юлия  Александровнаның жетекшілігімен қала мектептерінің оқушыларына оқу-танымдық дәрістер өткізіп келеді және оқуға деген ұмтылыстары мен құлшыныстары жайлы айтуға еш жалықпайды.    


25121
Әдеттен тыс сабақтар кешені болашақ түлектерді Қазақстан-Американдық еркін университетіне тартуға, жастарды халықаралық қатынастардағы оқудың ерекшеліктерімен және аса қызықты аспектілермен таныстыруға  бағытталған.
25122
Біздің студенттер мектеп оқушылары алдында жаңа мүмкіндіктер әлемін ашады және оларға болашақта  жоғары білім мен болашақ мамандығын таңдауды алдын ала ойлаудың тамаша мүмкіндігін ұсынады.   
Студенттер Мария Шадрина, Тамирис Абилова, Канат Сагидолдин и Максим Беляев осы мамандықпен танысудан туған әсерлерімен бөлісті, шетелде оқу мүмкіндіктері жайлы айтып өтті, сонымен қатар студенттер Никита Александров және Нуркасен Атабаевпен бірлесіп мектеп оқушылары алдында басқа елдердің мәдениетімен таныстыратын қызықты сахналық қойылымдар қойды, және туристерге қандай қателіктер жібермеуді егжей тегжейлі түсіндірді.    

25123

Сабақтар 8 ақпанда 24 мектептің 10-шы сыныптары мен ҚАЕУ колледжі арасында  өтіп үлгерді. 12 ақпанда біздің студенттер 10 мектептің 10 сыныбында, бірнеше күн өткен соң 11 сыныпта болды.  Сонымен бірге дәрістер 1 наурызда 20-мектепте, 4 және 11 наурызда 24 мектепте болып адам құқығы мен халықаралық қатынастардың өзара байланыс тақырыбы талқылады. 
25124
Студенттер өз дәрістерін өткізуді жалғастыруда және барлық тілек білдірушілерді  қазіргі заман үшін маңызды дипломат мамандығымен танысуға шақырады.

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru