
Тұңғыш жол салушы болу оңай болмайтыны сөзсіз, алайда ҚАЕУ басшылығы мен Бизнес Әкімшілік факультетінің ұжымы бұл сыннан сүрінбей өте білді. Халықаралық аккредиттеуден өту арқылы ҚАЕУ халықаралық сапа стандарттарына сай келетіндігін, түлектерінің сұранысқа ие екендігін, жақсы оқыту-әдістемелік және материалдық-техникалық базасының бар екендігін растады.
Халықаралық аккредиттеуден өтудің ҚАЕУ үшін маңызы:
Сыртқы маңызы:
- Халықаралық мойындау, ҚАЕУ экономикалық мамандықтары бойынша берілген дәрежелер мен біліктіліктерді салыстыру және конверсиялау.
- ҚАЕУ имиджін дамыту және Қазақстандық және халықаралық білім беру нарығындағы бәсекелестік позициясын нығайту.
- ЖОО халықаралық дәрежесін растау, жоғары сапалы білім мен қызмет көрсетуге кепілдік беру, халықаралық талаптарға сай болу.
- Әлемдік білім беру кеңістігіндегі, атап айтқанда жоғары сапа стандарттарын қадағалайтын Ассоциацияға мүше басқа университеттермен іскерлік қарым-қатынастарды кеңейту;
- Негізгі қызығушылық танытқан тараптардың (болашақ абитуриенттер, студенттер, жұмысберушілер мен қоғам) ҚАЕУ Бизнес Мектеп білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігіне деген сенімін арттыру.
- Бақылаушы орган өкілдерінің сеніміне барынша ие болу және инспекциялық тексерулердің көлемін азайту.
Ішкі маңызы:
- Мықты және әлсіз жақтарды көрсететін сараптама қорытындысын және білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін әрбір стандарт бойынша ұсыныстар алу.
- ЖОО білім беру қызметі нарығында жоғары бәсекелестікке ие болуына ықпал ететін инновацияларды енгізу, бағдарламаларды жетілдіру жөнінде ACBSP тарапынан кәсіби көмек алу.
- ҚАЕУ басшылығының басқарушылық шешімдер қабылдауы үшін факультет пен жоо туралы ақпараттың объективтілігін арттыру.
- Профессорлық-оқытушылық құрамды толықтай сапаны, жоо мен Бизнес Мектеп құндылықтарының беріктігін, сапа мәдениетін қамтамасыз ету жұмыстарына тарту.
Оқытушылар мен қызметкерлер үшін маңыздылығы:
- Бизнес Мектеп пен жоо барлық оқытушылары мен басшылары еш кедергісіз автоматты түрде ACBSP мүшесі болып саналады және ақпараттық ресурстармен, мүмкіндіктермен сондай-ақ тиісті құқықтар мен құзіреттіліктерді пайдалана алады; оқытушылар Үздік Оқытушы байқауына қатыса алады. Жыл сайын ACBSP 18 премия таратады (9 аймақтың әрқайсысына 2 премиядан). Премиялар ACBSP жыл сайын өткізілетін халықаралық конференциясында тапсырылады.
- Жаңа кәсіби мүмкіндіктер – әр апта сайын ACBSP мүшелері ACBSP мүше университеттердегі әкімшілік және оқытушылық бос вакансиялар туралы жарияланып тұратын ақпараттық жаршы алып отырады (жаршыға жазылу үшін сайтқа тіркелу қажет).
- Өзара баға беру және бенчмаркингк мүмкіндіктері –ассоциацияға мүше-жоо бірлесіп зерттеулер, статитстикалық салыстырулар жүргізеді, тәжірибелері мен жаңалықтарын бөліседі; ең үздік әлемдік тәжірибелерді мысалға ала отырып салыстырып үйрену мүмкіндігі бар;
- ACBSP аймақтық (барлық қатысушылар 9 аймаққа бөлінген) және халықаралық конференцияларға қатысуға болады.
Студенттер үшін:
- дипломның халықараық деңгейдежоғары бағалануы – аккредитация алған білімнің сапасы мен тереңдігін дәлелдейді;
- ҚАЕУ алған білімді есепке ала отырып басқа шетелдік жоо ауысу мүмкіндігі (ACBSP мүше болып табылатын оқу орындарына);
- Шетелдік жоо (магистратура мен докторантурада) білім алуды жалғастыру мүмкіндігі;
- түлектердің жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыру және олардың шетелдік компаниялар мен халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігі;
- шетелдік маңызды қоғамдастықтарға мүше болу мүмкіндігі (Бета Сигма Дельта және Дельта Мю Дельта).
Снип водоснабжение. Насосы фекальные grundfos SEG насос циркуляционный unitherm.
