Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

 

Бағдарламаның сипаттамасы:Шетелдік студенттерҚазақстан Республикасында толығымен аккредитациялаудан өткен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойыншаҚАЕУ-ге оқуға қабылдана алады және ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша халықаралық деңгейде расталған магистр дәрежесін алу мүмкіндігі бар болады. Бағдарламаның барлық пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Шетелдік студенттер жергілікті кәсіпорындарда түрлі ақпараттық жүйелерді қолданумен таныстыратын «IT болашақтары» пәніне автоматты түрде қабылданады. Қазақ немесе орыс тілдерін оқуға қызығушылықтарын танытатын шетелдік студенттер ҚАЕУ-дің арнайы курстарына жазыла алады. Бағдарламаның артықшылықтары:

·         ҚАЕУ-дің ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасына қабылдану. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі;

·         Ай сайын жергілікті кәсіпорындарда түрлі ақпараттық платформаларды қолданумен таныстыратын «IT болашақтары» пәніне автоматты түрде қабылдану.

Оқу жоспары: бағдарламаның 2 негізгі пәні:

·      Менеджмент

·      Ақпараттық жүйелердегі жоспарлау қосымшасы

Келесі тізімнен 4 қосымша элективті пән:

·         Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

·         Есептеу жүйелері мен телекоммуникациялар желілері

·         АЖ моделдеу мен жобалауды талдау

·         Бағдарламалау

·         Бағдарламалаудың заманауи орталары мен тілдері

Жоғарыда көрсетілген пәндерді меңгеруден басқа студенттер не Қазақстанда, не өздерінің отандарында магистрлік жобаны дайындау мен қорғау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек.

 

Бағасы: Тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1500 долларына баламалы.

Оқуға қабылдау үрдісі мен талаптары: «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алуға қызығушылығын танытатын шетелдік студенттердің өз отанындағы аккредитацияланған университеттің кез-келген техникалық мамандық бойынша бакалавр дәрежесі болуы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Жоспар –күнтізбе: Бағдарлама жыл сайын қыркүйектің басынан мамырдың аяғына дейін жүзеге асырылады.  Мамырдың аяғына дейін пәндерді меңгерген магистранттар отандарына магистрлік зерттеу жұмысын жазу үшін қайтып кете алады. Магистрлік жоба онлайн тәртібінде қорғалуы мүмкін, сондықтан ол үшін Қазақстанға қайтып келудің қажеті жоқ.

Кредиттерді бағалау: Бизнес мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік магистранттар ҚАЕУ-ден бизнес мамандығы бойынша магистр  дәрежесін алады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және АҚШ-тың бизнес мектептері мен бағдарламаларын аккредитациялау бойынша кеңестің аккредитацияларынан өткен. Сонымен қатар магистранттар ҚАЕУ-ден ресмитранскрипт алады.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru