Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кенжебекова Асем

Менің студенттік шағым

Мен КАСУ-ды екінші білім ордасы етіп таңдағаным жайдан жай емес еді. Себебі, бұл университет туралы, оның басқа жоғарғы оқу орындары арасындағы беделі туралы өзім бұрындары көп құлағдар болып жүретінмін. Сондықтан, колледж бітірісімен ешқандай таңдау жасамастан осы универге келіп түстім және еш қателеспеппін.

Касу мен үшін білімімді одан ары жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптасуыма, өмір жолымды айқындауыма және мәңгі серіктес бола алатын достар тауып беруге көмектесті.

Студенттік кез - өміріңдегі ең бір жарқын, ұмытылмас көңілді оқиғаларға толы кезең деп бекер айтпайды екен. Менің де КАСУ-да өткізген  уақытым ең бір бақытты кездерімнің бірі деп ойлаймын. 

Осы кезең аралығында, бірге оқыған группаластармен, достармен естен кетпес талай қызықты жайттарды бастан кешірдік. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын бірге көрдік.

Менің группам өнерпаз, дарынды адамдардан құралған десем арттық айтпас едім. Мысалы, Жандос, Асет күміс көмей, жез таңдай әншілер, Жалғас концерттік бағдарлама жүргізушісі , ал квн ойыншысы Алмас болса күнде жаңа әзілдер айтудан жалықпайтын. Группадағы әр баланың өздерінің айналысатын қызықты хоббилары болды. Олармен сөйлесу, араласу мен үшін өте қызық еді. 

Сонымен қатар, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер естен кетпес. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл – күймен еске алады деп ойлаймын.

Меніңде студенттік жылдарым оң мен солымды тануыма мүмкіндік берген, өмірлік ұстанымдарымды айқындап, алға мақсаттар қоюға жетелеген жылдар ретінде есімде мәңгі сақталады. Осы жолда ақыл-кеңестерін аямаған ұстаздарыма, әсіресе бізді әрқашан қолдап, қолпаштап жүретін  Мөлдір Нұрғазықызына, Назым Кенжебекқызына шексіз алғыс білдіремін. 

                        Кенжебекова Асем

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru