Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Давыдов Ю.Ф.

Давыдов Ю.Ф. Түсті металлургия кәсіпорындарындағы күкірт қышқылын өндіруді бақылаудың экологиялық аспектілері: Монография. – Өскемен, 2014. – 156 б. (9,75 б.т.). ISBN 978-601-7334-32-1

Монография авторы, Давыдов Юрий Федорович - техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ доценті - түсті металлургия кәсіпорындарындағы күкірт қышқылын өндіруді бақылаудың экологиялық аспектілерін ғылыми негізде сипаттайды.

Түсті  металлургия кәсіпорындарында сульфидті шикізатты қайта өңдеу кезінде күкірт қышқылын ала отырып, күкірт газдарын қайта өңдеу бойынша сұрақ туындап отырады. Мұндай қайта қорыту технологияның ажырамас бөлігі болып табылады және өндірістегі оңтайландыру сұрақтарын шешуді талап етеді. Өнеркәсібі дамыған аймақтарда экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы  күкірт қышқылы цехтерінің сыртқа күкірттің және күкіртті ангидридтің, сондай-ақ күкірт қышқылы буларының шығарылуымен байланысты болып отыр. Бұл жағдайда пайда болатын полидисперстік, екі фазалық ағымдар бейстационарлы болып табылады, соның салдарынан кәсіпорындардағы күкірт қышқылын өндіру мен шығарылатын масса параметрлерін бақылауды жүргізу қиындай түседі.

Қазіргі уақытта күкірт қышқылын өндірудің технологиялық тәртібін бақылау технологиялық сызбаның түрлі нүктелерінде температуралар бойынша мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru