Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Free students студенттер газеті

Газеттің редколлегия алқасы үнемі өзгеріп отырғанмен, негізгі құрамы тұрақты жұмыс істеді.
Газет ай сайын 99 данамен шығады. Көлемі 12 бет.

2013 жылдың басында газеттің құрамы мен логотипі, құрылымы, стилі өзгерді. Ақпараттық бағыты да өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда газеттің басымдылық міндеті университет өмірі ғана емес, әр студенттің жеке дарынын ашу болып табылады.  Биыл біздің газет «Туған өлкенің мәдениеті» шығармашылық жобасына қатысты және редколлегия жұмысының арқасында жеңіске жетті!  

Өткен оқу жылында студенттік газет Қазақстан-Американдық еркін университеті қабырғасында өткізілген шаралар мен оқиғаларды ғана емес одан тысқары шаралар бойынша студенттерді ақпараттандыруды жалғастырды. 

Газет редакциясы студенттерді ҚАЕУ әр жылдағы түлектерімен, ЖОО-ның шетелдік қонақтарымен, атақты тұлғалармен таныстырды, студенттерден сұхбат алды, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Жаңа айдарлар қосылды: «Келесі айда аталып өтілетін күндер», «Студенттерге кеңес», «Технологиялық жаңалықтар» және т.б. Студенттік газеттің көлемі 12 беттен 28 бетке артты. Мазмұны артты. Газеттің сыртқы беті өзгерді. Редакцияның құрамы 5 адамнан 13 адамға артты.

2013 жылдың желтоқсанында үздік жаңа жылдық өлеңге конкурс өткізілді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды, ал өлеңдер газеттің ақпандағы санында жарияланды.

Университеттің қазақстандық және американдық оқытушыларымен ынтымақтастық орнатылды.
Газет редакциясы ҚАЕУ-дегі және одан тысқары әр түрлі шараларына қатысты. Дін мәселесі бойынша ШҚМУ-нің 5 ғимаратында өткен кездесулер, «Металлург» саябағындағы сенбіліктер т.б.

2014 жылдың қаңтарынан бастап газет ҚАЕУ 20 жыл деп шыға бастады, студенттерді университеттің құрылу тарихымен, ҚАЕУ құруға ат салысқан атақты адамдармен таныстырды.
Газет беттерінде «ҚАЕУ ханшайымы-2014», «ҚАЕУ Мистері», «Ғылыми конференциялар», «Ғылым мен Шығармашылық аптасы», «Чистяков оқулары», «Серіктестік меморандумы», «Студенттік көктем» сияқты басқа да маңызды шаралар баяндалды.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru