Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ волонтерлік ассоциациясы

ҚАЕУ студенттік үкіметінің базасында 2010-2011 оқу жылының наурыз айында университет студенттері мен студенттік актив құрамынан ҚАЕУ волонтерлік қозғалысы ұйымдастырылды. ҚАЕУ волонтерлік қозғалысы: өзіңді адам ретінде танығың келе ме-басқаға көмектес деген принципке негізделген.   

Қозғалыстың қызмет еткен кезеңі ішінде көптеген акциялар мен шаралар өткізілді: дамуы тежелген балалардың мектеп-интернатына концерттік бағдарламамен бару, балалар үйі үшін  киімдер мен ойыншықтар, канцелярлық тауарлар  жинау, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Терезесі тең» акциясын өткізу.   

2012-2013 оқу жылында біздің қаланың жетімдері мен мүгедектеріне арналған акция өткізумен айналысты. Олар Өскемен қалалық волонтерлік орталық және мектептермен белесенді түрде өзара әрекеттестікте болды.  Сонымен қатар ҚАЕУ волонтерлары алға қарай үлкен қадам жасады, олар Ресейдегі Алтай педагогикалық академиясымен «Достық дәптері» жобасы бойынша келесім шарт жасасты, халықаралық серіктестік және тәжірибемен алмасу біздің бастамамыз үшін өте маңызды болмақ.  ҚАЕУ волонтерлік ассоциациясы қалалық волонтерлік қозғалыста белсенділігі жағынан алдағы орында тұр. Бағыттың жетекшісі Комчубаева Алтынай «АМИДО» семинар-тренингіне қатысып сертификат алған. 

ҚАЕУ волонтерлік ассоциациясы  Өскемен қалалық Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастық келісімге қол қойған және шілде айында бірлесіп «Волонтерлер фестивалі» жобасы өтеді.  Бұл ынтымақтастық аталған бағыттың белсенді қызметінің көрінісі болып табылады.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru