Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Фемида» студенттік заңгерлік клиникасы

2011 жылдың қыркүйек айында ҚАЕУ базасында «Фемида» заңгерлік клиникасы өз қызметін бастады. Клиниканың негізгі мақсаты мамандық бейіні бойынша білімді бекіту және дамыту, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту (жауапкершілік, салдары), қоғамдық-саяси сауаттылықты дамыту, студенттердің бойында деструктивті діни идеологияға деген иммунитетті қалыптастыру, ҚАЕУ студенттеріне және басқаларға тегін заңгерлік кеңестер ұйымдастыру болып табылады.Жұмыс жоспарына сәйкес апта сайын клуб мүшелері алдын ала дайындалған тақырыптарды талқылайтын жиындар жүргізеді, ҚР заңындағы жаңа түзетулерді қарастырады.2011жылдың қыркүйек айынан бері Заңгерлік клиника апта сайын Өскемен қаласының тұрғындары үшін және ҚАЕУ студенттері үшін тегін заңгерлік кеңес береді (сейсенбі, жұма-16.30, СДО кабинеті).Оқу жылында «Шығыс Қазақстан студенттік заңгерлік Ассоциациясы», «Феникс» т.б. бірлестіктермен ынтымақтастық қалпына келтірілді.    

2013 жылғы оқу жылында ЗК 3 мүшесі Шығыс Қазақстандағы «Нұр Отан» ХДП-да өткен «Чистая сессия» тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсене қатысты. «Фемида» ЗК Өскемен қаласының әкімдігі жанындағы жастар орталығының жастар бастамасының орталығымен және ШҚО ІІД жанындағы полицияның қоғамдық көмекшілері штабымен байланыс орнатты. 2013-2014 оқу жылында ЗК  айтуға тұрарлықтай жұмыстар атқарды. МЭСИ мен ұйымдастырылған «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік теориясы мен  практикасының мәселелері» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты
ҚАЕУ есеп беру кезеңі аясында төмендегі мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер өткізілді:

  • еңбек ақы мерзімі мен тәртібі және қолданылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы бойынша еңбек заңының бұзылуы;
  • заң жүзіндегі мұрагердің балалары арасында мұрагерліктің шарттары; 
  • ЖПК-не қызмет көрсету мәселесі бойынша сотқа талап арызын құрастыру.

Кеңесті «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы оқытушыларының басшылығымен ЗК мүшелері өткізді.   

Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы жастар орталығымен, полицияның ерікті көмекшілері штабымен, МЭСИ-мен ынтымақтастық қалпына келтірілді.  Шығыс Қазақстан облысының ООО-ның студенттерімен кездесу және облыстық олимпиаданы ұйымдастыруда көмек көрсетті.

МЭСИ-дің Өскемендегі филиалының базасында «Құқық және өмір» атты құқықтық олимпиада өтті. Біздің командамыз бұл шарада 2 орын алды. ҚАЕУ ЗК сотта және ғылыми-теориялық конференциялар мен басқа да көпшілік шараларда сөз сөйлеудің практикалық дағдысын дамыту мақсатында «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін шешендік шеберлік курстарын ұйымдастырды.Университет ішіндегі белсенді қызметпен қатар ЗК әр түрлі қалалық шараларға қатысты. Осы әрекеттері арқылы университетті қалалық деңгейге көтерді.

Болашақта тұрғындарға белсенді түрде заңгерлік көмек көрсету, ЗК мүшелерін арттыру, жаңа кеңес берушілер үшін клиниканың жұмыс ережесі мен негізгі принциптерін ашатын белгілі бір бағыттағы семинарлар өткізу, жұмыстың негізгі бағыттары, студенттер үшін жұмыстың болашағы, клиниканың оқытуды дамыту бойынша жоспар, әр түрлі қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру және әр түрлі шараларға қатысу жоспарлануда. 

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru