Искендерова Ф.В.

iskanderova

Искендерова Фатима Велибековна,  PhD докторы, ҚАЕУ доценті

 Білімі:

Жұмыс тәжірибесі:

2003 жылдан осы күнге дейін ҚАЕУ-дің «Педагогика және психология» кафедрасында доцент қызметін атқарамын. 90-нан астам ғылыми еңбектерім, соның ішінде нөлдік емес импект факторы бар (Киев, Украина) шетелдік басылымдардағы жарияланымдарым бар. Ғылыми еңбектерімнің ішінде: «Кәсіпорында корпоративтік қауіпсіздік қалыптастырудағы жүйелі әдіс» монографиясы «Менеджмент» мамандығында оқитын магистранттарға әдістемелік нұсқау ретінде, сондай-ақ «Ұжымдық қауіпсіздік негіздері» атты оқу-әдістемелік құрал.

Жетістіктері:

2007 жылдан бастап оқыту үрдісіне кейс-стади инновациялық технологиясы енгізілді.

2003 жылдан бері кәсіби тәжірибелік қызмет шеңберіндегі біліктілігімді үздіксіз арттырып отырамын.  «Тренинг для тренеров», «Ключевые навыки управления», «Сертификация управленческого консалтинга», «Теневая экономика и экономическая безопасность»,«Оценка эффективности и пути совершенствования образовательных программ вуза» сертификаттарым бар.

ҚР экономика саласындағы жетекші қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курстары, Көшбасшылық курстары, т.б.

2014 жылы «Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жетілдірудегі жемісті еңбегі үшін» мақтау қағазымен марапатталдым.

2006 жылдан бастап ұйымның қамтасыздандырылуы мен дамуы, кадрлық аудит, кадрларды іріктеу мен орналастыру сұрақтары бойынша  ҚР кәсіпорындарында бизнес-жаттықтырушы рөліндегі кеңес беру қызметімді жүзеге асырып келемін.