Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кафедра меңгерушісі

Т.А.Ә. Нурланова Асем Нурланкызы – ф.ғ.к..,

доцент,«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі 

Мекен жайы: М.Горький к., каб. 222

Эл.мекен жайы: anur_81@mail.ru

Телефон: 8/7232/50-29-45

 

Нұрланова Әсем Нұрланқызы – 1981 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі жоғарғы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Жұмыс өтілі – 14 жыл.  2002 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ШҚМУ-ды бітірген. 2005 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша филология магистрі дәрежесін алды. 2002-2005 жж. –оқытушы, 2006-2009 ж.ж. -  аға оқытушы, 2010 жылы - доцент, 2011 жылдан бастап «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі болып табылады.

2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы 10.01.02-«Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша  «Еңлік-Кебек сюжеті әдеби және тарихи контексте» тақырыбында диссертация қорғады.

Жоғарғы мектептегі жұмысының барысында Нұрланова Ә.Н. оқу үрдісін жетілдіру, жаңа идеяларды, технологияларды ендіру бойынша жоспарлы жұмыс жасауда. Оның басшылығымен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, студенттердің университет ішілік және халықаралық ғылыми конференцияларына қатысады, диплом жұмыстарын жазады. Сәтті ұстаздық қызметін ғылыми-зерттеу қызметімен ұштастырып отырады. Нұрланова Ә.Н. 70-тен астам ғылыми мақалалардың, 2 оқу-әдістемелік құралдың және монографияның авторы.  

Әсем Нұрланқызы жоғары шығармашылық қабілеттерге, оқу үрдісін жетілдірудің тың жолдарын іздеу талпынысына ие. Нұрланова Ә.Н. шығармашылық мүмкіндіктерінің ерекшелігі сол-  кәсіпқойлығының жоғары деңгейі, жақсы ұйымдастырушылық қасиеттері, ниеті, қоғамдық жұмыстағы белсенділігі мол. Бойындағы қарым-қатынас орнатуға бейімді болу қасиетінің арқасында оқытушылар мен студенттер арасында өте сыйлы.

Шығыс-Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауы және әдеби мұрасын насихаттауы үшін Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. 2011 жылы ШҚО әкімінің орынбасары Т.Тусупбековтан аймақтық мәдениет идеяларын дамытқаны үшін алғыс хат алды. 2014 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының директоры С.З. Байхоновадан «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесіндегі тәжірибе алмасудың әдістемелік және практикалық мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін алғыс хат алды. 2014 жылы ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтың атынан жоғарғы білім беру жүйесіндегі көп жылғы мінсіз еңбегі, жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан елеулі еңбегі үшін  үшін мақтау грамотасымен марапатталған. 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru