Ғылым мен шығармашылық апталығы - 2015

Болашақ заңгерлердің Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларымен кездесуі

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар" кафедрасының  студенттері мен оқытушылары жыл сайын наурыз айында әр түрлі ғылыми және шығармашылық шаралар өткізеді, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырады. Кафедраның ғылым мен шығармашылық аптасы аясында Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының Төрағасы  Касимов Толенди Тлеужанович «Құқықтану» мамандығының студенттері мен  соттың судьялары және мамандары арасында кездесу ұйымдастыруды ұсынды.  
«ҚАЕУ студенттері Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында оқу-танысу, өндірістік, диплом алды сияқты әр түрлі практикалардан өтеді және өздерін заң саласындағы кәсіпте қызмет етуге теориялық дайындықтан өткен білімді мамандар екенін көрсетті».


2015 жылы 13 наурызда студенттер судьялар  Кудербаев Е.Ф., Кузбосынова А.Р  және сот отырысындағы жұмыстың көлемі, атқаратын қызметі пен сипатынан ақпарат берген сот мәжілісінің хатшыларымен кездесті.   

 2603151  2603152


Кудербаев Едил Фазылович болашақ заңгерлерге әкімшілік сотының қызметі туралы, қарамағындағы істің категориясы туралы анықтап айтты.  Ары қарай Едил Фазылович студенттердің назарын әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің ерекшеліктеріне аударды және жаңа заңнаманы қабылдау әкімшілік сот жүргізу өндірісіне қалай ықпал еткені жайлы айтып берді.   

Өткізілген кездесуден соң студенттер әкімшілік іс бойынша процесстерде болды. Студенттерге тыңдалған істің нәтижесі бойынша салдары мен теориялық жағы мысал ретінде түсіндіріліп, Қазақстан Республикасында сот әділдігі ашық және сот өндірісінің жариялылық принциптеріне негізделгенін тағы бір мәрте атап көрсетілді.    

Кездесуден соң болашақ заңгерлер ашық,  жариялы әділ сот  жұмысының сапасын сипаттайтынын, сот шешімдерінің айқындылығы өз кезегінде бұл- ең алдымен, оның заңдылығының куәсі, сот төрелігінің сапасын арттыру факторы, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейі екенін атап көрсетті.     

 

 2603153  2603154

 

PhD докторы,  «Құқық және халықаралық қатынастар»
кафедрасының аға оқытушысы  Даутбаева Д.А. 

 

 

Дөңгелек үстел «ЕАЭО: даму болашағы және қалыптасу мәселелері»

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушыларымен  Ғылым және шығармашылық аптасы аясында 2015жылдың 13 наурызында «ЕАЭО: даму болашағы және қалыптасу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері белсенді  қатысты. 


26033
Дөңгелек үстел өз жұмысын «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Жумагалиева Айымның «ЕАЭО: құқықтық мәртебесі және дамуының тарихи аспектілері» (ЕАЭС: правовой статус и исторические аспекты развития) тақырыбына жасаған баяндамасынан бастады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ретінде студенттерден басқа мемлекеттік органның өкілдері – Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті  «Өскемен кедендік рәсімдеу орталығы» кеден күзетінің бас маманы Ибышева Р.Д. шақырылды.  Рузан

Даулетхановнаның баяндамасы  2015 жылдың 1 қаңтарынан  заңды күшіне енген  ҚР және Кедендік Одақтағы кеден заңдылықтары бойынша өзгерістеріне арналды. 

 26034  26035


  Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде шақырылған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенттеріАбдиянова Бакыт пен Сагадиева Айжан қатысушыларға Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-қа енуінің мәселелері мен болашағы және ЕАЭО аясында Кедендік құқықтың негізгі жүйесі туралы айтып берді.   

Қатысушылар ҚАЕУ-нің «Кеден ісі» мамандығының 3 курс студенті Нариманов Сержанның «ЕАЭО аясында көлік құралдарын орын ауыстыру тәртібі» тақырыбындағы баяндамасын ерекше ықыласпен тыңдады.  

Қазақстан-Амеркандық еркін университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері Стракатов Николай и Рамазанов Канат «ЕАЭО туралы не білесіз» атты әлеуметтік сауалнама бойынша  тұрғындардың жауаптарымен, оның  нәтижелерімен таныстырды, зерттеу нәтижелерін дайындалған бейне материалдармен толықтырды.  

 26036  26037


Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ғылыми-теориялық және практикалық ұсыныстар көрсетілген резолюция қабылданды, ал қатысушылар өз кезектерінде сертификаттарға ие болды. 

 26038

«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

 

Қазақстан тарихы бойынша Олимпиада

«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының «Ғылым мен шығармашылық» аптасы аясында барлық мамандықтардың 1 курс студенттері арасында Қазақстан тарихы бойынша дәстүрлі олимпиада өткізілді. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.



Орыс тілінде оқитын студенттер арасында олимпиаданы ұйымдастырушылар  «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының  оқытушылары  Н.Н. Ляпунова мен С.А. Мужчиль болды. Олимпиада ұйымдастырушылардың көмекшісі ретінде және Олимпиада тапсырмаларын әзірлеуге «Халықаралық қатынастар» мамандығының 4 курс студенті Канат Сагидолдин белсене ат салысты.     

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер тестілеуден өтті, тестілеуден үздік нәтиже көрсеткендер «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы», «Қазақ хандығының 550жылдығы» сияқты еліміз үшін маңызды тақырыптарға эссе жазу құқығына ие болды.  Алғашқы екі кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер жеке және топпен шығармашылық тапсырмалар орындай отырып   келесі кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезеңде студенттердің жұмысын төрешілер құрамы 1 курс студенттері Н.Стракатов, К.Рамазанова,  А.Кузина бағалады.   

Тартысқа толы үщ кезең нәтижесі бойынша Джемарова Лола, Горшина Кристина және Курмангалиева Зарина  олимпиада жеңімпаздары болып табылды.   

Олимпиада барысында студенттер Қазақстан тарихы бойынша жоғары білім деңгейін, жеңіске деген құштарлық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олимпиаданы өткізу студенттердің бойында патриотизм сияқты ұлы қасиетті ұялатты, сонымен қатар Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық ретінде көмегі тиді.    
С.А. Мужчиль

 26032 26032