Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Н.Ә.Назарбаев – ұлт көшбасшысы

Құрметті сайт қараушылары Қазақстан Американдық еркін университетінде 24 қарашада сағат 13-00 403 аудиторияда 1 курс студенттеріне арналған «Н.Ә.Назарбаев – ұлт көшбасшысы» тақырыбына ашық сабақ өтті.


1 желтоқсанды – бүкіл ел болып, ҚР халқы болып тұңғыш Президент, ұлт көшбасшысының күні ретінде атап өтеміз. Мерекелеудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының саясаты мен идеялары төңірегінде топтаса жүріп, Тәуелсіздік кезіңнен сол кісінің бастамасымен бірлесе жұмыс атқара отырып, бүгінгі тұрақты мемлекет қатарына келгенімізді атап өте отыра болашақтада бірге болатынымызды дәлелдемекпіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына, көркеюі мен гүлденуіне үлкен үлесін қосуда.

Сабақ 50 минөтке есептелінді. Сабақ 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімде Н.Ә. Назарбаевтың ұлт көшбасшылығына келіп, Елбасы мәртебесін алу кезіндегі еңбектері мен қоғамдық қызметтері анықталып слайд түрінде көрсетілді. Дәріс оқылып Елбасы туралы шыққан әдебиеттермен таныстырылды. 2 бөлім интеллектуалды ойын ретінде «Сен тұңғыш президент туралы не білесің?» деген атпен 4 байқаудан тұратын ойын ойналды. 1 байқау блиц-сұрақтар, 2 байқау суырып салмалық, 3 байқау «біздің президент туралы мен не білемін?» викторина және 4 байқау сөйлемдерді аяқтау. Студенттер Қазақстан тарихының тәуелсіздік кезеңіндегі білімдерін бекіте түсті.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru