Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кафедрасы

Кафедрада бакалавриаттың алты білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі «Қазақ тілі мен әдебиеті»,«Орыс тілі мен әдебиеті»,  «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Психология», «Дене шынықтыру және спорт», "Журналистика" және магистратураның бір білім беру бағдарламасы бойынша  «Психология». «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында көп тілді бағдарлама бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Кафедрадағы жағымды моральді-психологиялық жағдай оқу үрдісі мен ғылыми және өзге білім беру қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кафедра ПОҚ-ы әрқашан өз ғылыми-теориялық деңгейлерін, педагогикалық шеберліктерін жоғарылатумен, біліктілікті арттыру курстарынан, ғылыми тағылымдамалардан үздіксіз өтіп отырумен айналысып, оқулықтарды, көрнекі құралдар мен оқу-әдістемелік құралдарды, жоспарлар мен жұмыс бағдарламаларын құрастырумен және кафедраның басқа да оқу-әдістемелік жұмыстарына тікелей атсалысады, кафедраның зерттеу бағыттарының тақырыптары шеңберінаде ұйымдастырылатын  семинарлар, кеңестер мен конференцияларға (солардың ішінде халықаралық) қатысады.

ped16111

    Кафедра доценттері мен аға оқытушылары жұмыстарын енді бастап келе жатқан кафедраның жас оқытушыларына оқыту шеберлігі мен кәсіби қасиеттерді  меңгеруде оқу және әдістемелік жақтан көмектерін көрсетеді.

Оқу үрдісінде тренингтер, тренинг-семинарлар, іскери ойындар және оқытудың басқа да интерактивті әдістері, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту қолданылады. Сабақ үстінде студенттер барлық қажетті құралдармен, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар кафедра оқытушылары дәріс және семинар сабақтарын өткізу үшін компьютерлік сыныптарды, мультимедиялық жабдықтарды пайдаланады.

 
ped16112

  Кафедра мамандықтарының оқу-зертханалық базасына келесідей арнайы кабинеттер де кіреді – «Анатомия, физиология және дене мәдениеті», «Мемлекеттік тілді оқыту», «Спорттық үстел ойындары», «Экология» кабинеттері. Бұл кабинеттер оқу үрдісін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.   Сондай-ақ кафедра негізінде «Тегін психологиялық көмек көрсету бойынша студенттік психологиялық қызмет» құрылған. Арнайы кабинеттер мен оқу зертханалары негізінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. Арнайы кабинеттер, кабинеттер мен оқу зертханалары зертханалық-практикалық сабақтарды өткізу үшін барлық керектілермен жабдықталған.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кәсіби және ғылыми мәселелерді өз беттерімен шеше алатын білікті мамандарды дайындаудың ажырамас бөлшегі болып табылады. Кафедарның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері болып табылатындар:

·        іргелі, зерттеушілік, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық қызметті ендіру;

·        ғылыми-зерттеу қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми зерттеу және шығармашылық қызметі арқылы жаңа білім алу;

·        ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру үрдісіне енгізу;

·        оқу үрдісін ең жаңа ғылыми зерттеулермен қаруландыру, студенттерді зерттеу жұмысының негізі үрдісімен іс-жүзінде таныстыру және оларды осы жұмысқа қатыстыру.

Кафедраның ғылыми-зияткерлік құзіреті осы міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмысы «Түрлі әлеуметтік салалардағы жыныстық тепе-теңдікті қалыптастыру үрдісінің психологиялық жағы мәселесі» тақырыбының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл тақырып ҒТАҰО-да тіркелген. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің ңылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі ғылыми басылымдарда жариялап, республикалық та, халықаралық та конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.

Кафедра қала және облыстың түрлі мектептерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырып, университеттің әртүрлі деңгейдегі конференцияларына мектеп мұғалімдерінің қатысуларын қарастырып, ұсыныстар жасап отырады. Кафедра оқытушылары мектеп мұғалімдерінің әдістемелік құралдарының рецензенттері болып, сонымен қатар ЖОО іс-шараларына конкурстар мен олимпиадалар жұмыстары бойынша комиссиялар төрағалары, секциялар төрағалары мен хатшылары болып қатысады. Кафедра қаланың психологиялық орталықтарымен, Қалалық білім беру бөлімімен, Өскемен қаласының мәдениет пен тілді дамыту  бөлімімен, Өскемен қаласының дене мәдениеті мен спортты дамыту бөлімімен, ҚО ҚМ-нің "27943 Әскери бөлімі" РММ-мен бірлесе жұмыс істейді. 

 ped16113

 ped16114

ped16115

   Кафедра жыл сайын 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада мен Өскемен қаласының 8-сынып оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдері арасында «Полиглот» қалалық олимпиадасын («Шет тілдері» кафедрасымен бірлесе отырып) өткізіп отырады. 

 ped16116

  Оқытушылар оқу пәнін бақылап отырудан басқа, студенттерді салауатты өмір салтын ұстауға, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірілуді қылыптастыруға бағыттайды, қоғамдық өмірге қатыса отырып, белсенді өмір қалыптыстаруға шақырады. 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының оқытушылары ҚАЕУ студенттерінің қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуларын ұйымдастырады. 

ped16118

    Кафедра мамандықтары бойынша жыл сайын Ғылым мен шығармашылық апталықтары өткізіліп отырады, оның шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, спорттық сайыстар, атақты ақындармен, тілшілермен кездесулер ұйымдастырылады. 

 ped16119

ped161110

  Кафедра «Bliss» психология орталығы» қоғамдық ұйымымен және «Шығыс-Қазақстан облысының жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-мен эксперементальді-әдістемелік базаға ие. «Bliss» психология орталығы» қоғамдық ұйымымен серіктестікте отбасылық психология, отбасындағы қақтығыстар мен зорлық көрсетудің алдын-алу, қарым-қатынастарды үйлесімді ету бағытында тренингтер, семинарлар, терапевттік жұмысар өткізіледі. 

 ped161111

  Кафедрада «Педагог-психолог» студенттік ғылыми үйірмесі бар. Бұл үйірме – студенттің ары қарайғы ғылыми қызметте болашағы бар жас маман ретінде өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін студенттердің ерікті ұйымы.

Үйірмедегі жұмыс студенттерге дамып, өз мүмкіндіктерін ашуға, кәсіби жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Үйірме жұмысына қатысатын студенттердің көпшілігі өз жұмыстарының келесідей ынталарын ерекше атайды: танымдық қызығушылық және өзін-өзі жетілдіруге ниеттену. 

 ped161112

 Кафедра Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен, Омск қаласындағы Сібір мемлекеттік Дене мәдениеті және спорт университетімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырып, серіктестік орнатқан. Кафедраның аға оқытушысы Вдовина Е.Н. Мәскеулік Гештальт-институтымен серіктестікте болып, «Gestalt»  психологиялық орталығында кеңес беру- әдістемелік жұмыс атқарады. Кафедра доценті И.К.Мацкевич БҰҰ ЮНИСЕФ балалар фонды және Лакуил университетімен (Италия) серіктестік жасауда.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru