Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Материалдар

«Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі» атты тақырыптағы дөңгелек үстел»

2011 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Өскемен қаласының білім бөлімі арасында ынтымақтастықты кеңейту аясында, ҚАЕУ лицейі дөңгелек үстел түрінде «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі» атты тақырыпта, қала колледждері мен мектептері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары,  оқытушылары қатысуымен кездесу өткізді. Семинар жұмысына барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Жиналғандар алдында ҚАЕУ оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президенті Галина Ахбайқызы Конопьянова кіріспе сөз сөйледі.

Кездесуді ұйымдастырушы, лицей директоры Валерия Андреевна Ким былай деп атап өтті: «Кездесуге қатысушыларға қалалық білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері жайлы пікірлерімен және тәжірибелерімен еркін алмасу үшін жағдай туғызып, Қазақстан-Американдық еркін университеті, оқу үдерісін жақсартуға, оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеруге, педагог жаңашылдардың үздік тәжірибелерін қорыту және таратуға өз үлесін қосуда».

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Н.М.Полякованың, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған оьлыстық арнайы мектеп-гимназия интернаты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.С.Құсайынованың, дарынды балаларға арналған №34 мектеп-лицейінің тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі Т.В.Барышеваның жаңашылдық идеялары тыңдаушылардың ыстық ықыласын тудырды.

Семинарда сөз сөйлеген баяндамашылар мен белсенді қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Барлық баяндамаларға  жақсы пікірлер беріліп, ҚАЕУ оларды өткізіліп отырған Дөңгелек үстел аясындағы осы бағыттағы өз жинағында басып шығаруға ұсынды.

Круглый стол на тему «Роль предмета «Самопознание» в формировании и воспитании  казахстанского патриотизма» Круглый стол на тему «Роль предмета «Самопознание» в формировании и воспитании  казахстанского патриотизма»
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru