Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

Бағдарламаның сипаттамасы: Шетелдік студенттер Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарында толығымен аккредитациялаудан өткен бизнес мамандықтар бойынша ҚАЕУ-ге оқуға қабылдана алады және бизнес мамандығы бойынша халықаралық деңгейде расталған магистр дәрежесін алу мүмкіндігі бар болады. Бағдарламаның барлық пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Шетелдік студенттер жергілікті кәсіпорындар мен олардың басшыларымен таныстыратын «Бизнес болашақтар» пәніне автоматты түрде қабылданады. Қазақ немесе орыс тілдерін оқуға қызығушылықтарын танытатын шетелдік студенттер ҚАЕУ-дің арнайы курстарына жазыла алады. Бағдарламаның артықшылықтары:

·         ҚАЕУ-дің бизнес мамандығы бойынша магистратураға қабылдану. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі;

·         Апта сайын жергілікті кәсіпорындарды аралауға мүмкіндік беретін «Бизнес болашақтар» пәніне автоматты түрде қабылдану.

Оқу жоспары: бизнес мамандық бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасының 6 негізгі пәні:

·         Инновациялық менеджмент

·         Менеджмент

·         Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

·         Ұйымдастырушылық тәртіп

·         Стратегиялық менеджмент

·         Персоналды басқару (жалғастырушыларға)

Жоғарыда көрсетілген пәндерді меңгеруден басқа студенттер не Қазақстанда, не өздерінің отандарында магистрлік жобаны дайындау мен қорғау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек.

Бағасы: Тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1500 долларына баламалы.

Оқуға қабылдау үрдісі мен талаптары: Бизнес мамандығы бойынша магистр дәрежесін алуға қызығушылығын танытатын шетелдік студенттердің өз отанындағы аккредитацияланған университеттің кез-келген мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі болуы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Жоспар –күнтізбе: Бағдарлама жыл сайын қыркүйектің басынан мамырдың аяғына дейін жүзеге асырылады.  Мамырдың аяғына дейін пәндерді меңгерген магистранттар отандарына магистрлік зерттеу жұмысын жазу үшін қайтып кете алады. Магистрлік жоба онлайн тәртібінде қорғалуы мүмкін, сондықтан ол үшін Қазақстанға қайтып келудің қажеті жоқ.

Кредиттерді бағалау: Бизнес мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік магистранттар ҚАЕУ-ден бизнес мамандығы бойынша магистр  дәрежесін алады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және АҚШ-тың бизнес мектептері мен бағдарламаларын аккредитациялау бойынша кеңестің аккредитацияларынан өткен. Сонымен қатар магистранттар ҚАЕУ-ден ресми транскрипт алады.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru