Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Академиялық саясат

Пәннің саясаты

Сабаққа қатысу

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық, аудиториядан тыс СОӨЖ сабақтарына қатысу керек. Студент СОӨЖ сабақтарына берілген тапсырмалар бойынша оқытушыға сұрағы болған жағдайда немесе СӨЖ жұмыстарын тапсыруға, босатқан сабақтарын өтеу үшін келеді. Кей жағдайда сабаққа қатысу оқытушының талабы бойынша міндетті.

Студенттің аудиториядағы жұмысы

Аудиториялық сабақ кезінде студент өткізілетін жұмыс түрлерінің барлығына қатысуға міндетті(ауызша жауап, жазбаша жұмыс, талқылау, пікірталас, топпен жұмыс, жоба орындау т.б.)

Сабақты босату:

Сабақты тек себепті жағдайда ғана босатуға болады.

Себепті жағдайлар :

  • ауырғанда (ҚАЕУ студенттік емханасының амбулаториялық орталығының берген медициналық анықтамасын көрсеткен жағдайда),
  • спорттық жарыстар, олимпиадаларға, сайыстар мен конференцияларға қатысқанда (мұны айғақтайтын құжат болған жағдайда),
  • отбасылық және басқа да себептерде (деканаттың рұқсаты болған жағдайда)

Соңғы екі жағдайда сабақтан босату деканаттың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Егер студент себепті жағдаймен босатса, өтілген тақырыпты оқытушыға тапсыруға құқығы бар және бағасы кемітілмейді. Ал себепсіз жағдаймен босатқанда да өтілген тақырыпты оқытушыға тапсырады, бірақ оқытушы бағаны 25 %-ға дейін кеміте алады. Егер студент сабақты үш рет себепсіз босатса, оқытушы факультет деканының атына мәлімдеме жазады. Егер студент сабақтың 50 пайызына қатыспаса, ол пәнді қайтадан өтуге міндетті.

Сабаққа кешігу

Сабаққа мүлдем кешігуге болмайды. Егер сабақтан 10 минутқа дейін кешіксе, оқытушының рұқсатымен ғана кіре алады. 10 минуттан көп кешіксе, сабаққа мүлдем кіргізілмейді және сабақ себепсіз босатылды деп есептелінеді.

Академиялық адалдық

Аудиториялық және өзіндік жұмыстарды орындауда студентке көшіруге, басқа біреудің дайын жұмысын, ойын пайдалануға және басқа да академиялық мінез-құлыққа лайық емес әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

Аталған академиялық адалдықты бұзған жағдайда оқытушы жұмысты қабылдамайды және бағаламайды.

Студенттің құқықтары мен міндеттері

Студент:

  1. пәннің силлабусын электронды немесе қағаз түрінде алуға;
  2. алған бағалары туралы уақытынды ақпарат алуға;
  3. қойылған бағаға дәлел алуға;
  4. оқытушыға босатқан күндегі материалды және өздік жұмысты тапсыруға;
  5. пәннің мазмұны , өзіндік жұмыстарды орындау бойынша кеңес алуға;
  6. ағымдық бақылауда өзінің бағасын көтеру мақсатында қосымша тапсырма алуға;
  7. емтихандағы бағасын белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға беруге құқылы.

Студент:

  1. сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарға қатысуға;
  2. сабақты себепті жағдайлармен босатқанда медициналық анықтама көрсетуге немесе деканаттан белгіленген тәртіп бойынша ресімделген рұқсат қағаз әкелуге;
  3. сабаққа кешікпеуге;
  4. өзіндік жұмыстарды уақытында орындап және тексеруге беруге;
  5. аудиториялық жұмыстарға жүйелі түрде дайындалуға;
  6. аудиториялық жұмыстарға белсенді қатысуға;
  7. тәртіп сақтауға;
  8. оқытушылар, студенттер, университет қызметкерлеріне қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.

Оқытушының құқықтары мен міндеттері

Оқытушы:

  1. семестр бойында силлабусқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
  2. сабақты босатқан студенттен түсініктеме талап етуге;
  3. себепсіз сабақ босатқан студенттердің жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
  4. уақытында өткізілмеген өздік жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
  5. академиялық адалдық ережесін бұзған студенттердің жұмыстарын тексермеуге құқылы.

Оқытушы:

  1. студенттерге пән бойынша силлабусты бірінші оқу күні электронды немесе қағаз түрінде беруге;
  2. семестр бойында силлабусқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы студентті уақытында ақпараттандыруға;
  3. сабақ кестесіне сай аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда аудиторияда болуға;
  4. студенттерге бағалары туралы ақпарат беруге;
  5. студенттерге қойылған бағаларды дәлелдеп беруге;
  6. студенттерге қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru