Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Куликова Е.Н.

Куликова Е.Н., Недосекова И.Ю. Ақбауыр – Шығыс Қазақстанның табиғи-тарихи кешені: Монография. – Өскемен, 2014. – 92 б. (5,75 б.т.). ISBN 978-601-7334-43-7

 

Монографияда «Ақбауыр» территориясында Қалба жотасы белдеуінің қалайы-вольфрамдық және алтын кенді кен орны бар табиғи-тарихи кешені, «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші, Қазақстанның биокөптүрлілігін сақтау ассоциациясының негізгі орнитологиялық территориясы (IBA), тарихи ескерткіштері: түрлі дәуірге жататын қорғандар, тастағы суреттер, қоныс қалдықтары, тас мүсіндер орналасқан табиғи-тарихи кешен ретінде сипаттайтын материал жүйеленіп беріледі. Мәтінге қосымша фотосуреттер, соның ішінде авторлық суреттер, кестелері, карталары мен картасызбалары бар қосымшалар бар.

Монография авторлары - Куликова Елена Николаевна – Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» білім беру үрдісіне аймақтық компонентті енгізу бойынша әдіскер және Недосекова Ирина Юрьевна Өскемен қаласының №37 орта мектебінің тарих пәні оқытушысы.

Монография орта және жоғарғы білім беру мекемелерінің білім алушылары мен оқытушыларына, туризмді дамыту бойынша аймақтық жоспарлау сұрақтары бойынша мамандарға, турагенттіктерге, өлкетанушыларға арналған.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru