Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Химия және химиялық технологиядан ҚАЕУ базасында 9-10 қазанда VIII-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРІМЖАНОВ

 

съезі болып өтті. Cъезд жұмысына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Қырғызстан, Түркияның 35-тен астам ғылыми ұйымдары мен ЖОО, өнеркәсіп кәсіпорындары қатысты.

 

- Біздің шақыруымызды қабыл алған съезге қатысушылардың барлығына ризашылығымды білдіргім келеді, – деп атап көрсетті құттықтау сөзінде ҚАЕУ президенті, х.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. – Менің Ұзтазым, тәлімгерім Батырбек Ахметұлыны еске алу съезі, АҚШ, Канада, Еуропаның ірі ғалымдарымен,жетекші мамандарымен 20 жылдық табысты ынтымақтастық тәжірибесі бар халықаралық серіктестіктің республикадағы тұңғыш жеке меншік жоғары оқу орны қабырғасында өтіп жатқанының өзіндік бір ерекше белгісі бар. Бүгінде Батырбек Ахметұлының шәкірттерінің саңлақтары – бұл ірі ғалымдар, ең жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерлері, білім, ғылымдағы басшылар, министрлер, олар өмірде Бірімжановтық абыройдың бір ұшқынын алып жүреді.

Съезге қатысушыларды ҚАЕУ қамқорлық Кеңесінің төрағасы, профессор Маршалл Кристенсен құттықтады. Ол  көрнекті ғалымның жас ғалым және болашақ басшы Ережепа Мәмбетқазиевтің қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, 30 жыл бойы екі университеттің бірінші басшысы болып жұмыс атқаратын Батырбек Бірімжановтың шәкіртінің білім мен ғылымның дамуында қандай рөл атқарғанын, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш министрі болған кезде білім мен ғылымда жаңа инновацияларға бастама бергенін де атап өтті.

Бірімжанов съездерінің тарихы: Қазақстандағы нанотехнологиялар даму үрдісі – жану проблемалары Институтының директоры, х.ғ.д., ҚР ХЖҒА академигі Зұлхайыр Мансұровтың баяндамасының тақырыбы осындай болды.  Көрнекті ғалымның құрметіне  химия және  химиялық технологиялар бойынша халықаралық съездер 1996 жылдан бастап өткізілуде және ол дәстүрге айналды. Соңғы VII съезд 2011  жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды және ол Б.А.Бірімжановтың 100 жылдығына арналды. Осы съезде VIII халықаралық Бірімжанов съезін Өскеменде ҚАЕУ базасында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Мұндай шешім, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Е.А.Мәмбетқазиев (ҚАЕУ президенті), электр химиясы саласындағы жетекші ғалым ретінде көрнекті ғалымның жарқын ізбасарларының бірі болғанына негізделді.

            Батырбек Ахметұлы Бірімжанов -Қазақстанның көрнекті ғалымы, елдегі химиялық білім мен ғылымның негізін қалаушыларының бірі, 26  жыл бойы ҚазМУ химия факультетін басқарған. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР  ҒА корреспондент мүшесі Батырбек Ахметұлы бейорганикалық химияның дамуына зор үлес қосты. Ол жалпы химия бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың  авторы, химиялық терминология бойынша алғашқы орысша-қазақша  сөздікті жасаушы (С.Т.Омаровпен авторлықта), «Білім» қоғамы бойынша ғылымды көпшілік арасында насихаттаушы, 10 патенттің бірлескен авторлықта  патент ұстаушысы.

Бірімжановтың Б.А. ғылыми ізденістерінің нәтижесі континенталдық тұз пайда болуының  физикалық химиялық теориясын құру болды. 100-ден астам тұз көлдері, 15 өзен мен 39 олардың салалары зерттеліп, Қаратау фосфориттеріне қайта өңдеу жүргізілді. Ғалымның жетекшілігімен үлкен қосылыстар қасиеттерін зерттеудің  кванттық-химиялық әдістері дамыды, 600-ден астам еңбек жарияланып, 50-ден астам диссертация қорғалды.

        Батырбек Бірімжановтың есімімен кеңестік ғылыми дәуір бейнеленеді, деп атап көрсетті «Компания Нью Текнолоджис Плюс» ЖШҚ президенті Федор Лобанов (Мәскеу). Өз сөзінде шешен тек химия мәселелеріне ғана тоқтаған жоқ. Бүгінде біз кімбіз – КСРО-дан шыққан адамдар ұрпағымыз ба? Бәріміз үшін ортақ болған елдің ыдырауынан кейін біздің өзара қарым-қатынасымыз қандай болу керек? Неліктен біздің озық парасаттыларымыз басқа елдердің игілігіне айналады?

Көрнекті қазақстандық химик-ғалымның, дарынды басшы мен педагогтың күрделі өмір жолынының қалыптасуын, х.ғ.д., профессор, ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері Қосылған Күзембаев өз сөзінде терең, әрі жан-жақты ашып көрсетті Ол Қазақстандағы ұлылар саңлақтар тобының ішіндегі тұлға ретінде Бірімжановтың деңгейін соншама толық ашып көрсететін оның өмірінен көптеген қызғылықты оқиғалар жайлы баяндады.

Съезд жұмысына көрнекті ғалымның ұлы, химия ғылымдарының кандидаты,«Жоғары технологиялар институты» ЖШС, техногендік қалдықтарды қауіпсіз ұстау зертханасының бас менеджері, Рүстем Бірімжанов қатысты. Ол конференцияны ұйымдастырғаны үшін ҚАЕУ басшылығына алғысын білдіріп, 20- ғасыр – бұл химия ғасыры болады деген әкесінің сөздерін келтірді.

Халықаралық съездің пленарлық отырысында қазақстандық химия ғылымының көрнекті кемеңгерінің әріптестері, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері Зейнолла Молдахметов және басқалары сөз сөйледі.

Съезд ұйымдастырудың мақсаты:

- химия және химиялық технологиялар бойынша іргелі зерттеулер мен инновациялық қызметтің дамуындағы жаңа бағыттарды даярлап жасау;

-  академиялық, салалық ЖОО, әртүрлі деңгейдегі білім мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы шығармашылық байланыстардың дамуының тиімді  тетіктерін даярлап жасау;

 - химиялық білімнің сапасын арттыру, елдің дамуы үшін жаңа ғылыми және индустриалды-инновациялық тәсілдемелерді іздеп табу.

Конференция жұмысының қорытындылары бойынша осы проблемаларды шешу жолдары көрініс тапқан шешім қабылданды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru