Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Айтмухамбетова Арай

Менің студенттік өмірім

Кеше үйдің төрінде еркелеп жатып, әке мен ананың бақылауында жүретін балалық дәурен өтті бүгінде. Бүгінгі күні өзімізге өзіміз қожамыз… 

Арман қуып арман қала Өскеменге келіп, студенттік өмірді бастан кешіп жатқан жайымыз бар. 
Алғашқы қиындықтар. Алғашқы рубежка. Ауылды сағыну. Бұл алғашқы кезде қорқынышты болатын… Ал қазір ше?! Қазір көңілді кештер, алғашқы сезім, құрбылармен сыр бөлісу…

«Студенттік кез керемет кез. Қайта келмейді. Соны қызықты, ұмытылмастай қып өткізген дұрыс,»-дегенде бір ертегідей көрінетін. Расында, студенттік кезеңнің алғашқы сатысында болсам да, осы күнге дейін талай қызықты сәттер өтті басымнан. Бірде ашпыз, бірде тоқпыз. Үйден ақша келсе төбеміз көкке жетіп, Пицца Блюз, Донер деп қыдырып кетеміз)))

Одан шығып shopping дейміз әйтеуір әр күн сайын баратын жер өзі-ақ дайын тұрады. 

Бір апталық жоспарда театрға баруда жазылған. Әр аптада міндетті түрде театрға баруды әдетке айналдырғанбыз. Рухани байып, қажетті дүние алу біздің тілек.

Күні бойы қарбалас, сабақ деп жүреміз де, шаршағанды басу үшін құрбылармен серуенге де шығып қайтамыз...

Бәрін айтта бірін айт, осылайша бұл дәуренде өтіп жатыр…

Ойхой, шіркін, студент шақ,

Неткен, қызық, тамаша!

Бір күнімнен бір күн қымбат,

Салыстырып қараса…

Әлі талааай қызықты сәттер, қызықты күндер, айлар бола жатар… Мен тек бір апталық сабақтан тыс өміріммен ғана бөлістім. :) ;)

 

Айтмухамбетова Арай

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru