Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Байтамбалиев Рауан

Студенттік кезең

Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер. Сонымен бірге өнер, ғылымға деген сүйіспеншілік пен ықыластың да осы кезеңдерде қалыптасатындығы сөзсіз шындық.

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжыға мол сол бір жылдар талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, естен кетпейтіндей көрігін қыздырғаны хақ.

Студенттік шақ - өз алдына бөлек дүние. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезең – үйден жырақта жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан кештер, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл - күймен еске алады.

Байтамбалиев Рауан

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru