Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«НҰРЛЫ ЖОЛ» - КЕЛЕШЕККЕ ДАҢҒЫЛ МАГИСТРАЛЬ

Елбасының кезектен тыс жолдауы қазақстандықтардың елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың іс жүзінде жақсаруына деген үмітінің жаңа толқынын туғызды. Бүкіл әлем жаңа қарсы тұрулар мен жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың қаупіне тап болғанда  және дүниенің бүкіл архитектурасын түбегейлі өзгерістер күтіп тұрған жағдайда, мұндай оптимистік жайттың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты Қазақстан, біздің қазақстандық өзіндік ерекшелігін көрсететін және  жалпы әлемдік құрылыспен үйлесетін өз архитектурасын тұрғызуы тиіс. 

«Нұрлы  Жол» - келешекке даңғыл магистраль

Ережеп МӘМБЕТҚАЗИЕВ,

Қазақстан-Американдық еркінуниверситетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі

Шығыс, өзінің өнеркәсіптік әлеуетімен қатар, туристердің қызығушылығын да тудырады. Ал Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен автожол жобаларын жүзеге асыру, заманауи қызмет көрсету инфрақұрылымын құру, экологиялық, спорттық, медициналық, ғылыми-тарихи туризм әуесқойлары үшін өңірді танымал етеді.

Республика Президенті қазақстандық қоғамда зияткерлік еңбек сүйгіштік пен нақтылы нәтижелерге қалай да қол жеткізуді қалыптастыруға үнемі басты назар аударады. Бұл қай кезде де маңызды болған, ал индустриалды-инновациялық жаңғырту жағдайында ерекше құндылыққа ие болады. Биылғы 24 маусымдағы шығыс өңірге жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шығысқазақстандықтардың жоғары зияткерлік әлеуетін және өңірдің дамуында   инженерияның ерекше рөлін атап өтті. Мұнда жақсы университеттер бар және де олардағы оқу мен ғылыми үдеріс өндіріспен тығыз қарым-қатынаста болуының маңызы зор деп атап көрсетті. Жеке әңгімелесу минуттарында мен, ҚР  1993-95 жылдардағы білім министрі, Елбасына білім мен ғылымға аударатын назары мен көрсететін қолдауы үшін алғысымды білдіруге мүмкіндік алдым. Индустрияландыру бағдарламасы аясында  экономика салаларымен ғылымның нақтылы байланысын қамтамасыз етуге тиіс 10 жоғары оқу орны анықталды. Бөлінетін қаражат тиімді пайдаланып, 2017 жылға дейін оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жаңа индустриалдық аймақтардың инфрақұрылымы болатынына сенгің келеді.

Жоғары оқу орны жүйесі, Президент атап көрсеткендей,  әр өңірдің экономикалық өзіндік ерекшелігіне сәйкес құрылып, дамуы тиіс. Мұндай өнеркәсіптік тау-металлургиялық, машина жасаушы облыста инженерлік мамандарды даярлау  техникалық университетте жүргізіледі. Бұл Шығыстың басты жоғары оқу орындарының бірі және оның келешегі инновациялық-индустриалдық стратегия міндеттеріне сәйкес жүргізілуі қажет.  Осы Шығыста атом энергетикасы, электрондық, электртехникалық өнеркәсіп үшін  мамандар даярлау жүзеге асырылуы керек. Семейдің медициналық орталық ретінде мықты даму әлеуеті бар және мұндай орталықтың ғылыми–білім беру өзегі болып Семей  медициналық университеті қызмет етуі тиіс. Жалпы алғанда, бүкіл күш-жігер білімнің барлық деңгейлерінің сапасына бағдарлануы қажет. Сондықтан да апаттық мектептер мен үш кезекте оқыту, мектепке дейінгі ұйымдардағы орынның жетіспеушілігін қысқарту мәселелерін түбегейлі шешу, адами капиталдың жаңа сапасын қалыптастырудың кепілі болғаны абзал. Міне дәл осы кезеңде жарқын болашаққа алғашқы қадамдар жасалуда.

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандық жастардың дамуына бағытталған  инвестицияларға баса назар аударады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының алғашқы жылдарында дарынды балаларды үздік шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту тым шығынды жоба болғаны есімізде, алайда көрегендік шешіммен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы өмірге жолдама алды. Жастар- біздің болашағымыз, деп ерекше атап көрсетті Президент жақындағы жолдауында. Ал «НұрлыЖол» -  бұл біздің шығармашылықты жастарымыз үшін келешекке апаратын жаңа даңғыл магистраль.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru