Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ғылым және Шығармашылық аптасы-2016

2016 ж 9 наурыздан 12 наурызды қоса алғанда «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасында Ғылым және Шығармашылық Аптасы өтті.

 

«Ғылым және Шығармашылық Аптасы» аясында бар мамандық бойынша  бірінші курс студенттері арасында Қазақстан тарихынан дәстүрлі олимпиада өтті. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілінде өткізілді. Олимпиада үстінде студенттер Қазақстан тарихы бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және жеңіске деген ынталарын жоғары деңгейде көрсетіп шықты. Олимпиаданы өткізу студенттердің патриотизмін дамытуға және Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуларына әсерін тигізді. Жеңімпаздар болып мемлекттік тілде оқитын Советхан Назерке Талғатқызы,  Аманжанов Алимжан Нуржанович, Кумашев Чингизхан Бакытбекулы табылды. Орыс тілінде оқитын студенттер арасында ең үздік болып Мухамадиева Камила Ерлановна, Данилова Алена Вадимовна, Иванов Антон Александрович танылды.

Айрықша іс-шара болып Олимпиада өткізу болды, онда 2016 жылдың үздік заңгері атағына мемлекеттік тілде оқитын 1-3 курс студенттері қатысып жарысты. Қатысушылар бейнеролик қолданумен құқықытық цикл пәндері бойынша тәжірибелік және логикалық есептер шығарды, құқықтану бойынша терминдер құрастырды, жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесінің алдын алуды жарықтындыру бойынша өздері жасаған бейне-роликтерді ұсынды.

Болашақ заңгер мен  халықаралық саясат білгірлер студенттерін біріктірген іс-шара болып «Модель ООН» имитациялық рөлдік ойыны болды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері кейіптеріне түсіп, студенттер қарулы қақтығыс кезеңіндегі азаматтық тұрғындарды қорғау мәселесін талқылады. Қатысушылар қарар Жобасын өндірді, онда қарулы қақтығыста азаматтық тұрғындардың құқығын қамтамасыз етудің әдістемелік амалдарын ұсынды.

«Бұл іс-шара біздерге, студенттерге, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдерінің басшылары рөлінде, сондай-ақ қатысушы елдердің ресми өкілдерінің рөлінде өздерімізді сынап көруге көмектесті – деп 2 курс студенті Ларионова Юлия алған әсерімен бөлісті. –  Біз осы форматтағы отырыс жұмысының жоспары мен құрылымын зерттедік. Әр студент өзінің білімі мен меңгерген шет тілін тексеріп көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ осы іс-шара барлық қатысушыларды біріктіріп достастырды, әрқайсысы қатысушы жағымды әсер мен пайдалы тәжірибе алды. Келешекте, осындай конференциялар жиі өткізіліп, бұданда көп студенттер қатысып тұрады деген үміттеміз».

 

 pGgPdVRmIfY

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru