Романчук И.С. Көпшілік мемлекеттік билік пен билік қатынастарын зерттеудің теория-эпистемологиялық негіздері: Монография. - Өскемен, 2014. – 151 б. (9,4 б.т.). ISBN 978-601-7334-23-9
Монография авторы Романчук Иван Сергеевич – Түмен мемлекеттік университетінің мемлекет, құқық және халықаралық құқық теориясы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, - көпшілік мемлекеттік билік пен билік қатынастарын зерттеу сұрақтарын ғылыми түрде қарастырады. Мемлекеттік-биліктік қатынастар ғылым ретіндегі мемлекеттанудың назар салып қарастыратын тұсы болып табылады. Мемлекеттік билік сияқты күрделі әлеуметтік құбылысты зерттеу көп жылдар бойы ерекше белсенділікпен жүріп, ғылыми еңбектердің жеткілікті санына қарамастан толастамайды. Билік пен билік қатынастары мемлекеттанудың негізгі сұрақтары болып табылатындықтан, терең әрі жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Билік құрылысы мен қызметінің практикалық құндылығы және берілген бағыттағы материалдардың көптігіне қарамастан, жеткіліксіз болып табылатын бұл саладағы зерттеу әдіснамасының сұрақтарын теориялық өңдеу монографияның өзектілігін анықтайды. Жүргізілген зерттеу билікке қатысты зерттеулерде бұрын-соңды қолданылмаған әдіснамалық құрал үйлескен ерекше эпистемологиялық парадигмаға сүйенеді. Бұл зерттелген құбылыстың жаңа қырларын ашып, табиғатын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Монография мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің оқытушылары, аспиранттары, магистранттары, студенттеріне, сондай-ақ аталмыш сұрақ толғандыратын барлық қауым үшін пайдалы бола алады.
Жаңалықтар
-
Қазақстан туристерді немен қызықтырады?
2019 Қаңтар 29 -
Ұрпақтар сабақтастығы
2019 Қаңтар 26 -
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»
2019 Қаңтар 23 -
ҚАЕУ- дегі демалыс: үш күндік ұстаздық өмір
2019 Қаңтар 08 -
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2019 жыл
2018 Желтоқсан 29
Хабарландыру
-
2019 Ақпан 08
Қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада
-
2019 Қаңтар 29
«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысы
-
2019 Қаңтар 22
Үшінші аймақтық көркем аударма Сайысын