Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Шетелде тіл мен мәдениетті оқыту бағдарламасы

Бағдарламаның сипаттамасы: Бұл қазақ немесе орыс тілдерінде  Қазақстанның мәдениетін терең оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарлама ҚАЕУ-да оқытылатын тілдерді оқу, мәдениетті зерттеу, және басқа да білім беру пәндері бойынша барлығы 18 кредит ұсына алады. Бағдарламаға мәдени іс-шаралар мен пәндерді шет тілдерінде (қазақ\орыс) оқу кіреді. Бағдарламаның артықшылықтары:

·         Тілдерді аптасына 30 сағаттан жеделдетіп оқыту (жеке кәсіпқой репетитормен, тіл тасымалдаушысымен және практикалық тапсырмалармен оқу сияқты түрлерге бөлінген);

·         Қазақ немесе орыс тілдерінде екі қосымша пәнді оқу мүмкіндігі (аптасына 3-6 сағат);

·         Аптасына 3 сағат мәдениетті зерттеу, бұған жергілікті экскурсиялар мен іс-шаралар кіреді (аптасына 3сағат).

Бағасы:  тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1000 долларына баламалы. Оқу үшін екі жақты ақы төлемеуге ҚАЕУ-мен келісілген университетте оқитын студенттер үшін растау алған жағдайда бір семестр тегін оқу мүмкіндігі бар.

Талаптары: Студенттер өз университеттеріндегі кез-келген мамандық бойынша бакалавриат бағдарламасында оқуы керек. Студенттер оқып қойған пәндері бойынша транскрипт жіберуі керек. Студент ҚАЕУ арасындағы келісім-шартты толтыруы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Жоспар-күнтізбе: бағдарлама күзгі (қыркүйек-желтоқсан) және көктемгі (қаңтардың ортасы – мамырдың ортасы) семестрлерде жүзеге асырылады. 

Кредиттерді бағалау: Студенттер ҚАЕУ-ден семестр бойында оқыған пәндер бойынша ресми транскрипт, соның ішінде шет тілін (қазақ немесе орыс) оқуының 12 кредитін қоса алады. Алынған кредиттер шетелдік студент білім алып жатқан университетте ешбір кедергісіз тіркеуге алынып есептеледі. 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru