ҚАЕУ әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарымен бірігіп қос диплом бағдарламасын дамытуға бар күшін салады.
Бұл бағдарламалар студенттерге екі жеке диплом алуларына мүмкіндік береді: біріншісі өзіміздің университетіміздің дипломы болса, екіншісі – серіктес оқу орындікі болып табылады.
Қос диплом бағдарламаларының қағидасы бойынша студенттер кейбір курстарды өзінің университетінде оқып аяқтаса, екінші біреулерін серіктес оқу орнынан оқып алады да, екеуіндегі кредиттері расталады. Сабақтар әдеттегідей орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Студенттер оқып жатқан уақытындағы университеттің оқу ақысын төлеп отырады. Қос диплом бойынша білім беру бағдарламаларының саны шектеулі және бәсекелі болып табылады.
Қос диплом бағдарламасының аяқталуы ЖОО-ны аяқтаған соң жұмыспен қамтылуына, Қазақстанда да, шетелде де жұмыс табуларына мол мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ҚАЕУ келесі қос дипломды бағдарламадарды ұсынады:
1. Ресей Федерациясы Орталық Одағының "Сібір тұтыну кооперациясының университеті" (Сіб ТКУ) жоғары білім берудің жеке білім беру мекемесі
38.04.02 "Менеджмент" (Ресей Федерациясы) және 7М04102 "Менеджмент" (Қазақстан Республикасы) мамандықтары бойынша білім алған студенттерге экономика және бизнес магистрі және экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.
2. Жоғарғы білім берудің "Алтай мемлекеттік университеті" федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі (ЖБ «АлтМУ» ФМББМ)
41.04.05 "Халықаралық қатынастар" (Ресей Федерациясы) және 7М03102 "Халықаралық қатынастар" (Қазақстан Республикасы) білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өткен студенттерге халықаралық қатынастар бағыты бойынша магистр және әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін байланысу:
Бордияну Илона Владимировна - ҚАЕУ, Бизнес кафедрасы, М. Горький көшесі-76, каб. 401, телефон: 8/7232/50-28-58
Гаврилова Юлия Александровна - ҚАЕУ, Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы, М. Горький көшесі-76, каб. 407, тел. 8/7232/50-28-39
![]() | 83 kB | 184 Downloads |
Жаңалықтар
-
Арт-терапия: Жаңа жылдық ғажаптар
2019 Желтоқсан 09 -
Көшбасшыларды тәрбиелеу: ҚАЕУ-дегі жас кәсіпкер мектебі
2019 Желтоқсан 09 -
«Jas Otan» партиясының жастар қанаты бөлімшесінің ашылуы
2019 Желтоқсан 05
Хабарландыру
-
2019 Қараша 08
Өскемен қаласы әкімінің "Алау-2019" сыйлығы туралы ереже
-
2019 Қыркүйек 23
Конкурс презентаций осень 2019
-
2019 Шілде 12
БАЙҚАУ