Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШЫҒЫС: СОЛТҮСТІК –ОҢТҮСТІК

       

 даму жолындағы серіктестік 

 

- Бүгінгі форумға бұрынғы Білім және ғылым министрі Мәмбетқазиев мырза қатысып отырғанын көріп отырмын. – деп атап көрсетті оңтүстік астананың әкімі Ахметжан Есімов, оны дөңгелек үстел басындағы отырған көпшіліктің ішінен ерекше атап. – Ережеп Әлхайырұлы  Алматының да, шығыс өңірінің де ғылым мен білім әлеуетінің ерекшеліктерін және ауқымын жақсы біледі. Ал бұл дегеніміз, келісіңіздер, біздің тиімді ынтымақтастығымыздың дамуы үшін өте маңызды фактор болып табылады  . 

ҚАЕУ президенті Ережеп Мәмбетқазиев «ШҚО мен Алматы ынтымақтастығының болашағы» атты бизнес-форум жұмысына қатысты. Форум біздің өңірдегі Алматы күндерінің қорытынды іс-шарасына айналды және  «Алтай» технопаркінде өтті. Форум жұмысына өндіріс кәсіпорындарының, бизнес құрылымдардың, ғылым және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Көптеген бірлескен жобалар бойынша сындарлы пікір алмасу мен ұсыныстар болды.

ШҚО әкімі  Бердібек Сапарбаев  өңірдің экономикалық, мәдени,  ғылыми-инновациялық әлеуетін аша отырып, өнеркәсіп өндірісіндегі заманауи технологиялар, туризм дамуы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі жобаларды жүзеге асырудағы  резервтерді атап өтті.

- Өскеменде жеті жыл болған жоқпын және осындағы өзгерістерге таң қалдым, жаңа мәдени-спорт нысандары, бір этнопарктың өзі неге тұрады. – деп атап өтті оңтүстік астананың басшысы. - Өңір соңғы жылдары заманауи инфрақұрылымды тиімді дамытуда, ал мұндай динамика жақсы келешекке  ынталандырады.

Алматы, өз кезегінде, елдегі жалғыз миллионер қала ретінде шағын және орта бизнестің, өнердің, туризмнің ең ірі орталығы болып қалады. Республикалық бюджетке салықтық түсімнің 25 пайызы Қазақстанның ең ірі мегаполисінен келеді.

Өскемендегі Алматы күндері аясындағы қалалық іс-шараларға ҚАЕУ студенттері мен қызметкерлері белсене қатысты. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru