Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Новости

Құттықтаймыз!!

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы

Бордияну Илона Владимировнаны

«Менеджмент» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтайды!

Алдағы уақытта кәсіби дәрежеңіздің артып, зор шығармашылқ табыстарға жетуіңізге тілектеспіз!!!

Күзгі Дайджест

Маршалл Кристенсен, Дэниел Бэлласт, Том Гейтч, Рик и Бонни Смит, Хью Холлман, Карл Кристенсен, Бен Стерчук, Лора Латч, Ларс Петерсон, Брайан Янг, Эдвард  Денни, Барбара Уайт, Кэри Хэк, Джереми Лайб, Джули Ингоуф, Анна Чеснокова, Валентина Якуба, Лу Холли…  Бұл тізімде  шетелдіктермен  жай ғана қарым-қатынас жасаудан басқа Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастық қатынастар мен жылдар бойы жалғасып келе жатқан достық қатынастарды жалғастырушылардың жартысы ғана көрсетілген.

Осы семестрде университетте кең ауқымды шаралардың бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған және ҚАЕУ кураторы, Қамқорлық Кеңесінің Төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (Ph.D) Маршалл Кристенсеннің мерейтойына орайластырылған халықаралық ғылыми конгресс өткізілді.

Толығырақ: Күзгі Дайджест

ҚАЕУ студенттері шетелде

Жыл сайын ҚАЕУ американдық тараптың, Маршалл Кристенсен Қоры, «Co-Serve International» және "Е2 Education Services" халықаралық ұйымдардың  қолдауы және қаржыландыруымен АҚШ-на Көшбасшылық Халықаралық Академиясы және кәсіби бизнес іс-тәжірибе халықаралық бағдарламаларға қатысу үшін өз студенттерін жібереді.

Толығырақ: ҚАЕУ студенттері шетелде

Мансап және Тұлға дамуының халықаралық орталығы

2011 жылдың қараша айынан бастап ҚАЕУ жанындағы «Көшбасшылыққа оқыту Орталығы», «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» болып қайта өзгертілді.

Жоба жетекшісі, американдық тараптан ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласт әңгімелейді:

Дэниел Бэлласт

- «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» жұмысын Лингвистикалық және Бизнес бағыттары бойынша жүзеге асырады. Лингвистикалық даярлыққа Қазақстанда да, шетелдерде де (Америка, Ұлыбритания, Филиппин) ағылшын тілін оқып-үйрену жөніндегі әртүрлі курстар мен бағдарламалар және де қазақ тілі курстары да кіреді. ҚАЕУ бәсекелестік артықшыларының бірі – ағылшын тілін тереңдетіп оқып-үйрену. Бұл бағытта университеттің көп атқарылған істері бар. Көпжылдық халықаралық ынтымақтастық бізге шетелдік оқытушыларды курстарға қатысуға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Оқытушыларды корпоративтік оқытуға және тілдік даярлығына ерекше көңіл бөлінетін болады. «Көшбасшылық халықаралық Академиясы» бағдарламасына енді тек студенттердің ғана емес, сонымен бірге университет оқытушыларының да қолы жетеді.

Мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіптік өсуі мақсатында қазақстандық және шетелдік оқытушылар мен маман-практиктердің қатысуымен бизнес-білімнің әртүрлі формалары қолданылады: бизнес-тренингтер, тақырыпнамалық қысқа мерзімді семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және т.б.

Орталық ACBSP американдық ұйымның аккредитациясынан өткен басшылар үшін МВА бірегей бағдарламасын ұсынады. Басшылар үшін МВА – бұл бизнесте табысты басқару мансабының кілті. Магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін түлектер, басшылар үшін Іскерлік Әкімшілік ету Магистрі дәрежесі берілгені туралы диплом алады.

Оқытудың еуропалық сапасы мен үлгісіне бағдарланып, біз қазақстандық бизнестің ерекшеліктерін есепке аламыз, мұның өзі біздің бағдарламамызға сөзсіз артықшылық береді.

«Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» ҚАЕУ студенттері мен қызметкерлерінің де, қала қауымының да кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Международный центр развития Карьеры и Личности» открывает новые возможности для развития профессионального и личностного роста, как студентов и сотрудников КАСУ, так и общественности города».

Марапатыңызбен құттықтаймыз!!!

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайрұлын «Білім мен ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін» (№1 куәлік) төсбелігісін алуымен құттықтаймыз.

Шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!

БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

ҚАЕУ ұжымы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru