Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

6М020700 «Аударма ісі» (ағылшыннан орыс тіліне және керісінше аудару) мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

Бағдарламаның сипаттамасы: Бұл кәсіпқой аудармашы болғысы келетіндерге арналған магистратураның ерекше бағдарламасы. Бағдарламаның барлық пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарлама ағылшыннан орыс тіліне және керісінше аударуға бығытталған. Сондықтан оқу үшін басты талап – ағылшын және орыс тілдерін орташа деңгейде білу.   Бағдарламаның артықшылықтары:

·         ҚАЕУ-дің аударма ісі мамандығы бойынша бір жылдық магистратура бағдарламасына қабылдану. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі;

·         Қалауы бойынша жоғары деңгейдегі орыс тілі курстары;

·         Аударма бойынша алты апталық іс-тәжірибеден өту.

Оқу жоспары: бағдарламаның  негізгі пәні:

·         Аударматанудағы заманауи тенденциялар

Келесі тізімнен 5 қосымша элективті пән:

·         Кәсіби-бағдарлы шет тілі

·         Ұйымдастырушылық тәртіп

·         Психология

·         Стилистика

·         Рефераттау мен конспектілеу

·         Аударманың заманауи теориясы

·         Аудармадағы ақпараттық технологиялар

·         Аударманың жеке теориялары

·         Мәдениаралық коммуникация

Жоғарыда көрсетілген пәндерді меңгеруден басқа студенттер не Қазақстанда, не өздерінің отандарында магистрлік жобаны дайындау мен қорғау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек.

 

Бағасы: Тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1500 долларына баламалы.

Оқуға қабылдау үрдісі мен талаптары: аударма ісі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алуға қызығушылық танытатын студенттердің өз отанындағы аккредитацияланған университеттің кез-келген мамандық бойынша бакалавр дәрежесі болуы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Жоспар –күнтізбе: Бағдарлама жыл сайын қыркүйектің басынан мамырдың аяғына дейін жүзеге асырылады.  Мамырдың аяғына дейін пәндерді меңгерген магистранттар отандарына магистрлік зерттеу жұмысын жазу үшін қайтып кете алады. Магистрлік жоба онлайн тәртібінде қорғалуы мүмкін, сондықтан ол үшін Қазақстанға қайтып келудің қажеті жоқ.

Кредиттерді бағалау: аударма ісі мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік магистранттар ҚАЕУ-ден аударма ісі мамандығы бойынша магистр  дәрежесін алады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттік (ББСҚҚТА) аккредитацияларынан өткен. Сонымен қатар магистранттар ҚАЕУ-ден ресми транскрипт алады.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru