Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мен мамандығын таңдаймын

«Мен мамандығын таңдаймын»

2015 жылдың 28-қаңтарынан 2015 жылдың 3-ақпаны аралығында «Педагогика және психология» кафдрасының оқытушылары Вдовина Е.Н., Оракбаева М.К., Федорова И.А. және Сыдыканова Г.А  КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығында»  кәсіптік бейімделу тренингтерін өткізді.  

Өскемен қаласы әкімдігінің КММ  «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы» жалпы орта білім негізгі баспалдағының функционалды қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.    Бейінді мектеп оқу - өндірістік кабинеттерде жұмыс істейтін 15-18 жас аралығындағы оқушыларды оқытуды жүзеге асырады.  Бейінді мектепте Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып бойынша 1838 оқушы оқиды:   №5 ОМ, №27 ОМ,  №19 ОМ, №4 ОМ, №7 ОМ, №35 ОМ,  №39 ОМ, Меновное орта мектебі, №8 ОМ, №13 ОМ, №15 ОМ, №42 ОМ, №6 ОМ, №9 ОМ, №20 ОМ, №23 ОМ,  №33 ОМ. 

Мектеп оқушылары үшін ҚАЕУ туралы фильмдер мен алғашқы таныстырулар көрсетілді, әңгіме жүргізілді.  Оқушылар белсенді қатысып, өздері білгісі келген сұрақтарға жауап алды.

Оқытушылардың келесі кезеңі «Мен ... ... ... мамандығын таңдаймын» тренингтер топтамасын өткізу, бұл тренингтер өзінің болашақ кәсібін белсенді жоспарлау процесіне бойлау жолымен жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімделуден хабардар болуын қалыптастыру мақсатында   өткізілді.    

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығымен» ынтымақтастықты алдағы уақытта белсенді түрде жалғастыруды мақсат етіп қойып отыр.   

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru